О внесении на рассмотрение Республиканской ономастической комиссии предложения по присвоению наименований отдельным составным частям города Алатау Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алатау қаласының жекелеген құрамдас бөліктеріне атау беру жөніндегі ұсынысты Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5) тармақшасына, 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 01.08.2023 жылғы № 211 бұйрығының 2-тарауы, сондай-ақ тиісті аумақтар халқының пікірін ескере отырып, тұрақты комиссияларда көпшілік тыңдаулар өткізу қорытындылары бойынша 2026 жылғы 17 наурыздағы хаттама негізінде, Алатау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Алатау қаласының мынадай құрамдас бөліктеріне атау беру жөнінде ұсыныс енгізілсін: - «Қоянқұс» шағын ауданында: Әлібаев Жұмағали көшесіндегі атауы жоқ көшеге - «Жаңадәуір» шағын ауданында: Сариев Әлімбай көшесіндегі атауы жоқ көшеге
Тармақ 2
2. Бірлескен мәслихаттың шешімі мен Алатау қаласы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.С. Несіпбаеваға жүктелсін.