О создании государственного учреждения «Управление по защите прав детей Карагандинской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына, «Қарағанды облысын басқару схемасын бекіту туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2026 жылғы 26 наурыздағы XXXIII кезектен тыс сессиясының №385 шешіміне, «Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы №53/03 «Қарағанды облысы атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы №21/01 қаулысына, «Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымын бекіту туралы» «Қарағанды облысы әкімінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №133-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімінің 2026 жылғы 30 наурыздағы №25-ө өкіміне сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. «Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органның басшысына заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Тармақ 4
4. «Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы «30» наурыздағы № 21/05 қаулысына қосымша «Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және Қарағанды облысының аумағында балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың құқықтарының бұзылуын профилактикалау және ерте анықтау, оларды қалпына келтіру және қорғау жөніндегі қызметті үйлестіруді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомствалары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әңгелбай Әлиханов көшесі, 19.
Тармақ 10
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Басқарма құзыреті шеңберінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының тапсырмаларын орындау;
Тармақша 2
2) Қарағанды облысының аумағында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтарының бұзылуын профилактикалау және ерте анықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) балалардың құқықтарының бұзылуының, оның ішінде қатыгездікпен қараудың, зорлық-зомбылықтың, қадағалаусыздықтың, суицидтік мінез-құлықтың және өзге де тәуекел факторларының алдын алу жөніндегі жүйелі ведомствоаралық жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттің функцияларын орындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта, қабылдаушы және кәсіби қабылдаушы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды қоса алғанда, балалардың жағдайына мониторинг жүргізу;
Тармақша 7
7) жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық процесте кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік бағдарламалар мен жоспарларды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға; білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар болатын өзге де ұйымдарға олардың құқықтарының сақталуын бағалау мақсатында кедергісіз баруға; балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңестерді, жұмыс топтарын, комиссияларды өткізуге бастамашылық жасау; анықталған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою жөнінде жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсыныстар енгізу; құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қарауға міндетті ұсынымдар беру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарына, сондай-ақ өзге де алқалы органдардың отырыстарына қатысу; балалардың құқықтарының бұзылуы фактілері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізуді бастамашылық ету; балалардың құқықтарын қорғауға байланысты мәселелерді қарау үшін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ сарапшыларды тарту; балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, өңірлік бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен кәмелетке толмағандардың мүдделерін соттарда және өзге де органдарда білдіру; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері: Қарағанды облысының аумағында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету; балалардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтарының бұзылуын алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру; кәмелетке толмағандардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету; тәуекел тобына жататын, өмірлік қиын жағдайдағы, сондай-ақ қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта, қабылдаушы және кәсіби қабылдаушы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалардың жағдайына мониторинг ұйымдастыру және жүргізу; қорғауды және қолдауды қажет ететін балаларды сүйемелдеудің жеке жоспарларын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету; балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, толық әрі уақтылы қарауды қамтамасыз ету; өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар мен балаларға көмек көрсету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтау және кәмелетке толмағандар туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету; Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін заңнамада белгіленген тәртіппен кемінде екі жылда бір рет арттыруды қамтамасыз ету; Басқарманың қызметінде заңдылықты, ашықтықты және есептілікті қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де міндеттерді орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қарағанды облысының аумағында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) құзыреті шегінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуын алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандар арасында қатыгездікпен қараудың, зорлық-зомбылықтың, қадағалаусыздықтың, құқық бұзушылықтардың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асырады, оның ішінде заңнамада көзделген шешімдерді қабылдайды;
Тармақша 6
6) өмірлік қиын жағдайдағы немесе тәуекел тобындағы балалар мен отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастырады және жеке профилактикалық шараларды қолданады;
Тармақша 7
7) балалардың жағдайына тұрақты мониторинг жүргізеді, оның ішінде қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта, қабылдаушы және кәсіби қабылдаушы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға кемінде алты айда бір рет баруды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) разрабатывает и реализует индивидуальные планы сопровождения детей, нуждающихся в защите и поддержке;
Тармақша 9
9) жеке тұлғаға қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 10
10) өңірдегі балалардың құқықтарын қорғау жай-күйіне талдау жүргізеді және өңірлік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 11
11) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өңірлік бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 12
12) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және құзыреті шегінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 13
13) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша есепке алуды жүргізуді және есептілікті қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3 тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарма басқаруды басшы жүзеге асырады, ол басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді;
Тармақша 2
2) бөлім басшылары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады және осы бағыттағы қызмет үшін дербес жауапкершілік көтереді;
Тармақша 4
4) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) бөлімдер туралы ережелерді және Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 7
7) құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 8
8) Басқарманы мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 9
9) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды әрі нысаналы жұмсалуын бақылайды;
Тармақша 10
10) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және өзге де құжаттардың орындалу барысын бақылайды.
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.