О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне» деген бөлімде: реттік нөмірі 406-32-4-жол алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне» деген бөлім: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 406-37-2-жолмен толықтырылсын: «406-37-2. «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.»;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесінде: реттік нөмірі 2-1-жол алып тасталсын; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі: мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.