Об утверждении Правил исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по займам и вкладам Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидалары
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 44 қаулысымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидалары Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 53-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің (ислам банктерін қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен салымдар бойынша (банкаралық қарыздар мен банкаралық салымдарды қоспағанда) анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу тәртібін белгілейді. Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады :
Тармақша 1
1) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - Қағидаларға сәйкес есептелетін банктің қызметтеріне қатысты анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесі (нақты құны).
Тармақша 2
2) қарыз – банктердің (ислам банктерін қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиентке банктік қарыз (банкаралық қарыздарды қоспағанда) беруі;
Тармақша 3
3) клиент - банктің қызметтерін пайдалануға ниет білдірген немесе пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) қызметтер – банктердің (ислам банктерін қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың: банктік салым (банкаралық салымдарды қоспағанда) шартына сәйкес депозиттер (салымдар) қабылдау жөніндегі операцияларды; банктік қарыз операцияларын (банкаралық қарыздарды қоспағанда) жүзеге асыруы;
Тармақша 5
5) салым - банктердің (ислам банктерін қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік салым шартына сәйкес клиенттен депозит (салым) қабылдауы;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
Тармақ 2
2. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі:
Тармақша 1
1) қарыздар және (немесе) салымдар бойынша сыйақы шамалары (мөлшері) туралы ақпаратты, оның ішінде жария ету, жарнама арқылы тарату кезінде;
Тармақша 2
2) клиентке қызметтер көрсетілетін шартта (бұдан әрі - шарт);
Тармақша 3
3) интернет-ресурста клиенттің жеке кабинетінде, банктердің (ислам банктерін қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банк) электрондық банк қызметтерін көрсеткен кезде банктердің мобильді қосымшасында қаріптері сыйақының басқа мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі (курсив, жартылай қарайтылған, түспен бояп көрсету) нысанда цифрмен көрсетеледі.
Тармақ 3
3. Шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бір сөйлемде көрсетіледі. Егер жалпы талаптар қызметтер көрсету туралы шартта кесте түрінде көрсетілсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі басқа мөлшерлемелер көрсетілгеннен кейін келесі жеке жолда (бағанда) көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Жеке тұлғаларға қарыздар беру кезінде қызметке байланысты барлық төлемдерді ескере отырып, клиенттердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуіне және оның қорытынды мәнін көрсетуге арналған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін автоматтандырылған есептеу құралын (калькуляторын) орналастыру қамтамасыз етіледі.
Тармақ 5
5. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу:
Тармақша 1
1) шарт жасасу күніне;
Тармақша 2
2) клиенттің ауызша немесе жазбаша талабы бойынша;
Тармақша 3
3) клиенттің және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды орындау мерзімдерін өзгертуге әкеп соғатын шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда;
Тармақша 4
4) клиент қарызға қызмет көрсету кезеңінде «Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 218 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19702 болып тіркелген) бекітілген Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 2-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген және шарт жасасу күніне жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне енгізілмеген жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Клиентке шартта көзделген тәртіппен жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінің өзгергені туралы хабардар етіледі.
Тармақ 7
7. Банктер туралы заңда және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруін қоса алғанда, клиенттің ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соғатын банктік қарыз шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, берілген қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін банктер қарыз шарттары өзгерген күнге кредит берудің қалған мерзімінің негізгі борышының қалдығы, клиент төлеуге тиіс комиссиялар негізінде есептейді және банктік қарыз шартына қосымша келісімде көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Клиенттің талап етуі бойынша қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің нақтыланған мәнін есептеуді банктер клиенттің таңдауы бойынша банктік қарыз шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін шарттың қолданылу мерзімі басталғаннан бастап клиент жүргізген барлық төлемді ескере отырып не кредиттеудің қалған мерзімі мен негізгі борыштың қалдығы негізінде жүргізеді және оған банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен жазбаша нысанда жеткізіледі.
Тармақ 9
9. Шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде Қағидалардың 5-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуді шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға жүргізеді.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну, тарату, ашу, жарнамалау кезінде, оның ішінде клиентке ауызша кеңес беру, бұқаралық ақпарат құралдарын, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, интернет-ресурстарды пайдалану кезінде клиенттерге кез келген нысанда және кез келген тәсілмен жеткізілетін көрсетілетін қызметтер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпарат жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Тарау 2. 2-тарау. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу
2-тарау. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу
Тармақ 11
11. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формуламен есептеледі: мұнда: D - бірінші қарыз сомасы; k - клиенттің банкке бірінші қарызды алған күнгі жағдай бойынша қарыз алуға байланысты төлемдерінің жалпы сомасы; n - клиентке соңғы төлемнің реттік нөмірі; j - бірінші қарызды алған күннен кейін клиентке төленген төлемнің реттік нөмірі; Sj - клиентке j-ші төлемнің сомасы, оның ішінде кезекті қарыздар; APR - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі; tj - бірінші қарыз берілген күннен бастап клиентке j-ші төлем жасалған сәтке дейінгі уақыт кезеңі (күндермен); m - клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі; і - клиент төлемінің реттік нөмірі; Pi - Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес төлемдерді қоса алғанда, бірінші қарыз алынған күннен кейін клиенттің і-ші төлемінің сомасы; ti - бірінші қарыз берілген күннен бастап клиенттің і-ші төлем сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен).
Тармақ 12
12. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне клиенттің негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көрсетілген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер қосылады.
Тармақ 13
13. Клиент-заңды тұлғаға берілетін қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне банктік қарыз шартында көзделген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, банктік қарыз шартын жасасу күніне белгілі төлем мөлшері мен мерзімдері, сондай-ақ клиенттердің үшінші тұлғалардың пайдасына мынадай төлемдері қосылады:
Тармақша 1
1) клиенттің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пайдасына, оның ішінде қарыз беру кезінде ерікті сақтандыру шарттары шеңберінде жүзеге асырылатын, жасалуы қарыз беру (өзгерту) талаптарына әсер ететін не кепіл берушінің пайдалануындағы және клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл нысанасын сақтандыру шарттарын қоса алғанда, қарыз шарттарынан туындайтын қарыз сомасы есебінен төленетін төлемдері;
Тармақша 2
2) кепілдікті (кепілгерлікті) алғаны үшін клиенттің кепілге (кепілгерге), кепілге берілетін мүлікті бағалағаны үшін бағалаушыға төлемдері;
Тармақша 3
3) клиенттерді тарту, клиенттер ұсынатын құжаттардың қарыз беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру, банк клиенттерінен қарыздарды өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша банкке қызметтер көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына клиенттің төлемдері;
Тармақша 4
4) қарыз алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты және осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен байланысты емес банктік шот шарттары және (немесе) банктік қызмет көрсету шарттары шеңберінде банктің және (немесе) өзге де ұйымдардың пайдасына клиенттің комиссиялары мен төлемдері. Егер қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің кредиттеудің бүкіл мерзіміне мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса, қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтеріне қарай кредиттеудің бүкіл мерзіміндегі төлемдер енгізіледі. Банктік қарыз шартында көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, өндіріп алу фактісі банктік қарыз шартын жасасу күні белгісіз төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда ескеріледі.
Тармақ 14
14. Жеке тұлғаға берілетін қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне банктік қарыз шартында көзделген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, банктік қарыз шартын жасасу күніне белгілі төлем мөлшері мен мерзімдері енгізіледі. Егер қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде кредиттеудің бүкіл мерзіміне Тізбенің 2-тармағының 5), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың пайдасына төлемдердің мөлшерін айқындау мүмкіндігі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалар белгілеген және олармен шарттар жасасу күніне айқындалған тарифтерді негізге ала отырып, кредиттеудің бүкіл мерзімі үшін төлемдер енгізіледі. Банктік қарыз шартында көзделген, Тізбенің 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 7-1) және 8) тармақшаларында көрсетілген, банктік қарыз шартын жасау күнінде өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар мен өзге де төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда немесе олар банктік қарызға қызмет көрсету кезеңінде енгізілген кезде ескеріледі.
Тармақ 15
15. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне:
Тармақша 1
1) Қағидалардың 13-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және Тізбенің 2-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген төлемдерді қоспағанда, клиенттің үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдері;
Тармақша 2
2) клиенттің айыпақыны және айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін қоса алғанда, оның банктік қарыз шартының талаптарын сақтамауына байланысты, оның ішінде клиентке белгіленген овердрафт лимитінен асып кеткені үшін төлемдер енгізілмейді.
Тармақ 16
16. Кредит карточкасын пайдалана отырып берілген қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген төлемдер мен комиссиялардан өзге:
Тармақша 1
1) шот валютасынан (берілген қарыз валютасынан) ерекшеленетін валютадағы операцияларды жүзеге асыру үшін комиссия;
Тармақша 2
2) кредит карточкасын шығару және оған қызмет көрсету үшін, оның ішінде кредит карточкасы бойынша операцияларды тоқтата тұру (қайта бастау) үшін комиссия;
Тармақша 3
3) банкоматтарды пайдалана отырып, қолма-қол ақшамен қарыз сомасын алу үшін комиссия да кіргізілмейді.
Тармақ 17
17. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі негізгі көрсеткіштерге (инфляция деңгейі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі, SOFR мөлшерлемесі, шетел валютасының бағамы және басқалар) тәуелді болған жағдайда банк жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу күніндегі негізгі көрсеткіштің мәнін пайдаланады.
Тармақ 18
18. Кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім жасасу арқылы кредиттік желі беру кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде және оларда белгіленген талаптарға қарай осы келісімгің шеңберінде жасалған әрбір шартта көрсетіледі. Кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу үшін қажетті мәндер болмаған жағдайда және оны Қағидалардың 16-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып есептеу мүмкіндігі болмаған кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредиттік желі ашу туралы келісімде көрсетілмейді және оны жасауға байланысты комиссиялар келісім шеңберінде жасалған бірінші банктік қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне енгізіледі.
Тармақ 19
19. Қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде мынадай талаптар ескеріледі:
Тармақша 1
1) егер кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында клиенттің шешіміне қарай мөлшерде және мерзімдерде оның қарыз алу құқығы көзделсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі кредиттік желі ашу туралы келісімді немесе банктік қарыз шартын жасасу сәтінде кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында көзделген ең жоғары ықтимал сомаға қарыз берілгеніне қарай есептеледі;
Тармақша 2
2) егер кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында талаптарына қарай түрлі сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар көзделсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуде ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі мен комиссиялар пайдаланылады;
Тармақша 3
3) егер кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында басқа нұсқамалар болмаған кезде қарызды өтеудің бірнеше ықтимал күні ескертілген болса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарыздың көрсетілген мерзімдердің ең ерте мерзімінде өтелетініне қарай есептеледі;
Тармақша 4
4) егер қарызды өтеу кестесі болмаса және кредиттік желі ашу туралы келісімнің немесе банктік қарыз шартының талаптарында қарыз мерзімі, өтемдер күндері мен сомалары анықталмаса, кредиттік желі ашу туралы келісімде немесе банктік қарыз шартында ең аз ай сайынғы (тұрақты) төлем көзделген жағдайларды қоспағанда, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарызды он екі біркелкі төлемдермен өтеу арқылы (борыштың негізгі сомасын қайтару, қарыз бойынша сыйақы төлеу және кредиттік желі ашу туралы келісімнің немесе банктік қарыз шартының талаптарында айқындалған өзге де төлемдер) кредиттік желі ашу туралы келісімді немесе банктік қарыз шартын жасасу күнінен бастап бір жыл мерзіміне ең жоғары ықтимал сомаға қарыз (лимит) берілгеніне қарай есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу
3-тарау. Салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу
Тармақ 20
20. Салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі: мұнда: n – клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі; j – клиент төлемінің реттік нөмірі; Lj – клиенттің банкке j-ші төлемінің сомасы, оның ішінде салым енгізу және салым енгізу мен оған қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдер; APR – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі; tj – салым тартылған күннен бастап клиенттің j-ші төлемі сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен); m – клиентке соңғы төлемнің реттік нөмірі; і – клиентке төлемнің реттік нөмірі; Pi – клиентке і-ші төлем сомасы, оның ішінде салымдар бойынша сыйақылар, салымдар қайтарымы, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесіндегі мемлекеттің сыйлықақылары; ti – салым тартылған күннен бастап і-ші төлем сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен)).
Тармақ 21
21. Салым бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде мынадай талаптар ескеріледі:
Тармақша 1
1) егер банктік салым шартында салымды қайтару мерзімі айқындалмаған болса, салым шарт жасасқан күннен бастап бір жыл мерзімге енгізілген болып есептеледі;
Тармақша 2
2) егер банктік салым шартының талаптары бойынша салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банктің комиссиялары ескеріліп есептеледі және шартта көрсетіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу және дөңгелектеу әдістері
4-тарау. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу және дөңгелектеу әдістері
Тармақ 22
22. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу Қағидалардың 23-тармағына сәйкес дөңгелектеуді ескере отырып, Қағидалардың 11 немесе 20-тармақтарында көрсетілген формулалар негізінде алгебралық әдіспен жүзеге асырылады. Клиенттің банкке төлеген төлемдері және банктің клиентке төлеген төлемдері олардың нақты төленген күндеріне, болашақтағы төлемдер - төлем кестесіне сәйкес ескеріледі.
Тармақ 23
23. Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде алынған сан бір ондық белгіден асатын болса, ол былайша жүздік үлеске дейін дөңгелектенуге тиіс:
Тармақша 1
1) егер мыңдық үлес 5-ке тең немесе одан артық болса, жүзінші үлес 1-ге өседі де, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады;
Тармақша 2
2) егер мыңдық үлес 5-тен кем болса, жүзінші үлес өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады.
Басқа 2. Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 44 қаулысына қосымша Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін және микроқаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13888 болып тіркелген ).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 249 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16267 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19816 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 6 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22155 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін және микроқаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 7 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26922 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. «Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 20 ақпандағы № 8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31998 болып тіркелген);
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасының банк және микроқаржылық қызмет мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 64 қаулысының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37026 болып тіркелген).