О ратификации Соглашения о создании Механизма гражданской защиты Организации тюркских государств Қолданыста
Басқа 0
Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы
2024 жылғы 6 қарашада Бішкекте жасалған Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісім ратификациялансын.
Басқа 1. ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ТЕТІГІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ТЕТІГІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Әзербайжан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті, Түркия Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" және жеке "Тарап" деп аталады),
2021 жылғы 12 қарашада Ыстанбұлда қабылданған Түркі мемлекеттері ұйымының (бұдан әрі - ТМҰ) сегізінші саммитінің декларациясын және 2023 жылғы 16 наурызда Анкарада қабылданған ТМҰ Азаматтық қорғау тетігін құру туралы ТМҰ Мемлекеттері басшылары кеңесінің шешімін назарға ала отырып,
апаттар мен төтенше жағдайлар кезіндегі халықаралық ынтымақтастықтың айрықша маңыздылығын атап өтіп,
Тараптардың ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен оның байқаушы мемлекеттерінің, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағында орын алуы ықтимал апаттар жағдайында шұғыл қолдауды жылдам көрсетуге және үйлестіру міндеттерін орындауға және ден қоюға, өмір мен мүлікті құтқаруға, медициналық көмекке, шұғыл байланысқа, мониторинг пен талдауға, пана беруге, табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сондай-ақ апаттардың алдын алу мен оларға әзірлікті қамтамасыз етуге, ден қою бойынша білім мен тәжірибе беруге ұмтылысын назарға ала отырып,
түркі мемлекеттері мен олардың халықтары арасындағы олардың тарихи байланыстары, ортақ тілі, мәдениеті мен дәстүрлері негізінде кеңейіп келе жатқан ынтымақтастықтың пен ниеттестіктің нығаюын баса атап өтіп,
мыналар туралы уағдаласты:
Бап 1. 1-бап
Азаматтық қорғау тетігінің мақсаты, функциялары және қолданылу аясы
1-бап
Азаматтық қорғау тетігінің мақсаты, функциялары және қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы арқылы Тараптар Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін (бұдан әрі - ТМҰАҚТ) құқықтық субъектілікке ие халықаралық ұйым нысанында құрады.
Тармақ 2
2. ТМҰАҚТ-ның мақсаты мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттердің, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің аумақтарында туындауы мүмкін дүлей зілзала мен төтенше жағдайларға ден қоюдың бірлескен тетігін құруға сайып келеді.
Қолдау көрсету апат немесе төтенше жағдай кезінде зардап шеккен мемлекеттің өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Апат немесе төтенше жағдай болған әрбір жағдайда қолдау көрсету жөніндегі қызметке ТМҰАҚТ-ны тарту ерікті негізде жүзеге асырылады.
Басқа мемлекеттерге қолдау көрсету туралы шешім әр жағдайда консенсус негізінде қабылданады.
Тармақ 3
3. ТМҰАҚТ-ның негізгі функциялары:
- апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде ден қою, өмір мен мүлікті құтқару, медициналық көмек, шұғыл байланыс, мониторинг және талдау, пана беру, гуманитарлық көмек, сондай-ақ апаттардың алдын алу және оларға әзірлікті қамтамасыз ету, ден қою бойынша білім мен тәжірибе алмасу;
- төтенше жағдайларды басқару саласында жұмыс істейтін барлық деңгейдегі персоналдың кәсіптік құзыреттілігін арттыру мақсатында кәсіптік даярлаудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу және өндірістен қол үзбей оқытудың теориялық және практикалық бағдарламаларын ұйымдастыру;
- өңірлік апаттар мен төтенше жағдайларға ден қоюдың бірлескен әдістерін тұжырымдау үшін тренингтер, оқу-жаттығулар мен әкімшілік-техникалық сапарлар ұйымдастыру.
Тармақ 4
4. ТМҰАҚТ шеңберінде Тараптар бірін-бірі және ТМҰ Хатшылығын осы Келісімге байланысты барлық іс-шаралар туралы хабардар етеді.
Бап 2. 2-бап
Құзыретті органдар
2-бап
Құзыретті органдар
Тармақ 1
1. Мемлекеттердің осы Келісімді орындауға жауапты құзыретті органдары мыналар болып табылады:
Әзербайжан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Қырғыз Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Түркия Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Өзбекстан Республикасы
Төтенше жағдаилар министрлігі.
Тармақ 2
2. Әрбір Тарап ТМҰАҚТ-мен байланысу және өзара іс-қимыл жасау үшін үйлестірушіні тағайындайды және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің өткенін растайтын жазбаша хабарлама ұсынған кезде депозитарийді өзінің үйлестірушісі туралы оның байланыс деректерін көрсете отырып хабардар етеді, ал депозитарий бұл туралы барлық Тараптарға және ТМҰАҚТ Хатшылығына хабарлайды.
Тармақ 3
3. Құзыретті органға немесе үйлестірушіге қатысты кез келген өзгерістер болған жағдайда тиісті Тарап депозитарийді дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді, ол бұл туралы барлық Тараптарға және ТМҰАҚТ Хатшылығына хабарлайды.
Бап 3. 3-бап
Әкімшілік құрылым
3-бап
Әкімшілік құрылым
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін ТМҰАҚТ-ның мынадай әкімшілік бірлігі құрылады:
- апаттар мен төтенше жағдайларды басқаруға жауапты Министрлер кеңесі;
- ТМҰАҚТ Хатшылығы.
Тармақ 2
2. ТМҰАҚТ Хатшылығының жұмыс істеу тәртібі мен қағидаттары Министрлер кеңесі қабылдайтын қағидаларда айқындалады.
Бап 4. 4-бап
Министрлер кеңесі
4-бап
Министрлер кеңесі
Тармақ 1
1. ТМҰАҚТ-ның жоғары басқару органы болып табылатын Министрлер кеңесі Тараптардың дүлей зілзалаларды басқаруға жауапты министрлерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Министрлер кеңесі өз қызметін министрлердің жылына бір реттен сиретпей өткізілетін тұрақты кездесулері арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. ТМҰ-да төрағалық ететін Тараптың министрі Министрлер кеңесін басқарады.
Тармақ 4
4. Министрлер ТМҰАҚТ-ның жұмыс істеуі және оны басқару мәселелері бойынша шешімдерді консенсус негізінде қабылдайды.
Тармақ 5
5. Министрлер кеңесі:
- ТМҰАҚТ-ның жұмыс істеуі және оны басқару мәселелері бойынша басқаруға, қадағалауға және шешім қабылдауға;
- тетіктің жұмысы туралы жыл сайынғы әкімшілік және қаржылық есептерді бекітуге;
- Тараптардың міндетті жарналары бойынша консультациялар өткізуге;
- ТМҰАҚТ Хатшылығы дайындаған төтенше жағдайларға ден қоюдың бірлескен стратегиясы туралы құжат пен төтенше жағдайларға ден қоюдың бірлескен жоспарын қоса алғанда, ТМҰАҚТ шеңберінде негізгі құжаттарды қабылдауға;
- ТМҰАҚТ мақсаттары мен функцияларын орындауға қатысты кез келген басқа мәселе бойынша шешімді қарастыруға және қабылдауға тиіс.
Бап 5. 5-бап
Азаматтық қорғау тетігінің хатшылығы
5-бап
Азаматтық қорғау тетігінің хатшылығы
Тармақ 1
1. ТМҰАҚТ Хатшылығы тұрақты жұмыс істейтін атқарушы орган бола отырып, ТМҰАҚТ мақсаттары мен міндеттерін орындауға жәрдемдеседі, сондай-ақ жұмысы мен қызметін жүзеге асырады және үйлестіреді.
Тармақ 2
2. ТМҰАҚТ Хатшылығын бас хатшы басқарады, оны Министрлер кеңесі Тараптардың ағылшын тіліндегі ресми атауларының әліпбилік ретіне сәйкес ротациялық негізде тағайындайды.
Тармақ 3
3. Бас хатшының өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Мерзім ең көп дегенде екі жылға ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. ТМҰАҚТ Хатшылығының штаб-пәтері Ыстанбұлда (Түркия Республикасы) орналасады. Түркия Республикасы орынжай ұсынады және ТМҰАҚТ Хатшылығын құруға қолдау көрсетеді.
Аумағында ТМҰАҚТ Хатшылығының штаб-пәтері орналасқан Тарап ТМҰАҚТ Хатшылығымен Хатшылықтың болу шарттары туралы келісім жасасады, онды тиісті ережелер, шарттар, персоналдың мәртебесі, артықшылтар мен жеңілдіктер көрсетіледі.
Бап 6. 6-бап
Қаржыландыру
6-бап
Қаржыландыру
Тармақ 1
1. ТМҰАҚТ-ның өз бюджеті бар, ол Тараптар төлейтін жыл сайынғы міндетті төлемдерден тұрады, ТМҰАҚТ бюджетінде ерікті жарналар болуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Тараптар ТМҰАҚТ бюджетін қалыптастыру және атқару туралы жеке халықаралық шарт жасасады.
Тармақ 3
3. ТМҰАҚТ бюджетін қалыптастыру және атқару туралы халықаралық шарт күшіне енгенге дейін әрбір Тарап үшін жыл сайынғы символдық міндетті төлем 50000 АҚШ долларын құрайды.
Тармақ 4
4. Жыл сайынғы міндетті төлемдердің жалпы сомасынан асатын шығыстарды осы Келісім күшіне енген күннен бастап екі жыл бойы Түркия Республикасы жабады.
Бап 7. 7-бап
Келіспеушіліктерді реттеу
7-бап
Келіспеушіліктерді реттеу
Осы Келісімді түсіндіруге немесе орындауға байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер мен консультациялар жүргізу арқылы шешілетін болады.
Бап 8. 8-бап
Қорытынды ережелер
8-бап
Қорытынды ережелер
Тармақ 1
1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің аяқталғанын растайтын соңғы жазбаша хабарламасын депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Күшіне енгеннен кейін осы Келісім ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен оның байқаушы мемлекеттерінің қосылуы үшін ашық болады. Басқа мемлекеттер осы Келісімге барлық Тараптардың келісімімен қосыла алады. Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің аяқталғанын растайтын жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы Келісімнің депозитарийі Түркия Республикасының Үкіметі болып табылады.
Тармақ 4
4. Осы Келісімге Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша кез келген уақытта өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалар түрінде ресімделеді.
Тармақ 5
5. Кез келген Тарап депозитарийге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып осы Келісімнен кез келген уақытта шыға алады. Мұндай Тарап үшін осы Келісімнің қолданылуы депозитарий хабарлама алған күннен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Бішкек қаласында 2024 жылғы 6 қарашада әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрік, өзбек және ағылшын тілдерінде жалғыз данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы. Түсіндіруде алшақтық болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басшылыққа алынады. Осы Келісімнің төлнұсқа данасы депозитарийде сақталады, ол әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті үшін
Түркия Республикасының Үкіметі үшін
Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін