О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 31 наурыздағы № 21 бұйрығына қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14941 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 32 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22441 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 33 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27540 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35664 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 3-тармағы.