О некоторых вопросах предоставления исключительного права на экспорт отдельных видов стальных заготовок, произведенных доменно-конвертерным способом Қолданыста
Басқа 0
Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2 және 4-тармақтарына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына және 37-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған, экспортына айрықша құқық берілген болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің тізбесі;
Тармақша 2
2) айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі;
Тармақша 3
3) Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданысы басталған күннен бастап алты айды құрайды және сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) қолданылу мерзімімен немесе айрықша лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған, экспортына айрықша құқық берілген болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған, экспортына айрықша құқық берілген болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің тізбесі
Р/с
№
Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған, экспортына айрықша құқық берілген болат дайындамалардың жекелеген түрлері
ЕАЭО СЭҚ ТН коды
1
Құймалардағы немесе өзге де бастапқы нысандардағы темір және легирленбеген болат (7203 тауар позициясындағы темірден басқа)
7206
2
Темiрден немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар
7207
3
Құймалардағы немесе өзге бастапқы нысандардағы коррозияға төзімді болат, коррозияға төзiмдi болаттан жасалған жартылай фабрикаттар
7218
4
Құймалардағы немесе басқа бастапқы нысандардағы легирленген болаттардың басқа түрлері, легирленген болаттардың басқа түрлерінен жартылай фабрикаттар
7224
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.
_____________________________________
Басқа 10. Айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі
1. «Qarmet» акционерлік қоғамы.
_____________________________________
Басқа 11. Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 7-тармағының төртінші бөлігіне және 45-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, бірыңғай тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 19 және 20-тармақтарына сәйкес әзірленді және домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның (бұдан әрі – айрықша лицензия) қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) лицензиар – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті;
Тармақша 2
2) лицензиат – осы қаулыға сәйкес домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушы.
Тарау 2. 2-тарау. Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі
2-тарау. Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі
Тармақ 3
3. Лицензиар мынадай:
Тармақша 1
1) лицензиат өз еркімен өтініш берген;
Тармақша 2
2) айрықша лицензия беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданысы тоқтатыла тұрған;
Тармақша 3
3) лицензиаттар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күніне дейін, лицензиарға айрықша лицензияның орындалу барысы туралы есеп ұсынбаған;
Тармақша 4
4) лицензиаттар айрықша лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайынғы есептерде анық емес мәліметтерді көрсеткен;
Тармақша 5
5) сот актісі болған жағдайларда айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде лицензиар лицензиат тиісті өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданысын өтініште көрсетілген мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 5
5. Айрықша лицензияның қолданысы осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған кезде лицензиар мұндай жағдайлар басталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде лицензиатқа айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру негіздерін көрсетіп, оны тоқтата тұру туралы алдын ала шешімді және тыңдау өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабарламаны жібереді.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде айрықша лицензияның қолданысы айрықша лицензияны беруге негіз болған құжаттардың қолданысы қайта басталғанға дейінгі мерзімге, осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген жағдайлар басталған кезде – бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Тармақ 6
6. Хабарлама айрықша лицензияны беруге арналған өтініште көрсетілген лицензиаттың заңды мекенжайына оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабарламаның тіркелгенін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.
Лицензиаттың өкілі хабарламаны қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе тапсыратын адам хабарламаға тиісті белгі қояды, ол лицензиарға қайтарылады. Бұл ретте хабарламаны қабылдаудан мұндай бас тарту айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға негіз болып табылмайды.
Тармақ 7
7. Тыңдау хабарланған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
Тыңдаудың нәтижелері бойынша лицензиар бір жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Айрықша лицензияның қолданысы лицензиар айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
Айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру оны ұзартуға негіз болып табылмайды.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатыла тұрған айрықша лицензияның қолданысын қайта бастау лицензиаттың өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Берілген өтініш негізінде лицензиар үш жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Айрықша лицензияның қолданысы осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған кезде лицензиат осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін лицензиарға растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
Лицензиар лицензиат өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын тексереді және мұндай себептердің жойылу фактісі расталған жағдайда айрықша лицензияның қолданысы қайта басталатын күнді көрсете отырып, оны қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша айрықша лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде айрықша лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешім айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған сот актісінің күшін жоюды көздейтін сот актісінің негізінде қабылданады.
Бұл ретте айрықша лицензияның қолданысы лицензиар айрықша лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдаған кезден бастап қайта басталады.
Тармақ 10
10. Лицензиат айрықша лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған мерзім өткенге дейін айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш бермеген жағдайда лицензиар тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданысын тоқтату рәсіміне бастама жасайды.
Тармақ 11
11. Лицензиар мынадай:
Тармақша 1
1) лицензиат айрықша лицензияның қолданысын тоқтату туралы өз еркімен өтініш берген;
Тармақша 2
2) ол берілген мерзім өткен;
Тармақша 3
3) жүзеге асыру үшін осы лицензия берілген іс-қимыл (операциялар) толық көлемде жасалған;
Тармақша 4
4) лицензиат осы қаулыға сәйкес айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесінен шығарылған;
Тармақша 5
5) тауар осы қаулыға сәйкес экспортына айрықша құқық берілген жекелеген тауар түрлерінің тізбесінен алып тасталған;
Тармақша 6
6) лицензиат таратылған немесе оның құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген (ұйымдық-құқықтық нысанын, атауын не орналасқан жерін өзгерту);
Тармақша 7
7) айрықша лицензияны алу мақсатында өтініш беруші ұсынған құжаттарда анық емес мәліметтер анықталған;
Тармақша 8
8) айрықша лицензияны беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданысы тоқтатылған;
Тармақша 9
9) лицензияны беруге негіз болған шартты (келісімшартты) орындау кезінде мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелері бұзылған;
Тармақша 10
10) егер мұндай қызмет түрі өзіне қатысты лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензия кері қайтарып алынған;
Тармақша 11
11) белгіленген тәртіп сақталса, айрықша лицензияны беру мүмкін болмайтын, оны берген кезде жол берілген бұзушылықтар анықталған;
Тармақша 12
12) сот актісі болған;
Тармақша 13
13) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі ішінде айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұруға алып келген себептер жойылмаған жағдайларда, айрықша лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде лицензиат айрықша лицензияның түпнұсқасын қоса бере отырып, тиісті өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде лицензиар айрықша лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар басталған кезде лицензиар айрықша лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешімді осындай жағдайлар басталған күні, ал мұндай күнді белгілеу мүмкін болмаған кезде – олар анықталған күннен бастап қабылдайды және лицензиатқа осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айрықша лицензияның қолданысын тоқтату және лицензиарға айрықша лицензияны қайтару қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 14
14. Лицензиат айрықша лицензияның қолданысын тоқтату туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның түпнұсқасы қағаз жеткізгіште берілген болса, оны лицензиарға қайтарады.
Тармақ 15
15. Лицензиардың айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімімен келіспеген жағдайда лицензиаттың Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес лицензиардың мұндай шешіміне шағымдануға құқығы бар.
Тармақ 16
16. Лицензиар айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы шешім қабылданған күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және лицензиатқа тиісті хабарлама жібереді.
_____________________________________