Об утверждении Правил контроля за изучением состояния государственного фонда недр Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау қағидаларын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы ________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйін зерделеуді бақылау қағидалары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қордың жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде геология саласындағы ұлттық оператордың қызметіне жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның бақылауды жүзеге асыру тетігін, формасы мен құралдарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы бақылау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 134-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 38-бабына сәйкес жүзеге асырылатын ішкі бақылауды білдіреді.
Тармақ 3
3. Бақылаудың мақсаттары геологиялық ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету және орындалатын жұмыстардың бекітілген бағдарламаларға, техникалық тапсырмаларға және жобалық құжаттарға сәйкестігін бағалау.
Тармақ 4
4. Бақылау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптық, бақылау нысандарының дұрыстығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау тәртібі
2 тарау. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуді бақылау тәртібі
Тармақ 5
5. Жер қойнауының мемлекеттік қорының жай-күйін зерделеуді бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 38-бабына сәйкес ұсынылатын материалдарды талдау негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Бақылау шеңберінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) жұмыс бағдарламаларының орындалуын талдауды;
Тармақша 2
2) жұмыстарды кезеңмен (жарты жылда 1 рет) және жинақты қабылдауды;
Тармақша 3
3) бақылау нәтижелерін ресімдеуді жүргізеді.
Тармақ 7
7. Жұмыс бағдарламаларының орындалуын талдау:
Тармақша 1
1) нақты орындалған жұмыстардың бекітілген бағдарламаларға, техникалық тапсырмаларға және күнтізбелік жоспарларға сәйкестігін;
Тармақша 2
2) жұмыстарды орындау кезеңділігін сақтауды;
Тармақша 3
3) ұсынылған материалдардың толықтығы мен сапасын қамтиды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыс бағдарламаларының орындалуын талдауды уәкілетті орган олардың жер қойнауын зерделеудің міндеттері мен мақсаттарына, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ бекітілген техникалық тапсырмалар мен бастапқы деректерге сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырады. Талдау шеңберінде жұмыстардың көзделген көлемдерінің және кезеңділігінің, қолданылатын әдістемелердің, күтілетін нәтижелер мен көрсеткіштердің негізділігі, сондай-ақ көзделген қаржыландырудың пропорционалдылығы бағаланады. Бағдарламаларды талдау аналитикалық және бағалау сипатында болады, ұсынылған материалдар негізінде жүзеге асырылады және мемлекеттік бақылаудың дербес нысаны болып табылмайды.
Тармақ 9
9. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау:
Тармақша 1
1) жұмыстарды кезеңмен жинақты қабылдау нәтижелері негізінде;
Тармақша 2
2) жоспарланған нәтижелер мен көрсеткіштерге қол жеткізуді ескере отырып;
Тармақша 3
3) орындалған жұмыс көлемін пайдаланылған бюджет қаражатының көлемімен салыстыру арқылы;
Тармақша 4
4) бюджет қаражатының нәтижелілігін және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыстарды кезеңмен және жинақты қабылдау жұмыстардың орындалу фактісін, көлемі мен сапасын, сондай-ақ олардың бекітілген бағдарламаларға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жұмыстарды қабылдау:
Тармақша 1
1) орындаушы ұсынған растайтын материалдар негізінде жүргізіледі;
Тармақша 2
2) жұмыстарды орындау кезеңдері және (немесе) қорытындылары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін;
Тармақша 3
3) мемлекеттік бақылаудың дербес формасы болып табылмайды және шарттық және бюджеттік міндеттемелерді орындау шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Қабылдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) жұмыс нәтижелерін қабылдау туралы;
Тармақша 2
2) жұмыс нәтижелерін ескертулермен қабылдау туралы;
Тармақша 3
3) материалдарды пысықтауға жіберу туралы.
Тармақ 14
14. Қажет болған жағдайда, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның сұрауы бойынша, кезеңмен және жинақты қабылдауға ұсынылатын материалдар, орындалған жұмыстардың әдістемелік негізділігін және алынған нәтижелердің ғылыми және геологиялық білімнің қазіргі заманғы деңгейіне сәйкестігін бағалау мақсатында геология саласындағы ұлттық оператордың тапсырысы (өтініші) бойынша уәкілетті ғылыми ұйым жүргізетін ғылыми сараптамаға жатады.
Тармақ 15
15. Ғылыми сараптаманың қорытындылары консультативтік және ұсынымдық сипатта береді және уәкілетті орган жұмыс нәтижелерін қабылдау және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бағалау жөніндегі шешімдерді қабылдау кезінде ескерілді.
Тармақ 16
16. Бақылау нәтижелерін ресімдеу:
Тармақша 1
1) жұмыстарды қабылдау нәтижелері бойынша актілерді (қорытындыларды) дайындауды;
Тармақша 2
2) материалдарды геология саласындағы ұлттық операторға мәлімет және (немесе) пысықтау үшін жолдауды қамтиды.