О признании утратившими силу некоторых решений Атырауского областного маслихата Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Кейбір шешімдерінің күші жойылған тізбесі
Атырау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 18 наурыздағы № 227-VIII шешіміне қосымша Кейбір шешімдерінің күші жойылған тізбесі
Тармақ 1
1. «Атырау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 94-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3834 болып тіркелген) шешімі;
Тармақ 2
2. «Атырау облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 242-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4239 болып тіркелген) шешімі;
Тармақ 3
3. «Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 120-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25821 болып тіркелген) шешімі.