Об установлении порогового значения в отношении суммы покупки безналичной иностранной валюты на внутреннем валютном рынке Республики Казахстан, при достижении которого применяются требования по подтверждению целей покупки безналичной иностранной валюты за национальную валюту на внутреннем валютном рынке Республики Казахстан и порядок ее использования на заявленные цели Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасына қатысты шекті мəнге жеткен кезде Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар жəне оны мәлімделген мақсаттарға пайдалану тәртібі қолданылатын шекті мәнді белгілеу туралы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасына қатысты шекті мəнге жеткен кезде Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар жəне оны мәлімделген мақсаттарға пайдалану тәртібі қолданылатын шекті мән баламасында Америка Құрама Штаттарының елу мың долларынан асатын мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар және оны мәлімделген мақсаттарға пайдалану тәртібі «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.