Об утверждении Правил образования и осуществления деятельности комиссий по делам несовершеннолетних и защите их прав Қолданыста
Басқа 0
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Кәмелетке толмағандардың iстері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияны құру және оның қызметiн жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2026 жылғы 30 наурыздағы
№ 67-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Кәмелетке толмағандардың iстері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияны құру және оның қызметiн жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) құрылуы мен қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, осы Қағидалар, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жанынан, облыстық, қалалық (соның ішінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар – қалада, аудандық комиссия тиісті жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) жанынан құрылады.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмағандар арасында немесе оларға қатысты құқықбұзушылықтар, жәбірлеу (буллинг), суицид және суицид әрекеттері фактілерінің артуына байланысты комиссия аудан орталығынан едәуір алшақ орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жанынан құрылуы мүмкін.
Кенттік, ауылдық комиссиялар мен ауылдық округ комиссиясын құру туралы шешімді қалалық, аудандық әкімдік қабылдайды, ал дербес құрамын осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес тиісті қаланың, ауданның мәслихаты бекітеді.
Тарау 2. 2 тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары
2 тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеттері кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан, қатыгездіктен қорғау және кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерді алдын-алу шараларын қабылдау болып табылады.
Тармақ 7
7. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың комиссиялары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылық пен қоғамға жат мінез-құлқына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың профилактикасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге, оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу жағдайларына бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас, жәбірлеу (буллинг) мәселелерін зерделейді;
Тармақша 5
5) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісін дамытуға жәрдем көрсетеді және олардың қызметін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжірибесін қорытады және таратады, оларға әдістемелік және ұйымдастырушылық-практикалық көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы есептерін тыңдайды және жетекшілік ететін мәселелер бойынша олардың арасында өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Қалалық және аудандық комиссиялар өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылық пен қоғамға жат мінез-құлқына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың профилактикасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге, оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас, жәбірлеу (буллинг) мәселелерін зерделейді;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжірибесін қорытады және таратады, оларға әдістемелік және ұйымдастырушылық-практикалық көмек көрсетеді;
Тармақша 5
5) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы есептерін тыңдайды және жетекшілік ететін мәселелер бойынша олардың арасында өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастырудағы және тұрмыстық жағдайын жасаудағы мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға ұшыраған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды;
Тармақша 8
8) отбасын қолдау орталықтарымен бірлесіп, өмірде қиын жағдайға ұшыраған кәмелетке толмағандарға қатысты шаралар қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органнан жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағанды әлеуметтік оңалту туралы және кәмелетке толмағанды жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысын/бастаушысын әлеуметтік бейімдеу туралы шешім алынғаннан кейін баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандар педагогикалық сүйемелдеуге алынған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде баланың мінез-құлқында оң өзгерістер болмаған жағдайда білім беру ұйымынан қарау және ұсынымдар шығару үшін материалдарды қабылдайды.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру тәртібі
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 9
9. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері өз құзыреті шегінде кәмелетке толмағандардың білім алу, еңбек еркіндігі, демалыс, тұрғын үй және басқа да құқықтарының бұзылу жағдайлары туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды, қадағалаусыз және панасыз қалуды алдын алуға кедергі келтіретін органдар мен мекемелер қызметіндегі кемшіліктер туралы комиссияны дереу хабардар етуге міндетті.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссия мүшелері мен хатшыдан тұратын құрамда құрылады. Комиссия мүшелерінің саны кем дегенде он екі адамнан тұрады.
Тармақ 11
11. Комиссияның дербес құрамын жергілікті өкілді орган осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес бекітеді.
Тармақ 12
12. Комиссия құрамына тиісті мәслихаттар депутаттары, ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, отбасын қолдау орталықтарының өкілдері, Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі өңірлік өкілдері, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдері, психологтар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына мүдделі қоғамдық және өзге де ұйымдар кіреді.
Тармақ 13
13. Комиссияның төрағасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары болып табылады, тек кенттік, ауылдық комиссиялар мен ауылдық округ комиссиясын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі басқарады.
Тармақ 14
14. Комиссия төрағасы комиссия мүшелерінің арасынан комиссия төрағасының орынбасарын айқындап, бекітеді.
Тармақ 15
15. Комиссия төрағасының шешімімен тиісті мемлекеттік органның аппаратында штаттық лауазымды атқаратын адам комиссияның хатшысы болып тағайындалады. Комиссия хатшысына өзге де функционалдық міндеттерді жүктеуге тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссия жұмысын ұйымдастырады және осы Қағидалармен комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) комиссия қызметіне жалпы басшылық етеді;
Тармақша 3
3) комиссия отырыстарының өткізілетін уақытын және орнын анықтайды;
Тармақша 4
4) комиссия отырыстарына төрағалық етеді;
Тармақша 5
5) ағымдағы жылдың 15 қаңтарына дейін комиссияның жылдық жұмыс жоспарын бекітеді;
Тармақша 6
6) комиссия мүшелеріне жүктелген функциялар орындалмаған жағдайда, олардың жұмыс орнына ұсыну жібереді;
Тармақша 7
7) ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей жоғары тұрған комиссияларға комиссияның жұмысы туралы есеп береді;
Тармақша 8
8) комиссияның шешімдері мен ұсынуларының сапалы орындалуын бақылайды.
Тармақ 17
17. Комиссия төрағасының орынбасары:
Тармақша 1
1) кезектен тыс отырыстарды өткізу қажет болған жағдайда, ал төраға болмаған кезде, төраға міндетін атқарады;
Тармақша 2
2) комиссия төрағасының тапсырмасымен комиссия қарауына түскен материалдарды уақтылы және дұрыс қарауды қамтамасыз ету мақсатында оларды алдын ала зерттейді;
Тармақша 3
3) комиссия қызметіне жалпы басшылық жасауда комиссия төрағасына жәрдемдеседі.
Тармақ 18
18. Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) ұсынылған материалдармен танысады;
Тармақша 2
2) комиссия отырысында қаралуға жататын мәселелерді қарайды және тиісті шешімді қабылдауға қатысады;
Тармақша 3
3) бекітілген жоспар мен комиссия төрағасының шешіміне сәйкес комиссияның көшпелі отырыстарына қатысады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 5
5) комиссия мен органдар немесе ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) комиссияның қызметін жетілдіруге арналған ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;
Тармақша 7
7) комиссия отырысында мәселелерді қарауға қажетті материалдарды комиссия хатшысына ұсынады;
Тармақша 8
8) комиссия отырысында мәселелерді қарау кезінде заңнамалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) отырыстарға қатысуға берілген өз өкілеттіктерін басқа тұлғаларға тапсыра алмайды.
Комиссия мүшесінің отырысқа қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда, бұл туралы оның өткізілуіне кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалғанда қатыса алмайтынын растайтын құжаттарды қосып, комиссия төрағасына жазбаша түрде хабарлайды.
Тармақ 19
19. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) комиссия отырысына материалдар мен құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) комиссия отырысының күн тәртібін әзірлейді;
Тармақша 3
3) комиссия отырысын ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) алдағы отырыс туралы комиссия мүшелеріне хабарлайды;
Тармақша 5
5) отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды комиссия мүшелеріне ұсынады;
Тармақша 6
6) отырыс хаттамасын жүргізеді;
Тармақша 7
7) комиссия шешімдерінің орындалу барысына тұрақты бақылау жүргізеді;
Тармақша 8
8) комиссияның жұмысы туралы жоспар мен есеп жобасын әзірлейді;
Тармақша 9
9) комиссияның шешімдерін комиссияның барлық мүшелеріне, лауазымды адамдарға оларға қатысты бөлігінде уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) комиссия шешімдерінің орындалу барысы туралы комиссия төрағасын және мүшелерін хабардар етеді;
Тармақша 11
11) отырыстарда қаралатын мәселелер бойынша материалдарды уақтылы ұсыну үшін орындаушыларға сұрау хат жолдайды;
Тармақша 12
12) осы Қағидаларға сәйкес өзге де функцияларды атқарады.
Хатшы комиссия мүшесі болып саналмайды және дауыс беру құқығына иеленбейді. Хатшының уақытша жоқтығы кезінде оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес комиссия төрағасы белгілейтін тиісті мемлекеттік орган аппаратының қызметкерлерінің бірі алмастырады.
Тармақ 20
20. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ үш айда кемінде бір рет өткізіледі.
Қалалық, аудандық комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде екі рет өткізіледі.
Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.
Комиссияның отырысына оның төрағасы төрағалық етеді, төрағаны алмастыруға болмайды, тек кезектен тыс отырыстарды өткізу қажет болған жағдайда ғана төраға міндетін төрағаның орынбасары атқара алады.
Төраға болмаған жағдайда комиссияның отырысы заңсыз болып есептеледі.
Тармақ 21
21. Қалалық, аудандық комиссияның кәмелетке толмаған балаға, оның ата-анасына немесе басқа заңды өкілдеріне қатысты материалдарды қарауы:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші бойынша;
Тармақша 2
2) комиссияның өз бастамасы бойынша;
Тармақша 3
3) азаматтардың берген ақпараты бойынша;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымдарының ұсынулары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан басқа да органдар мен ұйымдардың өтініштері бойынша;
Тармақша 5
5) қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпеген, қоғамдық қауіпті қылық жасаған кәмелетке толмағанға қатысты ішкі істер органдары немесе прокуратура материалдары бойынша жүзеге асады.
Тармақ 22
22. Комиссия қарауына түскен материалдарды уақтылы және дұрыс қарауды қамтамасыз ету мақсатында оларды алдын ала комиссия төрағасы немесе оның тапсырмасымен комиссия төрағасының орынбасары зерттейді.
Тармақ 23
23. Комиссия қарауына түскен материалдарды алдын ала зерттеу процесінде комиссия төрағасы немесе оның тапсырмасымен орынбасары келесіні анықтайды:
материалдарды қарау комиссия құзыретіне жататындығын;
комиссия отырысына шақырылатын тұлғаларды;
материалдарды дұрыс және уақтылы қарау үшін мәні бар жағдайларды қосымша тексерудің және қосымша материалдарды талап ету қажеттілігін.
Тармақ 24
24. Материалдарды алдын ала зерттеу нәтижелері бойынша келесі шешім қабылданады:
материалдарды қарауға тағайындап, отырыстың күні мен орны туралы кәмелетке толмағанға, оның ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне, сондай-ақ отырысқа қатысу міндетті деп танылатын басқа тұлғаларға хабарлау;
материалдарды қараудан бас тартып, уәкілетті органдарға немесе ұйымдарға қажетті шараларды қабылдау бойынша ұсынымдармен хат жолдау;
түскен материалдардағы ақпаратты қосымша тексеру немесе оны тиісті уәкілетті органдарға немесе ұйымдарға жүргізуді тапсыру.
Кәмелетке толмаған, оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері комиссия қарауына дайындалған материалдармен отырыс басталғанға дейін танысуға құқылы. Осы тармақта көрсетілген тұлғалардың материалдармен танысу құқығы оларға комиссия отырысына шақыру хатында түсіндіріліп беріледі.
Комиссия алған материалдарды олар түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қарауға тиіс.
Комиссия отырысының материалдары мен құжаттары төрағамен келісілгеннен кейін хатшы әр комиссия мүшесінің электрондық поштасына отырыс өткізілетін күннен кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді.
Отырыстың күні мен уақыты комиссия төрағасы тарапынан анықталады, бұл туралы комиссия мүшелері хатшы арқылы хабардар етіледі.
Тармақ 25
25. Кәмелетке толмаған мен оның заңды өкілінің комиссия отырысына келуін материалдарды ұсынған орган қамтамасыз етеді.
Кәмелетке толмағанның комиссия отырысына қатысудан бас тартуы мүмкін деген негіздер болса, комиссия оның келуін қамтамасыз ету жауапкершілігін ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне немесе оны тәрбиелеп отырған білім беру ұйымының әкімшілігіне жүктейді. Аталған тұлғалар келуді қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттемелер береді.
Тармақ 26
26. Кәмелетке толмағанға қатысты материалдар комиссияда тек сол кәмелетке толмаған мен оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері қатысуымен қаралады.
Кәмелетке толмағанның және оның ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің қалауы бойынша оның адвокатына комиссия жұмысына қатысуға рұқсат етіледі.
Қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген, қоғамдық қауіпті қылық жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдар қаралған кезде отырысқа прокурор шақырылады.
Комиссия өткізілу күні, орны және уақыты отырыстың өткізілуіне кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда прокурорға міндетті түрде хабарланады.
Комиссия отырысы басталғанда төраға қаралатын материалдарды жариялайды және отырысқа қатысушыларды таныстырады. Бұдан кейін қажетті құжаттар оқылады, түскен материалдар мен негізделген шешім қабылдау үшін мәні бар жағдайлар қаралады, өтінішхаттар талқыланады және отырысқа қатысатын тұлғалар тыңдалады.
Қаралатын материалдарға байланысты өтінішхаттарды кәмелетке толмаған, оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері, адвокаттар, материалдарды қарауға қатысатын мамандар, сондай-ақ кәмелетке толмағанға, оның заңды өкіліне қатысты комиссияға жүгінген тұлғалар мәлімдеуі мүмкін. Мәлімделген өтінішхаттың қаралу нәтижелері комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі.
Комиссия отырысында кәмелетке толмағанға кері ықпал ететін жағдайлар зерттелген кезде комиссияның оны залдан шығаруға құқығы бар, бұл туралы отырыс хаттамасында тиісті жазба жазылады.
Кәмелетке толмағанның, оның ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралып отырған материалдардың сипатын ескере отырып, іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша жабық отырыс өткізе алады.
Қажет болған жағдайда комиссия істері қаралып жатқан адамдардың оқу орны, жұмыс орны немесе тұрғылықты жері бойынша көшпелі отырыстар өткізуі мүмкін.
Тармақ 27
27. Кәмелетке толмағанға, оның ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне қатысты материалдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық, қадағалаусыз және панасыз қалуының профилактикасы үшін жауапты білім беру ұйымдары мен органдардың ұсынуларын, басқа да органдар мен ұйымдардың (ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан) өтініштерін, сондай-ақ азаматтардан түскен ақпаратты қарау нәтижелері бойынша қалалық, аудандық комиссиялар:
дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы ақпаратты ішкі істер органдарына жолдайды;
осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар туралы шешім қабылдайды;
осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне ықпал ету шаралары туралы шешім қабылдайды.
Комиссияның шешімі отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің дауыс беруінің көпшілігімен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда отырыста төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның шешімінде мына мәліметтер көрсетіледі:
комиссияның атауы мен дербес құрамы;
отырыстың өткізілген күні мен орны;
материалдары қаралып отырған тұлға туралы мәліметтер;
қарау барысында анықталған мән-жайлар;
шешім қабылдауға негіз болған дәлелдемелер;
құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін немесе кәмелетке толмағанның құқықтарын кепілдендіретін нормативтік құқықтық акт;
кәмелетке толмағанға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия ұсынған шаралар, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз ету жүктелген органдар немесе адамдар;
шешімге шағымдану мерзімі мен тәртібі туралы түсіндірме мәліметтер.
Комиссияның шешіміне төраға мен хатшы қол қояды, ол отырыста жария етіледі және оны шағымдануға белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды күшіне енеді.
Шешім орындалуы үшін ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі және комиссия белгілеген мерзімде міндетті түрде қаралуға жатады.
Комиссия шешімінің бір данасы қол қойылған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге немесе оның өкіліне мына тәсілдердің бірімен табыс етіледі (жолданады):
қолма-қол;
жеткізілгені туралы хабарламамен тапсырысты пошта арқылы;
электрондық пошта мекенжайы бойынша.
Комиссияның отырысы барлық қатысушылар алдын ала хабардар етіле отырып, міндетті түрде аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы өткізіледі.
Тармақ 28
28. Егер материалдарды қарау барысында қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың, қоғамға қарсы әрекеттердің орын алуына және кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және панасыз қалуына, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталса, комиссия оларды жою туралы тиісті ұсынуды мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға жолдайды.
Органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары ұсынуды алған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде оны қарап, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы тиісті комиссияны хабардар етеді.
Тармақ 29
29. Комиссия отырысында хатшы мынадай мәліметтер көрсетілетін хаттама жүргізеді:
комиссияның атауы мен дербес құрамы;
отырыстың күні мен өткізілген орны;
қаралған материалдардың мазмұны;
материалдары қаралып отырған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні мен жері, тұрғылықты жері, сондай-ақ қарауға маңызы бар өзге де мәліметтер;
отырысқа қатысушы тұлғалардың келуі туралы мәліметтер және оларға өз құқықтары мен міндеттері түсіндірілгені туралы ақпарат;
комиссия отырысына қатысушылардың түсініктемелері;
материалдарды қарау барысында зерттелген құжаттар мен заттай дәлелдемелер;
мәлімделген өтінішхаттар және оларды қарау нәтижелері;
комиссия отырысында қабылданған шешімнің және (немесе) ұсынудың жария етілгені туралы мәліметтер;
қабылданған шешімге және (немесе) ұсынуға шағымдану мерзімдері мен тәртібі түсіндірілгені туралы мәліметтер.
Комиссия отырысының хаттамасына төраға, қатысқан комиссияның мүшелері және хатшы қол қояды және ол отырыс өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті органдар мен ұйымдарға жолданады.
Тармақ 30
30. Кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыс, құқық бұзушылық, қоғамға қарсы әрекеттер жасалуына, сондай-ақ олардың қадағалаусыз және панасыз қалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі жұмысты зерделеу мақсатында комиссия отырыстарда қаралған барлық істерді есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады, сондай-ақ көрсетілген есептің деректерін өз аумақтық тиесілігі шегінде жинақтайды. Аталған істерді сақтау мерзімі 10 жылды құрайды.
Тармақ 31
31. Комиссия материалдарды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешім және (немесе) ұсыну соған қатысты шығарылған тұлға не оның заңды өкілдері тарапынан жоғары тұрған комиссияға шағымдалуы мүмкін.
Белгіленген мерзімде шағым беру тиісті шешімнің және (немесе) ұсынудың орындалуын тоқтата тұрады.
Шағым шешімді және (немесе) ұсынуды қабылдаған комиссияға беріледі.
Комиссия шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны жоғары тұрған комиссияға жолдайды.
Бұл ретте комиссия шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде қабылдаған жағдайда, оны жоғары тұрған комиссияға жолдамауға құқылы.
Шағым тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Комиссияның шешімі немесе ұсынуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокурор тарапынан наразылыққа келтірілуі мүмкін.
Тарау 4. 4-тарау. Комиссия қолданатын шаралар
4-тарау. Комиссия қолданатын шаралар
Тармақ 32
32. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың комиссиялары қабылдайтын шаралар:
Тармақша 1
1) балаларға қатысты қадағалаусыз және панасыз қалу, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын алуға бағытталған профилактикалық және (немесе) өзге де іс-шаралар өткізу туралы ұсыныстарға бастамашы болады және оны уәкілетті органдарға жолдайды;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол берген лауазымды және өзге де адамдарды жауапкершілікке тартуға бастамашы болады;
Тармақша 3
3) ұсынымдар мен тапсырмалар жолдауды, сондай-ақ бірлескен жоспарларды әзірлеуге қатысуды қоса алғанда, профилактика жүйесі органдарының жұмысын үйлестіру туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық, қадағалаусыз және панасыз қалудың нақты жағдайларын талдайды және нәтижесінде олардың себептері мен жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою жөнінде ұсынымдар немесе тапсырмалар береді;
Тармақша 5
5) кешенді профилактика және ден қою шараларын әзірлеу мақсатында ведомствоаралық кеңестер, дөңгелек үстелдер және жұмыс топтарын өткізу бастамасын көтереді және ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) төмен тұрған комиссияларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, соның ішінде ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) комиссия отырыстарында профилактика жүйесі органдары мен ұйымдарының басшыларын және қызметкерлерін тыңдайды, олардың нәтижелері бойынша хаттамалық шешімдердерді қабылдайды және тапсырмаларды береді.
Тармақ 33
33. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар қабылдайтын шаралар:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың тәрбиесі, оқытылуы, құқық бұзушылық, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы мәселелері үшін жауапты басқа органдар мен ұйымдармен бірлесіп, өмірі мен денсаулығы қауіпті жағдайдағы, арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж, ұзақ уақыт білім ұйымдарына бармаған кәмелетке толмағандарды анықтайды, олардың жеке есебін жүргізеді, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешімдер қабылдайды және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағанды орналастыру туралы шешімді білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарына, еңбек мәселелері бойынша уәкілетті органға, отбасын қолдау орталығына жібереді, осы органдар мен ұйымдар кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешімді алған күннен бастап екі апталық мерзімде комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар етеді;
Тармақша 3
3) ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің болмауына, ата-анасының ата-ана құқығынан айырылуына байланысты, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртiбiне терiс әсерін тигізуі мүмкін өзге себептерге орай арнаулы бiлiм беру ұйымдарынан, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан шыққан, тәрбие колониясынан немесе кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерден босап шыққан кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жерiне оралуы мүмкiн болмаған немесе қошталмайтын жағдайларда көрсетiлген мекемелер орналасқан жердегi комиссия кәмелетке толмағанның мүддесiн есепке ала отырып, өңірдегі бiлiм беру ұйымдарына орналастыру немесе жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ ол үшiн тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнінде көмек көрсетедi, мәселенi кәмелетке толмағанның жазбаша өтініші мен тиiстi мекеме әкiмшілiгiнiң дәлелді қорытындысы берiлген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды;
Тармақша 4
4) қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) заңды өкілдердің келісімімен тиісті емдеу-профилактикалық және оңалту шараларын өткізу үшін психоактивті заттар, темекі өнімдері, электрондық тұтыну жүйелерін пайдаланатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарына жолдайды;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына, отбасын қолдау орталықтарына, дағдарыс орталықтарына, балалар құқығын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға, арнаулы білім беру ұйымдарына, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, тәрбиелік колонияларға барып, тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларына және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына мониторинг жүргізеді және олардың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізеді;
Тармақша 7
7) арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сотқа кәмелетке толмағанның болуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынумен жүгінеді;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмағанның арнаулы білім беру ұйымында болу мерзімі аяқталатын күннен кемінде бір ай бұрын, арнаулы білім беру ұйымының әкімшілігінен алынған хабарлама, сипаттама және ұсынымдарға сүйене отырып, кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша жеке профилактикалық шаралар қабылдауды ұйымдастырады, одан әрі тұрмыстық және еңбекпен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді;
Тармақша 9
9) кәмелетке толмағандар арасында психоактивті заттарды пайдалану салдарынан туындайтын психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар) таралуының профилактикасы шараларын жүргізеді;
Тармақша 10
10) кәмелетке толмағандарға қатысты жеке профилактикалық шараларды қолдану, кәмелетке толмағанды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимдегі білім беру ұйымына жолдау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 34
34. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты қалалық және аудандық комиссиялар қабылдайтын ықпал ету шаралары.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, олардың құқықтары мен (немесе) мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамайтын немесе олардың қалыпты физикалық және моральдық дамуына теріс әсер ететін заңды өкілдерге комиссия келесі ықпал ету шараларын қолдана алады:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағанға келтірілген зиянды өтеу туралы сотқа өтініш білдіру;
Тармақша 2
2) бала өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органға баланы ата-анасынан немесе қамқорлығында тұрған басқа тұлғалардан жедел түрде тартып алу туралы өтінішпен жүгіну;
Тармақша 3
3) қорғаншыны немесе қамқоршыны өз міндеттерін атқарудан шеттету, баланы патронаттық тәрбиелеуге, қабылдаушы отбасына, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беру туралы шартты бұзу не баланы сот тәртібімен асырап алудың күшін жою туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органға өтініш жасау;
Тармақша 4
4) комиссия тарапынан ата-аналық құқықтардан айыру туралы шешім шығарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сотқа ата-аналық құқықтардан айыру, сондай-ақ ата-аналарға Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа шараларды қолдану туралы өтініш беру;
Тармақша 5
5) ата-аналар (немесе оларды алмастыратын адамдар) балаларға арналған жәрдемақылар мен өзге де төлемдерді мақсатсыз пайдаланған жағдайда, егер бұл баланың мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірсе, баланың мүддесі үшін негізсіз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қою.
Тарау 5. 5-тарау. Комиссияның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
5-тарау. Комиссияның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
Тармақ 35
35. Комиссияның қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиісті мемлекеттік органның аппаратына жүктеледі.