Об утверждении Правил перечисления и норматива отчислений на обеспечение безопасности полетов гражданской авиации Қолданыста
Басқа 0
Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативін бекіту туралы
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 1. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған
аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативі
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2026 жылғы « » _______
№ __ бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған
аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативі (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-15-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару қағидалары мен олардың нормативтерінің тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару тәртібі
2-тарау. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару тәртібі
Тармақ 2
2. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін жүйелі қамтамасыз ету және авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды іске асыру қамтамасыз ету мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды жүзеге асырады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші аударымдарды авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымға оның билігінде қалған таза кірісінің бір бөлігінен жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар тоқсан сайын, тоқсан басталғанға дейін күнтізбелік бес күн бұрын авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотына аударылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар аударылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымға ақша аудару туралы растама ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар нормативі
3-тарау. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар нормативі
Тармақ 5
5. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударым нормативін авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның даму жоспарының негізінде айқындалады.
Тармақ 6
6. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударым нормативі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің иелігінде қалған таза кіріс бөлігінің он пайызынан аспайтын соманы құрайды, бірақ авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымды дамыту жоспарында көрсетілген сомадан кем емес соманы құрайды.