О присвоении наименований улицам города Шардара Қолданыста
Басқа 0
Шардара қаласының көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Шардара қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып және республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы негізінде, Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шардара қаласының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) №2 көшеге – Асанбай Асқаров көшесі;
Тармақша 2
2) №3 көшеге – Аққұм көшесі;
Тармақша 3
3) №5 көшеге – Мәшһүр Жүсіп көшесі;
Тармақша 4
4) №6 көшеге – Мұстафа Өзтүрік көшесі;
Тармақша 5
5) №9 көшеге – Сырдария көшесі;
Тармақша 6
6) №16 көшеге – Әбілқасым Жұматаев көшесі.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Шардара ауданы әкімдігінің қаулысы және Шардара аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.