О создании акционерного общества "Компания по страхованию жизни "Государственная аннуитетная компания" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Мемлекеттiк аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
Тармақ 2
2. Сақтандыру рыногында аннуитеттiк өнiмдердiң жекелеген түрлерiн дамытуға жәрдемдесу Қоғам қызметiнiң негiзгі мәнi болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамаға белгіленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын 500 000 000 (бec жүз миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қалыптасуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметi жөнiндегi уәкiлеттi органға бергенге дейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне берiлсiн;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттеріне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулының 2-қосымшасында: "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-59-жолмен толықтырылсын: "21-59 "Мемлекеттік аннуитеттiк компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" АҚ";
Тармақша 2
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында : Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерінің тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 217-7-жолмен толықтырылсын: "217-7 "Мемлекеттiк аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" АҚ";
Тармақша 3
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.