Об установлении тарифов на оказание услуг по перевозке пассажиров и багажа по регулярным маршрутам города Алатау Қолданыста
Басқа 0
Алатау қаласы бойынша тұрақты маршруттарда жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтеріне тарифтер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 «Тұрақты маршруттарда жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алатау қаласы бойынша қалалық қатынастағы тұрақты автомобиль тасымалдарына жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтеріне тарифтер келесідей мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1) жол жүру ақысын электрондық төлем жүйесі арқылы төлеу кезінде – 120 (жүз жиырма) теңге;
Тармақша 2
2) жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.
Тармақ 2
2. «Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алатау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.