Об утверждении Требований к непрерывности работы информационно-коммуникационной инфраструктуры банков, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций Қолданыста
Басқа 0
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 9 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігіне қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақпараттық және киберқауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігіне қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының 202_ жылғы
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігіне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Осы Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігіне қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 9 және 10-тармақтарына сәйкес әзірленді және банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банк) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігіне қойылатын талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Талаптарда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық актив - сақтау және (немесе) өңдеу үшін пайдаланылатын ақпарат пен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің жиынтығы. Ақпараттық актив маңызды және маңызды емес болып бөлінеді және банк олардың құпиялылығын, тұтастығын, қолжетімділігін бұзу салдарынан болған шығындар деңгейі негізінде айқындайды;
Тармақша 2
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қол жеткізуді ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
Тармақша 3
3) негізгі орталық (бұдан әрі – негізгі орталық) – штаттық (күнделікті) режимде банктік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар мен қызмет көрсетуші қызметкерлердің жиынтығы;
Тармақша 4
4) резервтік орталық (бұдан әрі – резервтік орталық) – стандартты емес жағдайлар туындаған немесе негізгі орталықта жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілген кезде банктік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар мен қызмет көрсетуші қызметкерлердің жиынтығы;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган – Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 6
6) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық тасымалдағышта және ақпараттандыру объектілерінде қамтылатын электрондық-цифрлық нысандағы деректер.
Тармақ 3
3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында банктер ішкі құжаттарында қалыпқа келтіру жоспарын, оны қайта қарау және тестілеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 4
4. Қалыпқа келтіру жоспарын әзірлеу мынадай факторлар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) стандартты емес жағдайлардың түрлері мен сипаты, олардың банк қызметіне әсер ету дәрежесі;
Тармақша 2
2) ақпараттық активтерді қалпына келтірудің басымдығы көрсетілген маңызды ақпараттық активтердің тізбесі;
Тармақша 3
3) маңызды ақпараттық активтердің жұмысы тоқтаған кезде туындайтын залал және олардың жұмысын қалпына келтіруге кететін шығындар.
Тармақ 5
5. Маңызды ақпараттық активтерді көрсеткен кезде оларды қалпына келтіру мерзімдері айқындалады.
Тармақ 6
6. Банк негізгі орталыққа қарағанда өзге елді-мекенде (астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) орналасқан кемінде бір резервтік орталықтың болуын қамтамасыз етеді.
Банктің негізгі және резервтік орталықтары Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылады.
Тармақ 7
7. Банк әр орталықты (негізгі және резервтік) түрлі байланыс қызметтерін жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Қалыпқа келтіру жоспары мынадай шарттардан тұрады:
Тармақша 1
1) резервтік орталықтың болуы және орналасқан жері;
Тармақша 2
2) резервтік орталықта қалпына келтіру талап етілетін маңызды ақпараттық активтердің жұмысын қамтамасыз ететін бизнес-процестердің, маңызды ақпараттық активтердің, техникалық, бағдарламалық немесе басқа құралдардың тізбесі;
Тармақша 3
3) ақпараттық жүйенің резервтік орталығының жұмыс істеуін тестілеуді өткізу тәртібі, кезеңділігі және сценарийлері;
Тармақша 4
4) стандартты емес жағдайлардың салдарын жойғаннан кейін бұзылған маңызды ақпараттық активтерді қалпына келтіру тәртібі, стандартты емес режимде жұмысты аяқтау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар және осындай шешім қабылдау тәртібі, сондай-ақ штатты жұмыс істеу режиміне қайтару тәртібі.
Тармақ 9
9. Маңызды ақпараттық активтердің қызметін қалпына келтіру үшін резервтік орталықтың және резервтік байланыс арналары жұмысының дайындығын тексеру мақсатында банк жылына кемінде бір рет қалпына келтіру жоспарына сәйкес резервтік орталықтың және резервтік байланыс арналарының жұмысын тестілеуді (бұдан әрі – Жоспарды тестілеу) жүргізеді.
Тармақ 10
10. Жоспарды тестілеу банк әзірлеген және бекіткен бағдарлама бойынша жүргізіледі, ол стандартты емес жағдайдың туындау сценарийін, қалпына келтірілетін жұмыс процестерін және маңызды ақпараттық активтерді, қалпына келтіру командасының іс-қимылдарының, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орны бойынша талаптарды сипаттауды көздейді.
Тармақ 11
11. Жоспарды тестілеу қорытындысы бойынша банк мыналарды:
Тармақша 1
1) тестілеу жүргізілген маңызды ақпараттық активтердің тізбесін, сондай-ақ негізгі және резервтік орталықтардың орналасқан жерін;
Тармақша 2
2) маңызды ақпараттық активтердің жұмысын қалпына келтіруге жұмсалған уақытты;
Тармақша 3
3) анықталған осалдықтар мен оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, тестілеу нәтижелері туралы құжат (хаттама) дайындайды.
Тармақша 4
4) Банк тестілеу нәтижелері туралы мәліметтерді банктің уәкілетті органы тестілеу нәтижелері туралы құжатты бекіткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 12
12. Маңызды ақпараттық активтердің жұмысында іркіліс (тоқтап қалу) туындаған кезде банк негізгі орталықтың жұмысын қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Қалпына келтірудің ең аз рұқсат етілген мерзімі кезеңінде негізгі орталықтың жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігі болмаған кезде маңызды ақпараттық активтерді резервтік орталықтың жұмысына ауыстыру жүзеге асырылады.
Маңызды ақпараттық активтерді резервтік орталыққа ауыстыру бойынша уақыттың стандартты нормативі іркіліс (тоқтап қалу) туындаған сәттен бастап төрт сағаттан аспайды.
Тармақ 13
13. Клиенттердің қолжетімділігін қайта жандандыруды ұйымдастыру мақсатында банк қорғалған байланыс арналары бойынша уәкілетті органға негізгі, сол сияқты резервтік орталықтағы маңызды ақпараттық активтердің өзекті бірегей сандық идентификаторларының (IP-мекенжайларының) тізбесін ұсынады. Негізгі, сол сияқты резервтік орталықтағы маңызды ақпараттық активтердің бірегей сандық идентификаторлары (IP-мекенжайлары) өзгерген жағдайда, банк қорғалған байланыс арналары бойынша уәкілетті органды хабардар етеді.