Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Профессиональный клуб «Аят» на земельные участки Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аят» кәсіпқой клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Аят» кәсіпқой клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін: Рудный қаласы, Ленин көшесі, 56 құрылыс мекенжайы бойындағы кәріз желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0060 га; Рудный қаласы, Ленин көшесі, 56 құрылыс мекенжайы бойындағы су құбыры желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0406 га; Рудный қаласы, Ленин көшесі, 56 құрылыс мекенжайы бойындағы сумен жабдықтау желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0529 га; Рудный қаласы, Ленин көшесі, 56 құрылыс мекенжайы бойындағы электрмен жабдықтау желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0711 га; Рудный қаласы, Ленин көшесі, 56 құрылыс мекенжайы бойындағы электрмен жабдықтау желілерін төсеу және қызмет көрсету мақсатында көлемі 0,0827 га.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.