Об установлении льготы по оплате проезда отдельным категориям граждан Ерейментауского района на общественном транспорте (кроме такси) в Ерейментауском районе Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ерейментау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ерейментау ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ерейментау ауданы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмаған бірге тұратын төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға (заңды өкілдерінің біріне);
Тармақша 2
2) көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға.
Тармақ 2
2. Қаржыландыру көзі болып Ерейментау ауданының бюджеті анықталсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулысы және Ерейментау аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.