Об утверждении норм времени и расценок на проведение работ по государственному геологическому изучению недр, а также методики их расчета Қолданыста
Басқа 0
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 64-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормалары, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы ___________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын есептеу әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын есептеу әдістемесі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 64-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын есептеу республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын 1:200 000 және 1:50 000 масштабтарындағы геологиялық түсіру жұмыстары кешенінің объектілеріндегі жұмыстардың сметалық құнын айқындау үшін пайдаланылатын жеке және кешенді бағалауды айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын әзірлеу
2-тарау. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын әзірлеу
Тармақ 3
3. Уақыт нормаларын әзірлеу негіздеріне мынадай материалдар салынған:
- хронометраждық қадағалаулар;
- еңбекті ұйымдастыруды талдау нәтижелері;
- жабдықтың техникалық сипаттамасы.
Тармақ 4
4. Уақыт нормалары мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы: Нвр - Өлшем бірлігі нормасы, мин.;
Топ – өлшем бірлгіне жедел жұмыс уақыты, мин.;
Котл - демалу және жеке қажеттіліктер уақыты, жедел жұмыс уақытынан %.
Тармақ 5
5. Бағалар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 68-бабына сәйкес аптасына жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығын;
Тармақша 2
2) жұмысты орындаушылардың толық құрамын;
Тармақша 3
3) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жобалау-сметалық құжаттаманың нақты сметалары негізінде сала бойынша орташа жалақыны;
Тармақша 4
4) орындаушыларды бастапқы материалдармен, құжаттамамен, жұмысқа тапсырмамен, сондай-ақ қажетті құралдармен, аспаптармен, жарақтармен және жабдықтармен қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді.