Об установлении публичного сервитута на территории села Амангельды Амангельдинского сельского округа Иртышского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ертіс ауданы Аманкелді ауылдық округі Амангелді ауылы аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Ертіс ауданы Аманкелді ауылдық округі Амангелді ауылы аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Ертіс ауданы Аманкелді ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 09 сәуір № 1-03-02 шешіміне қосымша № пайдаланушы ауданы, гектар нысаналы мақсаты пайдалану мерзімі (жыл) жер телімінің орналасқан жері 1 «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» РММ 0,0232 «Амангелді» шекара бөлімшесіне су құбырын салу үшін 5 Ертіс ауданы Аманкелді ауылдық округінің Амангелді ауылының аумағында