Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства акимата Сарыкольского района» Қолданыста
Басқа 0
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Cарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Әкімдіктің
2022 жылғы «13» мамырдағы
№ 73 қаулысымен
бекітілген
«Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы бөлімі) ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі..
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Свобода көшесі, 1.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Ауыл шаруашылығы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер ауыл шаруашылығы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) ауданның азық-түлік қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету, Агробизнес жүйесін тиімді дамытуды қалыптастыру;
Тармақша 3
3) ауданның агроөнеркәсіптік секторының ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері: «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Құқықтары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
Тармақша 2
2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Функциялары:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасын әзерлеуге және іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
Тармақша 3
3) мал басының сақталуын және өнімділігін арттыруға бағытталған іс – шараларды әзірлеу; ауылдық округтерде меншіктің барлық нысандарында және жеке қосалқы албарларда жануарлар мен құстардың барлық түрлерінің қозғалысын ақпараттық – талдау жұмыстары мен мониторингін орындау;
Тармақша 4
4) ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері арқылы ауданның агроөнеркәсіптік кешенімен басқару функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі әкімші болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шегінде қаржы қаражаттарының пайдалануын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
Тармақша 9
9) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне Маркетинг, менеджмент саласында және мемлекеттік бағдарламалардың электрондық жүйелерімен жұмыс істеуде жәрдем көрсетеді.
Тармақша 10
10) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындауы кезінде жәрдем көрсету;
Тармақша 11
11) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы мәліметтерді облыстардың жергілікті атқарушы органдарына оларды мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін ұсыну.
Тармақша 12
12) Сарыкөл ауданында балық аулауды, акваторияны дамыту мониторингін жүзеге асырады.
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Тарау 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 18
18. «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» ММ басшылықты «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» ММ басшысын Cарыкөл ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 20
20. «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» ММ басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін білдіреді;
Тармақша 2
2) «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 3
3) «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) бұйрықтар шығарады;
Тармақша 6
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 7
7) «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерді тағайындайды, босатады, тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
Тармақша 8
8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. «Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.