Об утверждении Правил возмещения вреда (ущерба), причиненного пострадавшим, вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера Қолданыста
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 81-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидалары (бұдан әрі -Қағидалар) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрліктерінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 6-тармағын қоспағанда, ресми жариялануға тиіс.
Қағидалардың 6-тармағы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Материалдық нұқсан келген зардап шеккендер төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырып не «электрондық үкімет» веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық түрде материалдық нұқсанды өтеу туралы өтініш береді.».
Басқа 1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап
шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 143 бұйрығына
қосымша
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап
шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 81-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан жеке тұлғаның мүлкіне келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстарға, шаруашылық-тұрмыстық және өзге құрылыстарға, сондай-ақ заңсыз салынған объектілерге, бағалы киімге, сән-салтанат заттарына не қымбат бағалы металдардан жасалған, көркемдік құндылығы бар заттарға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылған, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен сақтандырушының қаражаты есебінен өтелетін мүлікке қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан
зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу тәртібі
2-тарау. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан
зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу тәртібі
Тармақ 3
3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаты есебінен және (немесе) ұйымдардың қаражаты, азаматтардың, қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті мынадай мүлік өтеледі:
Тармақша 1
1) тұрғынжай (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй);
Тармақша 2
2) тағамды сақтауға және дайындауға арналған заттар – тоңазытқыш, газ плитасы (электр плитасы) және ыдыс-аяқ шкафы;
Тармақша 3
3) тамақтануға арналған жиһаз заттары – үстел мен орындық;
Тармақша 4
4) ұйықтауға арналған жиһаз заттары – кереует (диван);
Тармақша 5
5) азаматтарға хабар беру құралдарының заттары – теледидар (радио);
Тармақша 6
6) киім күтіміне арналған заттар – кір жуғыш машина;
Тармақша 7
7) сумен жабдықтау және жылу беру құралдарының заттары (орталықтандырылған сумен жабдықтау және жылу беру болмаған жағдайда) – су беруге арналған сорғы, су жылытқыш және жылыту қазандығы (тасымалды пеш);
Тармақша 8
8) тұрғын үйлердің, пәтерлердің, жатақханадағы бөлмелердің, модульдік (жылжымалы) тұрғын үйлердің жылу бөлетін құрылғыларына арналған тұрмыстық отын қоры;
Тармақша 9
9) мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруын қамтамасыз ететін арнайы құрал – кресло-арба.
Осы тармақтың 2) – 9) тармақшаларына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу келтірілген залал мөлшерінің бағалануына сәйкес жүзеге асырылады, бірақ 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген зиянды (нұқсанды) өтеу үшін жергілікті атқарушы орган зардап шеккендерге келтірілген материалдық нұқсанды бағалау және өтеу жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссия туралы ережені жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Тармақ 6
6. Материалдық нұқсан келген зардап шеккендер төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырып не «цифрлық үкімет» веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық түрде материалдық нұқсанды өтеу туралы өтініш береді.
Тармақ 7
7. Зардап шекеннің келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу туралы өтінішімен жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда оның туыстары немесе өзге адамдар, сондай-ақ егер зардап шеккен адам кәмелеттік жасқа толмаған болса, оның заңды өкілдері сенімхат негізінде жүгіне алады.
Тармақ 8
8. Келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу туралы өтінішке:
Тармақша 1
1) зардап шеккен адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан немесе төтенше жағдайды жою кезеңінде осындай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайларда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәлік) не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған электрондық нысанда;
Тармақша 2
2) табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезден бастап немесе төтенше жағдайды жою кезеңінде зардап шеккен адамның жойылған және/немесе бүлінген мүлкінің тізбесі қоса беріледі.
Тармақ 9
9. Өтініштер мен құжаттарды тіркеуді жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша материалдық зиянды (нұқсанды) өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында зардап шеккен адамға құжаттарды қабылдағанын растайтын қолхатты бере отырып жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Материалдық нұқсанды өтеу туралы өтініш осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар жергілікті атқарушы органға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Тармақ 11
11. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайға ішінара зақым келген жағдайда жергілікті атқарушы орган техникалық тексеру және сметалық құжаттама негізінде оны қалпына келтіру тетіктерінің бірін мыналар::
Тармақша 1
1) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды тарту;
Тармақша 2
2) жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтарға шығыстарды төлеу арқылы айқындайды.
Тармақ 12
12. Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бағалаушының келтірілген зиянның (нұқсанды) мөлшерін бағалауын ұйымдастырады. Бұл ретте бағалау жүргізуді ұйымдастыруға байланысты шығыстар жергілікті атқарушы органға жүктеледі.
Тармақ 13
13. Мүлікке келтірілген зиянның (нұқсанның) мөлшерін анықтау сенімхат негізінде әрекет ететін жәбірленушінің, оның өкілінің не заңды өкілінің (егер жәбірленуші кәмелетке толмаған болса), сондай-ақ бағалаушының қатысуымен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Келтірілген нұқсанның мөлшерін бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) зардап шеккен адамның бағалаушыны таңдауы;
Тармақша 2
2) зардап шеккен адаммен келісім бойынша бағалауды жүргізу уақыты мен орнын анықтау;
Тармақша 3
3) бүлінген мүлікті бағалауды өткізу;
Тармақша 4
4) зардап шеккен адамды бағалау туралы есеппен таныстыру.
Тармақ 15
15. Зиянды (нұқсанды) өтеу мөлшері жоғалған немесе зақымдалған мүліктің тозуын ескере отырып, зиянды (нұқсанды) өтеу кезінде осы жердегі қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша бүлінген мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) үшін қажетті шығыстарды және/немесе мүліктің зақымдануы салдарынан оның арзандау мөлшерін не жоғалған мүліктің құнын негізге ала отырып айқындалады. Бүлінген мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығыстары оны қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар сметасымен немесе калькуляциясымен расталады.
Тармақ 16
16. Егер мүлікті қалпына келтіру техникалық тұрғыдан мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негізсіз болса, ол жойылды деп саналады. Мүлікті қалпына келтіру, егер бұл ретте мүлікті қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар оның нұқсан келтіру басталған күнгі нарықтың құнының сексен пайызынан асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негізсіз деп саналады.
Тармақ 17
17. Қаражат бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін жергілікті атқарушы орган 5 жұмыс күні ішінде тұрғын үй иесімен жөндеу жұмыстарын мердігер ұйымның жүзеге асыруына немесе жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асыру үшін қаражат төлеуге келісім жасасады.
Жөндеу жұмыстары өз бетінше жүзеге асырылатын болса, келісімде төлем алған тұрғынжай иесінің төлем күнінен бастап алты ай ішінде қалпына келтіру жұмыстарының орындалғаны туралы фотобекітіммен есеп беруі туралы ақпарат қамтылады.
Тиісті есеп ұсынылмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган бөлінген қаражатты қайтаруға мәжбүрлеу туралы сот органдарына жүгінуге құқылы.
Тармақ 18
18. Комиссия қорытынды шығарғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органымен келісілген қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.
Зардап шеккендерге төлем тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Азаматтар жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асырған кезде қаражат екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар өзге ұйымдарда ашылған азаматтардың дербес немесе карта – шотына аударылады.
Тармақ 20
20. Келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеген соң келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында өтелген зиянның (нұқсанның) күнін, мөлшерін және төлем құжатының нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба жазылады.
Тармақ 21
21. Даулар туындаған жағдайда зиянды (нұқсанды) өтеу мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
Басқа 1.1. Материалдық зиянды (нұқсанды) өтеу туралы өтініш
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
салдарынан зардап шеккендерге
келтірілген зиянды (нұқсанды)
өтеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге ________________________
(материалдық нұқсанды бағалау
және өтеу жөніндегі комиссия
төрағасының Т.А.Ә.) (болған кезде)
____________________________________
мекенжайында тұратын
____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.) (болған кезде)
тел.________________________________
Материалдық зиянды (нұқсанды) өтеу туралы өтініш
Сізден ________________________________________________________
(оқиғаның сипаты көрсетіледі)
____________________________________________________________________
байланысты маған материалдық зиянды (нұқсанды) өтеуді сұраймын.
Материалдық зиянды (нұқсанды) мына мекенжай бойынша
____________________________________________________________________
(облысы, ауданы, қаласы, тұрғылықты мекенжайы)
өтеуіңізді сұраймын.
Банк мекемесінің № _________________________________________________
Филиал № _________________________________________________________
(Т.А.Ә. болған кезде)
атына жеке есепшоты немесе карта – шоты _______________________________
алушының ЖСН №____________________________________________________
өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. _____________________________________________________________
2. _____________________________________________________________
3. _____________________________________________________________
4. _____________________________________________________________
5. _____________________________________________________________
20 _____ж. «______»____________ Өтініш беруші________________
(жылы) (күні) (айы) (Т.А.Ә. қолы) (болған кезде)
Басқа 1.2. Материалдық зиянды (нұқсанды) өтеу туралы
өтініштерді тіркеу журналы
Табиғи сипаттағы төтенше
жағдайлар салдарынан
зардап шеккендерге
келтірілген зиянды (нұқсанды)
өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Материалдық зиянды (нұқсанды) өтеу туралы
өтініштерді тіркеу журналы
Р/с
№
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккеннің Т.А.Ә. (болған кезде)
Келіп түскен күні, кіріс №
Тұратын мекенжайы
Зиянды (нұқсанды) өтеу себебі (төтенше жағдайдың болған орнының, уақыты мен түрінің қысқаша сипаттамасы)
Материалдық зиянның (нұқсанның) мөлшері
Берілген материалдық көмек бойынша төлем тапсырмасының № және күні (тіркеушінің қолы)
1
2
3
4
5
6
7