Об утверждении минимальных нормативов обеспеченности населения торговой площадью Западно-Казахстанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Батыс Қазақстан облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 59 қаулысымен бекітілген Батыс Қазақстан облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері № р/с Аудан 1 мың адам­ға шар­шы метр 1 Орал қа­ла­сы 262,3 2 Ақ­жай­ық 24 3 Бө­кей ор­да­сы 9,7 4 Бөр­лі 40,3 5 Жа­ңа­қа­ла 14,9 6 Жәні­бек 9,6 7 Бәй­те­рек 44,3 8 Казта­лов 18,2 9 Қа­ра­т­ө­бе 9 10 Сы­рым 11,6 11 Тас­қа­ла 11 12 Те­ректі 27 13 Шың­ғыр­лау 8,7