Об утверждении Правил проведения операции по одновременной передаче активов и обязательств банка другому банку (банкам), а также видов активов и обязательств, подлежащих передаче при проведении указанной операции, а также согласования уполномоченным органом такой операции Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қағидалардың 21-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын, белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын: «21. Клиенттерге қызмет көрсетудің үздіксіздігін және берілген активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету мақсатында иеленуші банк бағдарламалық қамтылымды, дерекқорды және өзге де ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, беруші банктің ақпараттық жүйесін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, беруші банк пен иеленуші банк арасындағы келісімде айқындалатын талаптарда пайдалануға құқылы болады.».
Басқа 0. Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидалары
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 58 қаулысымен бекітілді Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 68-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін, сондай-ақ осы операцияларды уәкілетті органның келісу тәртібін айқындайды және осындай операциялар бойынша өтпелі кезеңді белгілейді.
Тармақ 2
2. Банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (басқа банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге банктің депозиторлары мен өзге кредиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органның келісуі бойынша рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операция – беруші банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде сатып алушы банкке (сатып алушы банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция;
Тармақша 2
2) беруші банк – активтер мен міндеттемелердің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (басқа банктерге) өткізетін банк;
Тармақша 3
3) сатып алушы банк – активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі шартқа (шарттарға) сәйкес беруші банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі не олар толық мөлшерде берілетін басқа банк (басқа банктер);
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
Тармақ 4
4. Беруші банк және сатып алушы банк (сатып алушы банктер), сондай-ақ активтер мен міндеттемелерді иелену мүмкіндігін қарастыратын банк (банктер) операцияны жүргізуге байланысты алынған ақпараттың конфиденциалдылығын, жария етілмеуін сақтауды қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру тәртібі
2. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 5
5. Беруші банк және сатып алушы банк құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) және (немесе) жарғыға сәйкес тиісті шешім қабылдау жататын беруші банк органының және сатып алушы банктің шешімі бойынша активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны уәкілетті органның келісімі болған кезде жүзеге асырады. Беруші банктің активтері мен міндеттемелерін жеке және заңды тұлғалар алдында бір және бірнеше сатып алушы банктерге беруге жол беріледі. Беруші банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігі не олар толық мөлшерде сатып алушы банкке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі шарт негізінде беріледі.
Тармақ 6
6. Беруші банк активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру жөніндегі дайындық іс-шараларын құзыретіне Акционерлік қоғамдар туралы заңға және (немесе) жарғыға сәйкес тиісті шешім қабылдау жататын беруші банктің басқару органының осы операцияны жүзеге асыру туралы шешімі қабылданғаннан кейін жүргізеді. Беруші банк дайындық іс-шараларын жүргізу шеңберінде әлеуетті сатып алушы банкті іздеуді жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Беруші банктің активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) беруші банктің берілетін активтерінің тізбесі мен мөлшерін айқындау, құнын көрсете отырып қамтамасыз етудің тізбесі мен мөлшерін айқындау. Берілетін активтердің мөлшері баланстық шоттарда және жүйеден тыс есепте есепке алынған талаптар құқықтарының, баланстан тыс шоттардағы шартты талаптардың және меморандум шоттарының балансқа сомасы ретінде айқындалады. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру кезінде активтердің мөлшері беруші банк пен сатып алушы банк арасында келісілген күнге есептеледі. Берілетін активтердің құны беру сәтінде баланстық құнды немесе тараптардың келісімі бойынша тәуелсіз бағалаумен айқындалған құнды пайдалана отырып айқындалады;
Тармақша 2
2) беруші банктің берілетін міндеттемелерінің тізбесі мен мөлшерін айқындау;
Тармақша 3
3) беруші банктің депозиторының тізімін және депозиттердің мөлшерін қалыптастыру;
Тармақша 4
4) беруші банктің және әлеуетті сатып алушы банктің пруденциялық нормативтері мен лимиттерінің, сондай-ақ макропруденциялық нормативтері мен лимиттерінің олардың арасында келісілген, беруші банктің активтері мен міндеттемелерін беру күнгі, алдағы уақытта жүзеге асырылатын активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операция ескерілген, оның ішінде шоғырландырылған негіздегі есебі.
Тармақ 8
8. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру кезінде берілетін активтер мен міндеттемелердің құрамына активтер мен міндеттемелердің мынадай түрлері кіреді:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың кредиттері және қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) акциялар және қатысу үлестері;
Тармақша 3
3) өзге бағалы қағаздар;
Тармақша 4
4) ақша;
Тармақша 5
5) лицензиялық құқықты қоса алғанда, жылжымалы, жылжымайтын мүлік құқығы және мүліктік құқықтар;
Тармақша 6
6) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері;
Тармақша 7
7) банк шоты шарты, қазынашылық операциялары, РЕПО операциялары, валюталар мен тазартылған бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша банкаралық мәмілелер, туынды қаржы құралдарын, шығарылған шартты міндеттемелер (аккредитивтер, кепілдіктер) бойынша міндеттемелер);
Тармақша 8
8) өткізу актісінде аталған өзге активтер мен міндеттемелер.
Тармақ 9
9. Беруші банк сатып алушы банкті таңдауды дербес, сатып алушы банктің мына талаптарға сәйкес келуі шартымен, берілетін активтердің және міндеттемелердің мөлшерлеріне қарай жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылады;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, банктік қарыз операцияларын, сондай-ақ Банктер туралы заңда көзделген басқа банктік және өзге де операцияларды жүргізуге банктік лицензиясы бар, сондай-ақ қабылданатын активтер мен міндеттемелер бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар;
Тармақша 3
3) өтінім беру күнінде: 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін қолданыстағы әкімшілік жазалар; уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шаралары (ұсынымдық қадағалап ден қою шараларынан басқа) жоқ;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның операциялардың барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған банктік лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе сатып алушы банкті одан айыру туралы шешімі жоқ;
Тармақша 5
5) беруші банктің клиенттеріне қызмет көрсету үшін филиалдары бар. Беруші банктің басқарушы органының сатып алушы банкті таңдау және сатып алушы банкке беруші банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шешім қабылдайды.
Тарау 3. 3-тарау. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны уәкілетті органмен келісу тәртібі
3-тарау. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны уәкілетті органмен келісу тәртібі
Тармақ 10
10. Беруші банк оның басқарушы органы Қағидалардың 9-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген шешімді қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға активтер мен міндеттемелерді беру операциясын келісу үшін мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
Тармақша 1
1) беруші банктің және сатып алушы банктің атқарушы органдарының бірінші басшылары немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған бірлескен өтініші;
Тармақша 2
2) беруші банктің басқарушы органының сатып алушы банкті таңдау және сатып алушы банкке беруші банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шешімі;
Тармақша 3
3) беруші банктің бір бөлігінде немесе толық мөлшерде берілетін активтерінің және міндеттемелерінің тізбесі, түрлері және алдын ала мөлшері;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган активтерді және міндеттемелерді беру операциясын келіскен жағдайда, тараптардың активтерді және міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартты, онда активтер мен міндеттемелерді берудің болжамды күнін және осы шарттың барлық басқа маңызды талаптарын көрсете отырып, жасау міндеттемесімен беруші банктің және сатып алушы банктің арасында жасалған алдын ала шарты;
Тармақша 5
5) беруші банктің және сатып алушы банктің, олардың арасында активтерді және міндеттемелерді беру операциясын жүзеге асырудың келісілген күніндегі пруденциялық және макропруденциялық нормативтері мен лимиттерінің, оның ішінде шоғырландырылған негізде жасалған есебі;
Тармақша 6
6) сатып алушы банк беруші банктің корреспонденттік шотын және төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде пайдаланылатын басқа да деректемелерін пайдаланған жағдайда, сатып алушы банктің өтпелі кезеңде депозиторлардың өзіне берілген банк шоттары бойынша нұсқауларын орындау тәртібі;
Тармақша 7
7) беруші банктің және сатып алушы банктің активтер мен міндеттемелерді қабылдау және тапсыру бойынша ішкі тәртібі;
Тармақша 8
8) егер көрсетілген бірлескен өтінішке банктің атқарушы органы басшысының орнындағы адам қол қойған жағдайда, осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген бірлескен өтінішке қол қоюға, бірлескен өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды беруге адамның өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасын оны алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган беруші банкке және сатып алушы банкке активтерді және міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүргізуге келісім береді не келісім беруден бас тартады.
Тармақ 12
12. Активтер мен міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүзеге асыруға келісім беруден бас тарту мына негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) сатып алушы банктің Қағидалардың 9-тармғының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган активтерді және міндеттемелерді беру жөніндегі операцияны жүргізуге келісім берген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде, Банктер туралы заңның 68-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген қарсылық білдіру мерзімін және олар қабылданатын мекенжайды көрсете отырып, беруші банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде беру туралы хабарландыру жариялайды. Беруші банктің міндеттемелері оның депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен беріледі. Банктер туралы Заңның 68-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың міндеттемелерді беруге қарсылықтары болған кезде мұндай депозитор және (немесе) кредитор күнтізбелік он күннен кешіктірмей банктің міндеттемелерін беруден жазбаша бас тарта отырып, беруші банкке жүгінеді. Бас тартуға депозитор және немесе (кредитор) депозитті қолма-қол ақшамен беру туралы немесе оның сомасын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және банктік қызмет көрсету шартының талаптарына сәйкес ресімделген басқа банкке аудару туралы нұсқауды қоса береді. Егер шартта өзгеше көзделмесе, беруші банктің құқықтары (талаптары) түріндегі активтерін беру борышкердің (борышкерлердің) келісімін талап етпейді.
Тармақ 14
14. Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң беруші банк өз алдындағы беруші банктің міндеттемелерін сатып алушы банкке беру туралы қарсылық білдірген депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлардың тізімін қалыптастырады.
Тармақ 15
15. Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көзделген іс-шаралар өткізілгеннен кейін беруші банк пен сатып алушы банк арасында өткізу актісін екі данада қоса бере отырып, активтерді және міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт жасалады.
Тармақ 16
16. Беруші банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не оларды толық мөлшерде, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды, кредиттік досьені, куәліктерді және басқа құжаттарды) сатып алушы банкке (сатып алушы банктерге) беру екі данадағы өткізу актісімен ресімделеді. Активтерді және міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүзеге асырған күнге өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі: атауы, түгендеу нөмірі (бар болса), баланстық, бағалау құны (қажет болған кезде), банк активтері ескерілген банк шоттарының нөмірлері (қажет болған кезде), банктің меншік құқығын растайтын құжаттар (қажет болған кезде) көрсетілген банктің беріліп отырған активтерінің мөлшері және тізбесі; қарыз алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қарыз алушы заңды тұлғаның атауы, қарыздар бойынша негізгі борышты, банктік қарыз шартының жасалған күні және нөмірі, банктік қарыз шартының қолданылу мерзімі, банктік қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, банктің банктік қарыз бойынша есептеген және алған сыйақы сомалары көрсетілген банктік қарыздар бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны және тізбесі; жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшері, оның ішінде депозитор жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), депозитор заңды тұлғалардың атауы, депозиттер сомасы есептелген банк шоттарының нөмірлері, депозит сомасы, банк шоты және (немесе) банктік салым шартын жасау күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі, салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі көрсетілген депозиттер тізбесі; клиенттер, олардың операциялары және банктің операциялары, бастапқы құжаттар, клиенттермен өзара қарым-қатынастар тарихы туралы ақпараттан және қабылданатын активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелерді тиісінше орындау үшін қажетті ақпараттан тұратын берілетін деректер қорының тізбесі (оның ішінде қағаз нысандағы құжаттардың мұрағаттық қоймалары). Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері сатып алушы банкке берілетін клиенттердің дербес деректерін жинауды және өңдеуді сатып алушы банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, берілетін активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтарды жүзеге асыруға және орындауға байланысты шекте және мақсаттарда дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімін алмай жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы беруші банк пен сатып алушы банк арасында жасалған шарттың көшірмелері оларға қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады. Өткізу актісінің көшірмелері беруші банк пен сатып алушы банктің арасында жасалған активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың көшірмелері уәкілетті органға берілген күннен бастап үш ай ішінде уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 18
18. Сатып алушы банкке берілген депозиттер бойынша депозиторларға тиісінше қызмет көрсету мақсатында жиырма бір айдан аспайтын мерзімге өтпелі кезең белгіленеді, осы кезеңде беруші банк депозиторларының банктік шоттарын жүргізу Банктер туралы заңның 68-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Осы тармақтың ережелері 2015 жылғы 27 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тармақ 19
19. Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шығыстарды қоспағанда, активтерді және міндеттемелерді беру бойынша операцияларды жүргізумен байланысты шығыстар сатып алушы банктің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Беруші банк активтерді және міндеттемелерді беру бойынша операцияларды жүзеге асыру туралы ақпаратты өтпелі кезең аяқталған соң қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, беруші банктің интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 21
21. Клиенттерге қызмет көрсетудің үздіксіздігін және берілген активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сатып алушы банк бағдарламалық қамтылымды, цифрлық дерекқорларды және өзге де цифрлық ресурстарды қоса алғанда, беруші банктің цифрлық жүйесін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, беруші банк пен сатып алушы банк арасындағы келісімде айқындалатын шарттарда пайдалануға құқылы.
Басқа 2. Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 58 қаулысына қосымша Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу және уәкілетті органның осы операцияларды келісу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 77 қаулысы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 мамырда № 11158 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 10 - тармағы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 14997 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу және уәкілетті органның осы операцияларды келісу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде беруге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 73 қаулысы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 маусымда № 15190 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарағын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 246 қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 17972 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын, микроқаржылық қызмет пен коллекторлық агенттіктерді реттеу мәселелері бойынша өзгерістеренгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 28 қаулысымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу, микроқаржылық қызмет және коллекторлық агенттіктер мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 8-тармағы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20265 болып тіркелген).