Об определении порядка и условий установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций или учреждений, финансируемых из местного бюджета Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.О.Бердешовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Шардара ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 167 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» қаулысына қосымша Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілік қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік сұраным жібереді.
Тармақ 3
3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес қалалық бюджет комиссиясының қарауына ынталандырушы үстемеақылар бойынша қосымша қажеттілік шығарады.
Тармақ 4
4. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақылар белгілеуді ұйым немес мекеме басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде немесе ұйым басшысының дербес ұсынуы негізінде жүргізіледі. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу ұйым немесе мекеме басшысының ұсынысы негізінде жүргізілуі мүмкін. Ұйым немесе мекеменің басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде ол тіркелген күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде келіседі немесе лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыны белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде бас тартады. Қызметкер шешім шығарылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. 12 – тармақта көрсетілген шарттар қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақы төлеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Ұсыныста жұмыскердің тегі мен лауазымы, тәртіптік жазаның жоқтығы туралы негіздер, мәліметтер және аудандық мәслихаттың шешімімен белгіленген үстемеақы мөлшері көрсетіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары
Тармақ 7
7. Ынталандыру үстемеақылары жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
Тармақ 8
8. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
Тармақ 9
9. Ынталандыру үстемеақыларын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қызмет көрсету аймағының кеңеюі, үстеме жұмыс және басқалар үшін үстемеақылар) төлеуді тоқтатуға негіз болып табылмайды.
Тармақ 10
10. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Ынталандыру үстемеақыларды белгілеу құқығын беретін жұмыскерлер қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
Тармақша 1
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
Тармақша 2
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;
Тармақша 3
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері;
Тармақша 4
4) ұйымның немесе мекеменің одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысының шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындауы;
Тармақша 5
5) егер уақытша болмаған жұмыскерді ауыстыру алмастырушы жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және / немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босатпай орындау;
Тармақша 6
6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (жұмыс өтілі) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен жүктеу;
Тармақша 7
7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттармен олардың орындалу көлеміне қарай, сондай - ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін жұмысты жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) объективті мән - жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде: еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек жарақаты, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы болып табылады.
Тармақ 12
12. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы жұмыскерлерге белгіленбейді:
Тармақша 1
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
Тармақша 2
2) ұйымда немесе мекемеде бір айдан кем жұмыс істегендерге;
Тармақша 3
3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне;
Тармақша 4
4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;
Тармақша 5
5) қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;
Тармақша 6
6) қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
Тармақша 7
7) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
Тармақша 8
8) оқу демалысы кезеңінде;
Тармақша 9
9) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
Тармақша 10
10) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.
Тармақ 13
13. Ынталандыру үстемеақылары және олардың мөлшері Шардара аудандық мәслихатының шешімімен белгіленеді.
Тармақ 14
14. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы керек.
Тармақ 15
15. Ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ұйымның немесе мекеменің қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылы көзделуге тиіс.