О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңының 32-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Күші жойылды деп танылсын: 1) «Ақтау және Баутино теңіз сауда порттарының акваторияларын қоса алғанда теңіз порттарының шекараларын айқындау туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 413 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2971 болып тіркелген); 2) «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты мен Баутино теңіз портының акваториясын қоса алғанда теңіз порттарының шекараларын айқындау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 413 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 17 ақпандағы № 22 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26947 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.