Об установлении за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шортанды ауданының әкімдігі айкындалған тәртібі мен шарттарында Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлеріне лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30 (отыз) пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.