Об утверждении Правил функционирования единой платформы недропользования, а также перечня ее информационных ресурсов, сервисов и функций Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ оның ақпараттық ресурстарының, сервистерінің және функцияларының тізбесін бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының ақпараттық ресурстарының, сервистері мен функцияларының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Басқа 1. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидалары
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 113 1-қосымша Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидалары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 68-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу тәртібін айқындайды.»
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және ақпараттандыру саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) геологиялық ақпарат – кез келген жеткізгіште тіркелген және осындай мәліметтерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар жер қойнауы мен олардың учаскелерінің,кен орындарының және пайдалы қазбалар көріністерінің заттай құрамы, геологиялық құрылысы мен тарихы, геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық және тектоникалық ерекшеліктері туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – Платформа) – мемлекеттік қызметтер көрсетуді және мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар арасындағы, оның ішінде басқа да ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
Тармақша 3
3) жеке кабинет – өтініштер беруге, хабарламалар алуға, есептілікті тапсыруға және аукциондарға қатысуға арналған электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, аутентификация арқылы пайдаланушы қол жеткізе алатын Платформа бөлімі;
Тармақша 4
4) жер қойнауын пайдалану картасы – нақты уақыт режимінде жер қойнауы учаскелері, шектеу аймақтары және геологиялық зерделеу туралы кеңістіктік деректерді көрсететін Платформа компоненті;
Тармақша 5
5) кеңістіктік деректер – жер қойнауын пайдалану картасында көрсетілетін, белгілі бір нысанда және координаттық санақ жүйесінде ұсынылған жергілікті жер объектілерінің орналасқан жері туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат;
Тармақша 6
6) интернет-ресурс – бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) ақпарат;
Тармақша 7
7) құзыретті орган – Платформа арқылы жер қойнауын пайдалану құқықтарын беруді жүзеге асыратын қатты пайдалы қазбалар бойынша немесе көмірсутектер бойынша уәкілетті органдар, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жергілікті атқарушы органдар;
Тармақша 8
8) Платформа операторы – Платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін геология саласындағы ұлттық оператор;
Тармақша 9
9) пайдаланушы – Платформа арқылы ақпараттық өзара іс-қимылға қатысатын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары;
Тармақша 10
10) Платформаның ақпараттық ресурстары – жер қойнауын пайдалану саласында пайдаланылатын мәліметтер базасы, географиялық координаттар мен мәліметтер, мәліметтердің электрондық массивтері;
Тармақша 11
11) техникалық-профилактикалық жұмыстар – есептеу техникасы құралдарын және телекоммуникациялық жабдықты жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау жөніндегі, оның ішінде техниканың және (немесе) жабдықтың жұмыс істемей қалуын және оның уақытынан бұрын тозуын болдырмау мақсатында профилактиканы, ақауларды жоюды, жекелеген бөліктер мен блоктарды ауыстыруды, жабдықтың қуатын ұлғайту үшін жабдықтарды, қосымша қондырғылар мен жадыларды орнатуды және баптауды және пайдаланушыларға көмек көрсетуді қамтитын іс-шаралар кешені;
Тармақша 12
12) техникалық істен шығу – бір немесе бірнеше пайдаланушылардың ақпараттық жүйені пайдалану мүмкіндігін болдырмауға әкеліп соғатын ақпараттық жүйенің аппараттық-бағдарламалық кешенінің немесе оның жекелеген компоненттерінің бірінің жоспарланбаған уақытша істен шығуы;
Тармақша 13
13) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Тармақша 14
14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Тарау 2
2-тарау. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 1
1-параграф. Платформаға кіру және пайдаланушыларды тіркеу
Тармақ 4
4. Платформа ашық және жабық бөліктерден тұрады. Ашық бөлім жер қойнауын пайдалану картасын, лицензиялар тізілімдерін және мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын қоса алғанда, Платформаның ақпараттық ресурстарына тіркеуді қажет етпей барлық мүдделі тұлғаларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Платформаның жабық бөлігіне жеке кабинет арқылы қол жеткізуге болады. Жеке кабинет ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тіркеу және аутентификация рәсімінен өткеннен кейін пайдаланушыға беріледі.
Тармақ 6
6. Пайдаланушыларды тіркеу кезінде Платформа деректерді «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорымен интеграциялау арқылы автоматты түрде тексереді. Жеке тұлғаларды тіркеу кезінде «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы арқылы тексеру жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Пайдаланушылар хабарламаларды дұрыс алуды, өтініштер беруді, есептілікті тапсыруды және аукциондарға қатысуды қамтамасыз ету үшін жеке кабинетте өз деректерінің өзектілігін сақтауға міндетті.
Тармақ 2
2-параграф. Платформаның жұмыс тәртібі және қатысушылардың өзара іс-қимылы
Тармақ 8
8. Электрондық өтінім беру сервисі шеңберінде - өтініш түрінде қалыптастырылады және Платформаның жеке кабинеті арқылы ғана электрондық түрде беріледі. Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі анықталған жағдайда электрондық құжат қайтару себебін көрсете отырып, пысықтауға қайтарылуға жатады, ал электрондық құжат бойынша ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда дәлелді бас тарту қалыптастырылады. Өтініш беру сервисі келіп түскен электрондық құжаттарды тиісті құзыретті органдарға және/немесе Платформа модульдеріне автоматты түрде бағыттауды қамтамасыз етеді. Электрондық өтінімді өңдеуге қабылдағаннан кейін пайдаланушы өтінім нөмірі және оның келіп түскен уақыты көрсетілген электрондық хабарлама алады. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, электрондық құжат пайдаланушының Платформадағы жеке кабинетіне келіп түскен сәттен бастап пайдаланушыға жеткізілген (тапсырылған) болып есептеледі. Электрондық өтінім беру сервисінің барлық операциялары олар келіп түскен сәттен бастап оқиғалар журналында әрбір операцияның уақыты, бастамашысы және нәтижесі көрсетіле отырып тіркеледі. Журналдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақталады және тексеру жүргізу үшін қолжетімді етіледі.
Тармақ 9
9. Мониторинг сервисі жер қойнауын пайдалануға құқықтарды, берілген лицензияларды және міндеттемелерді орындаудың ілеспе шарттары мен мерзімдерін қоса алғанда, жасалған шарттарды автоматтандырылған есепке алуды қамтамасыз етеді. Салыстыру нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер, ауытқулар немесе бұзушылықтар туралы автоматты хабарлама қалыптастырылады және оларды пайдаланушының жеке кабинетіне және құзыретті органдардың қарауына жібереді. Мониторинг сервисі басқарушылық шешімдерді бақылау және қабылдау үшін қажетті көлемде және форматта құзыретті органдар үшін жиынтық талдамалық ақпарат пен есептер шығаруды қамтамасыз етеді. Платформа Операторы өзгерістер негізін және өзгерісті жасаған тұлға туралы деректерді сақтай отырып, құқықтар мен міндеттемелер туралы жазбалардың өзгерістер тарихын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Жер қойнауы учаскелерін және кеңістіктік деректерді визуализациялау сервисі жер қойнауының барлық учаскелері туралы мәліметтерді қамтитын қабаттарды көрсетуді қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдалану картасын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану картасында орналастырылатын мәліметтер уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат негізінде өзектендіруге жатады.
Тармақ 11
11. Электрондық құжаттарды сақтау ЭЦҚ пайдалана отырып, Платформа арқылы қалыптастырылған, қол қойылған және берілген электрондық құжаттарға қатысты жүзеге асырылады. Құжаттарға қол жеткізу шектеледі және қол жеткізудің белгіленген деңгейлеріне және құпия және қызметтік ақпаратты қорғау туралы талаптарға сәйкес беріледі.
Тармақ 12
12. Платформа операторы көрсетілген сервистердің жұмысқа қабілеттілігін, деректердің сақталуын, олардың тұтастығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қамтамасыз етеді. Платформа жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді автоматтандырылған рәсімдер арқылы іске асыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде лицензиялау, жер қойнауын пайдалануға құқықтарды тіркеу, шарттық және өзге де құқықтық қатынастарды ресімдеу, лицензиялық режимге көшу, рұқсаттар мен келісімдерді беру, сондай-ақ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» қолданыстағы Кодексте көзделген өзге де әкімшілік рәсімдер.
Тармақ 13
13. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерімен, мемлекеттік дерекқорлармен және (немесе) ақпараттық жүйелермен интеграциялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген № 16777) «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2. Ақпараттық ресурстарының, сервистері мен функцияларының тізбесі
2-қосымша Ақпараттық ресурстарының, сервистері мен функцияларының тізбесі № Ақ­па­рат­тық ре­сур­стар 1 Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың де­ректе­рі 2 Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­лар мен ке­лі­сім­шар­ттар­дың де­ректе­рі 3 Гео­ло­ги­я­лық есеп­тер­дің және өзге де гео­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­тың де­ректе­рі 4 Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну кар­та­сы Сер­ви­стер 1 Элек­трон­дық өті­нім­дер сер­ви­сі 2 Мо­ни­то­ринг сер­ви­сі 3 Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну кар­та­сын­да жер қой­на­уы учас­ке­ле­рін және ке­ңі­стіктік де­ректер­ді ви­зу­а­ли­за­ци­я­лау сер­ви­сі Функ­ци­я­лар 1 Пай­да­ла­ну­шы­лар­ды тір­кеу және аутен­ти­фи­ка­ци­я­лау 2 Элек­трон­дық өті­нім­дер мен құ­жат­тар­ды қа­был­дау, өң­деу және сақ­тау 3 Мем­ле­кет­тік де­ректер ба­за­сы­мен және ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­мен ин­те­гра­ци­я­лау 4 Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ті­зі­лім­де­рін жүр­гі­зу және өзек­тен­ді­ру 5 Гео­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­ты сақ­тау, өң­деу және ұсы­ну 6 Есеп­ті­лік пен тал­да­ма­лық ма­те­ри­ал­дар­ды қа­лып­та­сты­ру 7 Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы ақ­па­рат­тың ашық­тығы мен қол­же­тім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз ету 8 Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың құқық­та­ры мен мін­дет­те­ме­ле­рі­нің мо­ни­то­рин­гі 9 Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну кар­та­сын­да жер қой­на­уы учас­ке­ле­рін және ке­ңі­стіктік де­ректер­ді өзек­тен­ді­ру­ді қам­та­ма­сыз ету