Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель и повышении ставок земельного налога района Тереңкөл Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына сәйкес Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихатының аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 3/43 шешіміне 1-қосымша Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) Шартты белгілер: 1 елді мекеннің жерлері 2 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері (жайылымдар, шабындықтар, егістік) 3 ерекше қорғалатын табиғи аумағының жерлері
Басқа 6. Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 3/43 шешіміне 2-қосымша Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері Жердің орналасу аймақтары Арттыру пайызы Тереңкөл ауылдық округі 1 50% Байқоныс ауылдық округі 1 50% Песчан ауылдық округі 1 50% Береговое ауылдық округі 1 50% Жаңабет ауылдық округі 1 50% Октябрь ауылдық округі 1 40% Ивановка ауылдық округі 1 40% Калиновка ауылдық округі 1 40% Томарлы ауылдық округі 1 40% Алтай ауылдық округі 1 40% Әулиеағаш ауылдық округі 1 30% Жаңақұрылыс ауылдық округі 1 30%