О порядке расчетов за драгоценные металлы в Республике Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында қымбат металдар үшiн есеп айырысу тәртiбi туралы Ескерту Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.11.20. N 1580 қаулысымен. Көлiк жалдау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шығындарын өтеу, дүниежүзiлiк рынокқа металдарды сақтап және күзетiп жеткiзу кезiнде шетелдiк фирмалардың қымбат металдар құймасын "Лондондық сапалы жеткiзiп беру" талабы деңгейiне дейiн жеткiзген қызметтер төлемiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қазына қоймасына /Гохран/ өткiзiлетiн және кен шикiзатынан алынғандарын, сондай-ақ қайталама ресурстардан алынатын тауарлық қымбат металдар құнын төлеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiленген теңгенiң АҚШ долларына шаққанда бағам бойынша есептелiнiп, қымбат металдар лондондық рынок ассоциациясы белгiлеген таңертеңгi фиксингтен /деңгейден/ тапсыру күнiне есептелiп, төмендегiдей бағамен: алтын, платина және платина тобындағы металдар бойынша 7 процент мөлшерiнде; күмiс бойынша - 12 процент мөлшерiнде белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қымбат металдар үшiн Банктiң кiрiсi есебiнен төлем жасау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы алтын, күмiс және басқа қымбат металдар өткiзушiлер үшiн, сондай-ақ қымбат металдар кез-келген шикiзат түрiнде жеткiзiп беретiн немесе оны ұқсататын бiрлестiктер, кәсiпорындар мен мекемелер үшiн қолданылып жүрген iшкi есеп айырысудың бағасына түзетулер енгiзудi жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қазына қоймасынан тұтынушыларға берiлетiн қымбат металдар үшiн есеп айырысулар осы қаулының I-тармағындағы әдiс бойынша өткен күнгi таңертеңгi лондондық фиксинг бойынша есеп айырысу күнiне есептелiнген баға мен және қазына қоймасының қымбат металдар мемлекеттiк қорына қызмет көрсету мен оны ұстау жөнiндегi шығындарды бiр процентке ұлғайтып өтеу мақсатында теңгемен жүзеге асыру белгiленсiн. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шот жазылған күнi есеп айырысу күнi болып есептелсiн.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасында бағалы металдар үшiн есеп айырысудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 шiлдедегi N 590 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 26, 327-бап/ 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап күшi жойылған деп танылсын.