Об утверждении Правил продления сроков исполнения письменного предписания, примененного к кредитному бюро, коллекторскому агентству либо плана мероприятий по устранению выявленных нарушений и (или) причин, а также условий, способствовавших их совершению, в случае отсутствия возможности устранения нарушения в сроки, установленные в плане мероприятий либо письменном предписании, по причинам, не зависящим от кредитного бюро, коллекторского агентства Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы __ _________ №____ қаулысымен бекітілген Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 20 марта 2026 года № 16 Кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Кредиттік бюролар туралы заң)11-бабы 1-3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) орындау мерзімдерін ұзарту тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда Кредиттік бюролар туралы заңда көзделген ұғымдар пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Іс-шаралар жоспарында не кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, кредиттік бюро, коллекторлық агенттік жазбаша ұйғарымның және (немесе) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалу мерзімінен кешіктірмей уәкілетті органға мерзімін ұзарту қажеттілігінің негіздемесі қамтылған, жазбаша ұйғарымның және (немесе) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалу мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) ұсынады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке өтінішхат тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 3-тармағында көзделген мерзімді ұзарту не мерзімді ұзартудан бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.