Об установлении публичного сервитута Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитутты белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданының, Урюпин ауылдық округі әкімшілік шекарасында орналасқан, жалпы ауданы 638,5 гектар жер учаскесін «Горнодобывающая компания «ЧЭНЬХЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, 2032 жылғы 9 ақпанға дейінгі мерзімге пайдалы қатты қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Горнодобывающая компания «ЧЭНЬХЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен және жер пайдаланушылармен осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану (қауымдық сервитут) жөнінде келісім-шарт жасассын.
Тармақ 3
3. «Горнодобывающая компания «ЧЭНЬХЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.
Тармақ 4
4. «Горнодобывающая компания «ЧЭНЬХЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.
Тармақ 5
5. «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қауылы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі.
Басқа 1. «Горнодобывающая компания «ЧЭНЬХЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы __ __________ №________ қаулысына 1 қосымша «Горнодобывающая компания «ЧЭНЬХЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі № р/с Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы кадастрлық нөмірі Жария сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар Оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары, егістік, гектар Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар 1 «Урюпинский и К» ЖШС 01-001-004-471 630,6188 630,6188 2 Босалқы жерлер 7,8812 Жиыны 638,5 630,6188