О признании утратившим силу некоторых решений маслихата области Абай Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Абай облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Абай облысы мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Абай облысы мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Абай облысы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 35/237-VIII шешіміне қосымша Абай облысы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ «Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 47-18 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 11/84-VIIІ «Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ «Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195-18 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/156-VIII «Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ «Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 391-18 болып тіркелген).