О создании коммунального государственного учреждения «Управление по защите прав детей Мангистауской области» Қолданыста
Басқа 0
«Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 164-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қоса беріліп отырған «Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың Тізіліміне тиісті толықтыру енгізсін.
Тармақ 4
4.«Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. «Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___»_________
№___ қаулысына қосымша
«Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) қоғамда адамгершілік басымдықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру, Маңғыстау облысының аумағында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестірудің тиімді жүйесін құру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрілер және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, №1-ғимарат.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен басқаруға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын іске асыру;
Тармақша 2
2) бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу;
Тармақша 4
4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзушылықтар болған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз функцияларын жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде сұрау салулар жіберу және мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды алу;
тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерін қабылдау және қарау;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімінің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңында көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Атқарылатын функциялары келесіге бөлінеді:
Стратегиялық функциялары:
Тармақ 1
1. бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақ 2
2. отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді үйлестіру;
Тармақ 3
3. білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының бала асырап алу, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
Тармақ 4
4. жыныстық тәрбие және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақ 5
5. жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру және үйлестіру;
Реттеуші функциялары:
Тармақ 1
1. мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
Тармақ 2
2. балалардың құқықтарын қорғау бойынша білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақ 3
3. үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақ 4
4. балалар еңбегі, балаларды сату, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша білім бөлімдерінің қызметін үйлестіру және мониторингілеу;
Тармақ 5
5. қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін және өзара іс-қимылын үйлестіру;
Тармақ 6
6. адам және бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен, Балалар құқықтарын қорғау комитетімен, ҮЕҰ-мен және аумақтық органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақ 7
7. зорлық-зомбылық пен бейбітшіліктің алдын алу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
Тармақ 8
8. зорлық-зомбылыққа, буллингке, кибербуллингке ұшыраған балаларға көмек көрсету;
Тармақ 9
9. психологтар мен әлеуметтік педагогтардың қызметін үйлестіру, олардың біліктілігін арттыру;
Тармақ 10
10. балалар жарақаттануының қауіпсіздігі мен алдын алу жөніндегі жұмысты үйлестіру
Іске асыру функциялары:
1. жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету;
2. кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін және қиын өмірлік жағдайда балаларға арналған жағдайларды қамтамасыз ету.
Бақылау функциялары:
Тармақ 1
1. кәмелетке толмағандарды өмірлік қиын жағдайда бақылау, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру;
Тармақ 2
2. әлеуметтік осал балалардың жағдайын бақылау және мониторинг, қолдау шараларын үйлестіру, ведомствоаралық өзара іс-қимыл;
Тармақ 3
3. дағдарыста балаларға шұғыл психологиялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру;
Тармақ 4
4. психологтар мен әлеуметтік педагогтардың қызметін жүйелі талдау;
Тармақ 5
5. ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың басшыларын тағайындау және босату;
Тармақ 6
6. ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақ 7
7. заңнамада көзделген өзге де функциялар.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
Тармақ 16
16. Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы Басқармаға басшылықты жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
Тармақша 2
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшылары мен орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 4
4) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 6
6) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 7
7) келісімшарттар жасасады;
Тармақша 8
8)сенімхаттар береді;
Тармақша 9
9)банктік шоттар ашады;
Тармақша 10
10)өз уәкілеттігі шегінде Басқарманың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің бірінші басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 11
11) Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 12
12) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
Тармақша 13
13) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
Тармақша 14
14) Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады;
Тармақ 19
19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.