Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста
Басқа 0
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «ХХI-Энергосервис» ЖШС Ақтөбе қаласы, Жиембет жырау көшесі, № 11 «В» учаске мекен жайында орналасқан жалпы көлемі 577,8 шаршы метр жер учаскесіне, жер пайдаланушыдан алып қоймай, қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж. Кабылов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жоба ұсынушы:
«Ақтөбе қаласының жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімі»
ММ басшысы Ж. Кабылов