Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тобыл қаласы Тәуелсіздік көшесіндегі № 64 тұрғын үйдің төбесінің құлауы салдарынан техногендік авариялық жағдайдың туындау қаупіне байланысты объектіде объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы болып Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.
Тармақ 4
4. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің тізіліміне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялануын және оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жолдануын;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.