Об утверждении размера платы за один кубический метр питьевой воды, поданной из систем водоснабжения, включенных в перечень систем водоснабжения Акмолинской области, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын Ақмола облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабының 2-тармағына, «Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын Ақмола облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне келесі төлемақы мөлшері бекітілсін:
Тармақша 1
1) тұтынушылар (халық) үшін тәулігіне бір адамға су тұтыну нормативтері 140 (жүз қырық) литр көлемі шегінде – қосылған құн салығын қоса алғанда 120 (жүз жиырма) теңге;
Тармақша 2
2) тұтынушылар (халық) үшін тәулігіне бір адамға су тұтыну нормативтері 140 (жүз қырық) литр көлемінен асқан жағдайда – қосылған құн салығын қоса алғанда 156 (жүз елу алты) теңге.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы __________________ Б. Жапаев 2026 жылғы «_31_» наурыз