Об утверждении Перечня ветеринарных препаратов, обращение которых не допускается на территории Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында айналымына жол берілмейтін ветеринариялық препараттардың тізбесін бекіту туралы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық дәрілік заттардың айналымын реттеу қағидаларының № 4 қосымшасына және Еуропалық Парламент пен Кеңестің 2019/6 Регламетіне (ЕО) және 2022 жылғы 19 шілдедегі Комиссияның (ЕО) № 2022/1255 Регламентіне сәйкес адамның кейбір инфекцияларын емдеуге арналған микробқа қарсы препараттар немесе микробқа қарсы препараттар топтарының анықтамаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында айналымына жол берілмейтін ветеринариялық препараттардың тізбесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аквашаруашылық және бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өнімді жануарлардың ауруларын емдеуге тыйым салынған микробтарға қарсы препараттардың және микробтарға қарсы препараттар тобының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағында айналымына жол берілмейтін ветеринариялық препараттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы «_____»_________ бұйрығына № 1 қосымша Қазақстан Республикасының аумағында айналымына жол берілмейтін ветеринариялық препараттардың тізбесі Қазақстан Республикасы аумағында мыналарға жол берілмейді: профилактикалық мақсатта және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін ынталандыру мақсатында химиотерапиялық бактерияға қарсы ветеринариялық препараттарды тіркеу және қолдану; құрамында мынадай дәрілік заттар бар өнімді жануарларға, оның ішінде аквашаруашылық және бал ара шаруашылығы объектілеріне қолдану мақсатында ветеринариялық препараттарды тіркеу: абамектин (сүті адамдарға тағамға арналған қойлар үшін (лактация кезеңінде)); авиламицин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); азаглинафарелин (уылдырығы адамдарға тағамға арналған албырт балықтарына); амоксициллин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауылшаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); ампициллин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына арналған (жұмыртқалау кезеңінде)); анаболикалық стеройдтар; андрогендік стеройдтар (жұмыртқалық дисфункциясы бар жануарларды емдеу мақсатында ветеринариялық препараттар құрамында қолданылуы рұқсат берілетін тестестеронды, прогестеронды және олардың туындыларын қоспағанда); апрамицин (сүті немесе жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған жануарлардың барлық түрлеріне (жұмыртқалау немесе лактация кезеңінде)); бета-адреностимуляторлар (бета-агонистер) (бета-адреномиметиктерді қоспағанда, оларды ветеринариялық дәрілік препараттардың құрамында патологиялық босану кезінде сиырларда жатырдың бұлшықеттерін босаңсыту мақсатында қолдануға рұқсат етіледі (17b-эстрадиолдан және оның эфир тәрізді туындыларынан басқа)); Бриллиант жасыл (тауарлық аквашаруашылыққа (тауарлық балық өсіруге)); бромгексин (сүті немесе жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған жануарлардың барлық түрлеріне (жұмыртқалау немесе лактация кезеңінде)); гамитромицин (сүті адамдарға тағамға арналған ірі қара малға (лактация кезеңінде)); гризин; данофлоксацин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); дапсон; диклоксациллин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); дицикланил (сүті адамдарға тағамға арналған ұсақ малға (лактация кезеңінде)); доксициклин (сүті немесе жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған жануарлардың барлық түрлеріне (жұмыртқалау немесе лактация кезеңінде)); канамицин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); карбадокс; клозантел (сүті адамдарға тағамға арналған жануарлардың барлық түрлеріне (лактация кезеңінде)); клоксациллин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); клорсулон (сүті адамдарға тағамға арналған ірі қара малға (лактация кезеңінде)); колхицин; Aristolochia clematitis өсімдігінің компоненттері және одан алынған дәрілік заттар (1× 10-7 % және одан төмен концентрациядағы матрицалық тұнбалары бар гомеопатиялық ветеринариялық дәрілік препараттардан басқа); кристалды күлгін (генцианвиолет) (тауарлық аквашаруашылыққа (тауарлық балық өсіруге)); резорцил қышқылының лактондары және олардың туындылары; малахитті жасыл (тауарлық аквашаруашылыққа (тауарлық балық өсіруге)); меквиндокс; нитроимидазолдар; нитроксинил (сүті адамдарға тағамға арналған ірі қара және ұсақ малға (лактация кезеңінде)); нитрофурандар; оксациллин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); оксолин қышқылы (сүті немесе жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған жануарлардың барлық түрлеріне (жұмыртқалау немесе лактация кезеңінде)); олаквиндокс; парамомицин (сүті немесе жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған жануарлардың барлық түрлеріне (жұмыртқалау немесе лактация кезеңінде)); сарафлоксацин (уылдырығы адамдарға тағамға арналған албырт балықтарына); спектиномицин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); спирамицин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); стильбендер, стильбендердің туындылары, стильбендердің тұздары және олардың эфирлері; сульфаниламиды (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); тиамфеникол (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); тилвалозин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); тилмикозин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); тиреостатиктер; толтразурил (сүті немесе жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған жануарлардың барлық түрлеріне (жұмыртқалау немесе лактация кезеңінде)); триметоприм (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); тулатромицин (сүті адамдарға тағамға арналған жануарлардың барлық түрлеріне (лактация кезеңінде)); флорфеникол (сүті немесе жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған жануарлардың барлық түрлеріне (жұмыртқалау немесе лактация кезеңінде)); флумеквин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)); хлорамфеникол (левомицетин); хлороформ; хлорпромазин; энрофлоксацин (жұмыртқалары адамдарға тағамға арналған ауыл шаруашылығы құсына (жұмыртқалау кезеңінде)).
Басқа 2. Аквашаруашылық және бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өнімді жануарлардың ауруларын емдеуге тыйым салынған микробтарға қарсы препараттардың және микробтарға қарсы препараттар тобының тізбесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы «_____»_________ бұйрығына № 2 қосымша Аквашаруашылық және бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өнімді жануарлардың ауруларын емдеуге тыйым салынған микробтарға қарсы препараттардың және микробтарға қарсы препараттар тобының тізбесі Қазақстан Республикасының аумағында мыналар жол берілмейді: аквашаруашылық және бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өнімді жануарлардың өсімін немесе өнімділігін ұлғайтуға ынталандыру, ауруларының алдын алу және емдеу мақсатында мынадай микробтарға қарсы препараттар немесе микробтарға қарсы препараттар топтарын тіркеу, пайдалану:
Тармақ 1
1. Антибиотиктер
Тармақша 1
1) Карбоксипенициллиндер
Тармақша 2
2) Уреидопенициллиндер
Тармақша 3
3) Цефтобипрол
Тармақша 5
5) Цефтаролин
Тармақша 6
6) Цефалоспориндердің β-лактамаз ингибиторларымен комбинациясы
Тармақша 7
7) Сидерофорлы цефалоспориндер
Тармақша 8
8) Карбапенемдер
Тармақша 9
9) Пенемдер
Тармақша 10
10) Монобактамдар
Тармақша 11
11) Фосфон қышқылының туындылары
Тармақша 12
12) Гликопептидтер
Тармақша 13
13) Липопептидтер
Тармақша 14
14) Оксазолидинондар
Тармақша 15
15) Фидаксомицин
Тармақша 16
16) Плазомицин
Тармақша 17
17) Глицилциклиндер
Тармақша 18
18) Эравациклин
Тармақша т
т) Омодациклин
Тармақ 2
2. Вирусқа қарсы препараттар
Тармақша 1
1) Амантадин
Тармақша 2
2) Балоцавир марбоксил
Тармақша 3
3) Целговир
Тармақша 4
4) Фавипиравир
Тармақша 5
5) Галидесивир
Тармақша 6
6) Лактимидомицин
Тармақша 7
7) Ланинамивир
Тармақша 8
8) Метизазон (метиазон)
Тармақша 9
9) Молнупиравир
Тармақша 10
10) Нитазоксанид
Тармақша 11
11) Озельтамивир
Тармақша 12
12) Перамивир
Тармақша 13
13) Рибавирин
Тармақша 14
14) Римантадин
Тармақша 15
15) Тизоксанид
Тармақша 16
16) Триазавирин
Тармақша 17
17) Умифеновир
Тармақша 18
18) Занамивир
Тармақ 3
3. Протозойларға қарсы препараттар
Тармақша 1
1) Нитазоксанид