Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
2026 жылғы 30 наурыздағы № 73 қаулысымен бекітілген Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысы;
Тармақша 2
2) аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
Тармақша 4
4) мейіргер;
Тармақша 5
5) логопед;
Тармақша 6
6) психолог;
Тармақша 7
7) әдіскер;
Тармақша 8
8) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);
Тармақша 9
9) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
Тармақша 10
10) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 11
11) емдік денешынықтыру жөніндегі маман;
Тармақша 12
12) музыкалық жетекші;
Тармақша 13
13) тәрбиеші.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана басшысы (меңгерушісі);
Тармақша 4
4) аккомпаниатор;
Тармақша 5
5) аккомпаниатор-концертмейстр;
Тармақша 6
6) архив ісі;
Тармақша 7
7) барлық атаудағы әртістері;
Тармақша 8
8) библиограф;
Тармақша 9
9) кітапханашы;
Тармақша 10
10) дирижер;
Тармақша 11
11) дыбыс режиссері;
Тармақша 12
12) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 13
13) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 14
14) музыкалық жетекші;
Тармақша 15
15) продюсер;
Тармақша 16
16) редактор (негізгі қызметтер);
Тармақша 17
17) режиссер;
Тармақша 18
18) қоюшы режиссер;
Тармақша 19
19) вокал бойынша үйретуші;
Тармақша 20
20) хореограф;
Тармақша 21
21) хормейстер;
Тармақша 22
22) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).