Об определении размера платы за доставление (эвакуацию) транспортных средств и их временное хранение на специальных площадках, стоянках, находящихся в коммунальной собственности города Астаны Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшерін айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына, «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-1-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшері осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшері
Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 наурыздағы № 394/51-VIII шешіміне қосымша Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшері 1. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) үшін төлемақы мөлшері – 3 (үш) АЕК. 2. Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшері: Кө­лік құ­ра­лы­ның са­на­ты Бі­рін­ші тәу­лік* Кей­ін­гі тәу­лік­тер* L1, L3, (Екі дөң­ге­лек­ті кө­лік құ­рал­да­ры) 1 АЕК 2 АЕК L2, L4, L5, L6, L7 (Үш дөң­ге­лек­ті кө­лік құ­рал­да­ры, квад­ро­цик­л­дер) 1,5 АЕК 3 АЕК M1 (же­ңіл ав­то­мо­биль­дер). 3 АЕК 5 АЕК N1 (Тех­ни­ка­лық рұқ­сат еті­л­ген ең жо­ға­ры мас­са­сы 3,5 тон­на­дан ас­пай­тын жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған кө­лік құ­рал­да­ры.) 5 АЕК 7 АЕК O1 (Тех­ни­ка­лық рұқ­сат еті­л­ген ең жо­ға­ры мас­са­сы 0,75 тон­на­дан ас­пай­тын тір­ке­ме­лер.) 2 АЕК 4 АЕК O2 (Тех­ни­ка­лық рұқ­сат еті­л­ген ең жо­ға­ры мас­са­сы 0,75 тон­на­дан аса­тын, бі­рақ 3,5 тон­на­дан ас­пай­тын тір­ке­ме­лер.) 5 АЕК 7 АЕК * Тәуліктер деп осы қосымшада Жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте Астана қаласында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жасалатын көлік құралын қабылдау-беру актісінде көрсетілген күннен және уақыттан бастап есептелетін қатарынан 24 сағат түсініледі.