О признании утратившими силу некоторых приказов Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің
кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 498 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24665 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 498 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29133 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.