О некоторых воросах перевода земель бывшего Семипалатинского испытательного ядерного полигона в состав земель запаса Қолданыста
Басқа 0
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жерлерiн босалқы жер құрамына ауыстырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 137 және 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жалпы ауданы 832,9 мың гектар жерлері кейіннен ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру мақсатында осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарағанды, Павлодар және Абай облыстарының босалқы жерінің құрамына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Павлодар және Абай облыстарының әкімдіктері осы қаулының 1-тармағынан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жерлерді қоспағанда, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының бұған дейін «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жерін запастағы жер қорының құрамына беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 ақпандағы № 172 қаулысына сәйкес босалқы жер құрамына ауыстырылған жалпы ауданы 1816,6 мың гектар жерлер Қарағанды, Павлодар және Абай облыстары әкімдіктерінің қарамағында болады деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 5. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының кейіннен ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру мақсатында босалқы жер құрамына ауыстырылатын жерлерi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының кейіннен ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру мақсатында босалқы жер құрамына ауыстырылатын жерлерi
Өңір атауы
Босалқы жер құрамына ауыстырылатын жер учаскелерінің ауданы, мың гектар
Жалпы ауданы
оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары
егістік
жайылым
шабындық
басқа алқаптар
1
2
3
4
5
6
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
41,6
-
38,66
-
2,94
Павлодар облысы
Май ауданы
285,9
-
280,1
-
5,8
Абай облысы
Жаңасемей ауданы
505,4
-
328,7
-
176,7
Барлығы
832,9
-
647,46
-
185,44
____________________________