О признании утратившими силу некоторых решений Урджарского районного маслихата Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1.Үржар аудандық мәслихатының келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Үржар аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 11 сәуіріндегі № 1-14/VIII шешімі;
Тармақша 2
2) «Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 сәуіріндегі № 1-14/VIII «Үржар аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 20 шілдесіндегі № 3-93/VIII шешімі.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.