Об определении мест, в которых запрещен выгул домашних животных либо нахождение с животными с иной целью Қолданыста
Басқа 0
Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау туралы
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-2-тармағына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынған орындар
2026 жылғы 7 сәуірдегі
№ 125 қаулыға қосымша
Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынған орындар
1.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының аумақтары;
2.
Білім беру ұйымдарының аумақтары;
3.
Дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың аумақтары;
4.
Медициналық және емдеу ұйымдарының аумақтары;
5.
Мәдениет ұйымдарының аумақтары;
6.
Балалар мен спорттық ойын алаңдарының аумақтары;
7.
Адамдар шомылуға рұқсат етілген аумақтар;
8.
Тыйым салу белгілері орнатылған, серуендеуге арналмаған аумақтар.
Өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар
1.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары (көзі әлсіз көретін адамдарға арналған қызметтік иттер мен жетелеуші иттерден басқа);
2.
Сервистік қызмет көрсету азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдары;
3.
Мәдени мекемелер (иттер қатысатын көрмелер, ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізу жағдайларын қоспағанда);
4.
Діни ұйымдар (бірлестіктер);
5.
Балалар ұйымдарының үй-жайлары;
6.
Білім беру ұйымдарының үй-жайлары;
7.
Медициналық ұйымдардың үй-жайлары.