Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума по Хромтаускому району Қолданыста
Басқа 0
Хромтау ауданы бойынша кондоминиум
объектісін басқаруға арналған шығыстардың
ең төмен мөлшерін бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, «Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына сәйкес, Хромтау аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері айына бір шаршы метр үшін 0,0122 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.