Об утверждении Требований к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения для операторов обмена необеспеченных цифровых активов, операторов платформы цифровых финансовых активов и операторов торговой платформы цифровых активов Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары және цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағының үшінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары және цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Бұл ретте 2026 жылғы 12 шілдеге дейін: Талаптардың 6-тармағының 2) тармақшасы қолданысы тоқтатыла тұрсын, осы тармақша тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін: «2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес жасалған терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) болуын тексеруді қоса, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етулерді қолдана отырып тексеру тәртібі;»; Талаптардың 8-тармағының 1) тармақшасы қолданысы тоқтатыла тұрсын, осы тармақша тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін: «1) Субъектінің барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға өз функцияларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте және Субъектінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қол жеткізу;»; Талаптардың 11-тармағы қолданысы тоқтатыла тұрсын, осы тармақ тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін: «11. Ұйым ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ұйымның ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.»; Талаптардың 16-тармағының 2) тармақшасы қолданысы тоқтатыла тұрсын, осы тармақша тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады деп белгіленсін: «2) клиенттің транзакцияны (миксерлерді) қадағалауды қиындататын, оның ішінде өзге де жоғары тәуекел факторларымен ұштастыра отырып, клиенттің транзакцияны иесіздендіру бойынша сервистерді пайдалану белгілері бар клиенттердің цифрлық активтерінің әмияндары бар қызметтер;». «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
Басқа 1. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары және цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 33 Қаулымен бекітілді Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары және цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы талаптар
1-тарау. Жалпы талаптар
Тармақ 1
1. Осы Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары және цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының үшінші абзацына сәйкес әзірленді. Талаптар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларына, цифрлық қаржы активтері платформасының операторларына және цифрлық активтердің сауда платформасының операторларына (бұдан әрі – Субъект, Субъектілер) қолданылады.
Тармақ 2
2. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарда қолданылады. Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ерекше операция (мәміле) – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ Субъект дербес әзірлеген күдікті операцияларды айқындау белгілерін ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті зерделенуге жататын клиенттің операциясы (мәмілесі);
Тармақша 2
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдері – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) әдейі немесе абайсызда тарту тәуекелдері;
Тармақша 3
3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша Субъектілер қабылданатын шаралардың жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жасайтын операцияларға қатысты);
Тармақша 4
4) шекті операция – клиенттің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржылық мониторинг жүргізілуге жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциясы.
Тармақ 3
3. Субъектілер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ) мақсатындағы ішкі бақылауды мына:
Тармақша 1
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Субъектілердің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдерін және бірге жүретін тәуекелдерді (операциялық, мәнсап, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдау;
Тармақша 3
3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін барынша азайту;
Тармақша 4
4) Субъектілердің, олардың лауазымды адамдарының және қызметкерлерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартылуын болдырмау мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ іс-қимыл жасау мақсатында Субъектінің басқару органы немесе атқарушы органы ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді. Аталған қағидалар Субъектінің ішкі аудит қызметі немесе ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге орган (тұлға) тарапынан КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ іс-қимыл жасау мақсатындағы ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау және ішкі аудит жүргізу арқылы, сондай-ақ Субъектінің басқару органы немесе атқарушы органы тәуелсіз аудит жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда тәуелсіз аудиттен өтуі тиіс. Ішкі бақылау қағидаларында Субъектілер Талаптарға сәйкес дербес әзірлейтін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалар қамтылады және олар Субъектілердің ішкі құжаттары не Субъектілердің басқару органдары немесе атқарушы органдары бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
2-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
Тармақ 5
5. Субъектінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте Субъектінің қызметкерлері арасынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қызметкер (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады және (немесе) құзыретіне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері кіретін, ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты Субъектінің бөлімшелері (бұдан әрі – жауапты бөлімше) айқындалады. Жауапты қызметкерге, ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қызметкерлерге не КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша бөлімше қызметкерлеріне қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) жоғары білім;
Тармақша 2
2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында немесе цифрлық активтерге байланысты қаржылық қызметтер мен көрсетілетін қызметтерді ұсыну (көрсету) немесе реттеу саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
Тармақша 3
3) мінсіз іскерлік беделі.
Тармақ 6
6. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасында мыналар:
Тармақша 1
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;
Тармақша 2
2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес жасалған терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) болуын тексеруді қоса, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етулерді қолдана отырып тексеру тәртібі; 📌 Ескерту. 6-тармағы 2) тармақшасының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - осы қаулының 4-тармағына сәйкес.
Тармақша 3
3) нысаналы қаржылық санкцияларды қолдану, клиенттерге іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту және іскерлік қатынастарды тоқтату, ақша және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді Тiзбеден және ЖҚҚТҚ тізбесінен алып тастаған кезде санкцияларды қолдануды тоқтату тәртібі;
Тармақша 4
4) Субъект қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің, Субъектінің басқару органдары мен атқарушы органдары қызметкерлерінің өздеріне белгілі болған Субъект қызметкерлерінің жол берген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабарлау тәртібі;
Тармақша 5
5) Субъектіні бақылайтын заңды тұлғалар белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптардың сипатта (бар болған кезде);
Тармақша 6
6) Субъектінің ішкі аудит қызметтерінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті органның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ нысаны мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқару органдарына және атқарушы органдарға басқарушылық есептілікті дайындау және ұсыну, сондай-ақ тәуелсіз аудит жүргізу тәртібі;
Тармақша 7
7) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі;
Тармақша 8
8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ жөніндегі бөлімшенің функцияларын, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде Субъектінің басқа бөлімшелерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімін, сондай-ақ жауапты қызметкердің функцияларын, өкілеттіктерін, жауапты қызметкердің Субъектінің басқару органдарымен және атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін сипаттау;
Тармақша 9
9) егер бұл орналасқан мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, Субъектінің Қазақстан Республикасында сияқты одан тысқары жерлерде де орналасқан филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқарудың және оларды төмендетудің Субъект ұйымының көлемін, сипатын және күрделілігін ескере отырып қосымша бақылау шаралары мен рәсімдерін қолдану тәртібі қамтылады.
Тармақ 7
7. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және жауапты бөлімшенің функцияларында мыналар:
Тармақша 1
1) әзірленген және Субъектінің басқару органдарымен немесе атқарушы органдарымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың) болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Субъектілердің оларды сақтауына мониторинг жүргізу;
Тармақша 2
2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға сәйкес қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға хабар ұсынуды ұйымдастыру және олардың ұсынылуын бақылау;
Тармақша 3
3) Субъектінің басқару органдарын және (немесе) атқарушы органдарын Тізбеде, ЖҚҚТҚ тізбесінде тұрған анықталған клиенттер және нысаналы қаржылық санкцияларды қолдану жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар ету;
Тармақша 4
4) клиенттердің операцияларын күдікті деп тану және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға Субъектілердің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабарды жолдау қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 5
5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда және Субъектінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операцияларын жүргізуді тоқтата тұру не одан бас тарту туралы шешімдер қабылдау не Субъектінің басқару органдарымен және (немесе) атқарушы органдарымен оларды келісу;
Тармақша 6
6) Субъектінің басқару органдарына және (немесе) атқарушы органдарына КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңда және (немесе) Субъектінің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұратулар жіберу;
Тармақша 7
7) Субъектінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы Субъектінің басқару органдары мен лауазымды тұлғаларын хабардар ету;
Тармақша 8
8) Субъектінің басқару органдарына және (немесе) субъектінің атқарушы органдарына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпаратты дайындау және оларды Субъектінің басқару органдарымен және (немесе) атқарушы органдарымен келісу;
Тармақша 9
9) Субъектінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне қатысу тәуекелін бағалау үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау процесін үйлестіру;
Тармақша 10
10) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің операциясына қатысты қабылданған шешімдерді құжаттамалық тіркеу;
Тармақша 11
11) ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде клиенттің досьесін қалыптастыру;
Тармақша 12
12) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған мәліметтердің жасырындылығын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңнаманың орындалуын бақылау үшін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру қамтылады.
Тармақ 8
8. Жауапты қызметкермен және жауапты бөлімшеге жүктелген функцияларын орындау үшін:
Тармақша 1
1) Субъектінің барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға өз функцияларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте және Субъектінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қол жеткізу; 📌 Ескерту. 8-тармағы 1) тармақшасының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - осы қаулының 4-тармағына сәйкес.
Тармақша 2
2) Cубъектінің бөлімшелеріне операция жүргізуге қатысты нұсқаулар беру;
Тармақша 3
3) Cубъект бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету қамтылатын мынадай өкілеттіктер беріледі.
Тармақ 9
9. Субъектінің филиалдарында Талаптардың 7 және 8-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толық немесе ішінара жүктелген қызметкерлер болған кезде мұндай қызметкерлердің қызметін жауапты қызметкер немесе жауапты бөлімше үйлестіреді.
Тармақ 10
10. Талаптардың 7 және 8-тармақтарында көзделген функциялар жүктелген жауапты қызметкердің және жауапты бөлімшенің функциялары ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті органның функцияларымен, сондай-ақ Субъектінің операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен үйлеспейді.
Тарау 3. 3-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы
3-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы
Тармақ 11
11. Ұйым ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ұйымның ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады. 📌 Ескерту. 11-тармағының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - осы қаулының 4-тармағына сәйкес.
Тармақ 12
12. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында Субъект КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді, онда технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері және қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдері ескеріледі. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасында мыналар:
Тармақша 1
1) Субъектінің құрылымдық бөлімшелері бөлінісінде оның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі;
Тармақша 2
2) клиент тәуекелінің деңгейіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттің типі, елдік тәуекел және қызметтер/өнімдер тәуекелі бойынша), сондай-ақ Субъект қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;
Тармақша 3
3) алдын алу іс-шараларының тізбесі, оларды өткізу тәртібі мен мерзімдері, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелердің бақылануы көзделетін клиенттердің тәуекелдеріне және Субъект өнімдерінің (қызметтерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне тұрақты мониторинг жүргізу, оларды талдау және бақылау тәртібі;
Тармақша 4
4) клиенттерге тәуекел деңгейлерін беру тәртібі, оларды қайта қарау мерзімдері мен негіздері;
Тармақша 5
5) тәуелсіз аудитпен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
Тармақша 6
6) тәуекел санаттары мен факторларын, сондай-ақ Субъект белгілейтін тәуекелдердің өзге де санаттарын ескере отырып, клиенттерді жіктеу шараларын қабылдау тәртібі;
Тармақша 7
7) жаңа жіберу тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені әзірлеуге (қолдануға), сондай-ақ жаңа және бұрыннан бар өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды пайдалануға дейін орын алатын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін айқындау және бағалау тәртібі қамтылады.
Тармақ 13
13. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін арттыратын клиенттердің түрлерінде мынадай факторлар:
Тармақша 1
1) шетелдіктер;
Тармақша 2
2) жария лауазымды адамдар, олардың жұбайлары (зайыптары), жақын туыстары және өкілдері;
Тармақша 3
3) шетелдік қаржы ұйымдары;
Тармақша 4
4) қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымына байланысты заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде: ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн-казино қызметтерін ұсынатын не онлайн-казино қызметінен кіріс алатын тұлғалар; туристік қызметтерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналымына байланысты өзге де қызметтерді ұсынатын тұлғалар;
Тармақша 5
5) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері;
Тармақша 6
6) қызметін сақтандыру агенттері ретінде жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 7
7) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 8
8) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;
Тармақша 9
9) Талаптардың 15-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
Тармақша 10
10) мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін арттыратын клиенттердің Субъект айқындаған қосымша түрлері (болған жағдайда) қамтылады.
Тармақ 14
14. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін төмендететін клиенттердің түрлерінде мынадай факторлар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ мемлекеттік органдар бақылайтын заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) акциялары Қазақстан Республикасы қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар;
Тармақша 4
4) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының резидент-бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылары қамтылады.
Тармақ 15
15. Субъект осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттердің клиенттеріне қызметтер (өнімдер) ұсынуға және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдер бойынша (географиялық) тәуекелді бағалайды. Жасалатын операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын шет мемлекеттер мыналар:
Тармақша 1
1) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган жасайтын, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);
Тармақша 2
2) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағы екінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес бекітілген офшорлық аймақтардың тізбесінде көрсетілген офшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шет мемлекеттер.
Тармақша 4
4) Субъект басқа да факторлар (сыбайлас жемқорлық, есірткінің заңсыз өндірілуінің, айналымының және (немесе) транзитінің деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және т.б.) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ-ның жоғары тәуекелі ретінде айқындаған шет мемлекеттер (аумақтар).
Тармақ 16
16. Субъектінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын қызметтерінде, сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдерінде мына:
Тармақша 1
1) цифрлық активтердің әмияндарына тексеру жүргізу қорытындылары бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелі жоғары клиенттердің цифрлық активтерінің әмияндары бар қызметтер;
Тармақша 2
2) клиенттің транзакцияны (миксерлерді) қадағалауды қиындататын, оның ішінде өзге де жоғары тәуекел факторларымен ұштастыра отырып, клиенттің транзакцияны иесіздендіру бойынша сервистерді пайдалану белгілері бар клиенттердің цифрлық активтерінің әмияндары бар қызметтер; 📌 Ескерту. 16-тармағы 2) тармақшасының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - осы қаулының 4-тармағына сәйкес.
Тармақша 3
3) цифрлық активтер қызметтері провайдерлері қызмет көрсетпейтін цифрлық активтер әмияндарымен қызметтер және операциялар.
Тармақ 17
17. Субъект қызметтерінің (өнімдерінің) Талаптардың 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көрсетілген тәуекел санаттары мен факторларына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау кезінде субъект тәуекелдің қорытынды дәрежесіне әсер ететін қосымша мынадай мәліметтерді ескереді:
Тармақша 1
1) Субъектінің қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жіберген клиенттердің күдікті операциялары туралы хабарламаларының саны;
Тармақша 2
2) Субъектінің қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жіберген клиенттердің шекті операциялары туралы хабарламаларының саны.
Тармақ 18
18. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерді бағалау) бағдарламасын іске асыру шеңберінде Субъект Талаптардың 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көрсетілген тәуекел санаттары мен факторларын, сондай-ақ Субъект белгілейтін өзге де тәуекел санаттары мен факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу шараларын қабылдайды. Субъект клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және оларға мониторинг жүргізу рәсімдері шеңберінде алынған клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша Клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін белгілейді және екі деңгейден (төмен, жоғары) кем болмайтын тәуекел деңгейін айқындау шкаласы бойынша бағалайды. Субъект клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарайды. Бұдан бұрын оларға қатысты тәуекелді бағалау жүргізілмеген және (немесе) бұрын іскерлік қатынастар орнатылмаған клиенттер (клиенттер топтары) бойынша Субъект іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін алынған деректер негізінде тәуекелді бастапқы бағалауды жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
Тармақ 19
19. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру жөніндегі талаптарын іске асыру мақсатында Субъект клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру Субъектінің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың дұрыстығын тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың немесе біржолғы операцияның (мәміленің) болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы Талаптарда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізуін білдіреді. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің дәрежесіне байланысты Субъект өткізетін іс-шаралардың дәрежесі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін), бенефициарлық меншік иелерін жеңілдетілген не күшейтілген сәйкестендіруді жүргізу арқылы клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген және жеңілдетілген шараларын қолдануда көрінеді. Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру клиенттің бенефициарлық меншік иесінің жеке басын тексеру үшін тиісті (ақылға қонымды) шараларды қабылдау арқылы, оның ішінде клиенттің соңғы бенефициарының меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды клиенттен сұрату арқылы жүзеге асырылады. Егер тиісінше тексеру шараларын қабылдау нәтижесінде клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, жеке-дара атқарушы органды не клиент-заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі. Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген ақпарат болмаған не толық ұсынылмаған жағдайда, Субъект операцияның жүргізілуін клиент талап етілген ақпаратты ұсынғанға дейін кемінде 48 (қырық сегіз) сағат мерзімге тоқтата тұрады. Клиент цифрлық активтерді жөнелтушіні және (немесе) алушыны сәйкестендіру үшін қажетті ақпаратты ұсынбаған жағдайда, белгіленген мерзім өткеннен кейін Субъект операцияны жүргізуден бас тартады.
Тармақ 20
20. Клиенттің бенефициарлық меншік иесін анықтау, оның меншігі мен басқару құрылымын белгілеу жөніндегі іс – шаралар құрылтай құжаттары және осындай клиенттің акцияларын ұстаушылар тізілімі (қатысушылар тізілімі), қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі (бұдан әрі – БМИ тізілімі) не басқа көздерден алынған мәліметтер негізінде жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Анықталған бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер БМИ тізіліміне енгізіледі.
Тармақ 22
22. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарын ескере отырып, Субъект клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіреді, сондай-ақ мына:
Тармақша 1
1) клиентпен іскерлік қатынастар орнатылған;
Тармақша 2
2) клиент біржолғы операция (мәміле) жасаған;
Тармақша 3
3) клиент шекті операция (мәміле) жасаған;
Тармақша 4
4) клиенттің күдікті операциясы (мәмілесі) анықталған;
Тармақша 5
5) бұрын алынған жеке және заңды тұлғалар туралы деректердің дұрыстығына күмән келтіруге негіздер болған жағдайларда, іскерлік қатынастардың немесе біржолғы операцияның (мәміленің) болжамды мақсатын белгілейді.
Тармақ 23
23. Талаптардың 19-тармағына сәйкес алынған мәліметтерді, сондай-ақ клиенттердің цифрлық активтерінің әмияндары туралы ақпаратты (цифрлық актив әмиянының мекенжайын, цифрлық активтің әмияны ашылған блокчейннің атауын, әмиянның түрін (аппараттық/бағдарламалық) қоса алғанда, Субъект аталған мәліметтерді клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңінде және олар аяқталған не біржолғы операция (мәміле) жасалған күннен бастап кемінде бес жыл бойы Субъектіде сақталатын клиенттің досьесіне енгізеді (қосады). Субъектілер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын, оның ішінде қаржылық мониторинг жүргізуге жататын операциялар, күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақтауға тиіс.
Тармақ 24
24. Қатысушы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 7-тармағының талаптарын ескере отырып, мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерімен, цифрлық қаржы активтерінің эмитенттерімен, цифрлық майнерлермен, цифрлық майнинг пулдарымен, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен, Қазақстан Республикасының резидент-бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларымен іскерлік қатынастар орнату;
Тармақша 2
2) клиентке КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің төмендетілген деңгейін беру кезінде жеңілдетілген сәйкестендіруді жүргізеді.
Тармақ 25
25. Субъект:
Тармақша 1
1) клиентке КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген кезде;
Тармақша 2
2) клиенттің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу барысында күдікті операция (мәміле) не оны жасау әрекеті анықталған кезде;
Тармақша 3
3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағында белгіленген шектен асатын сомаға операциялар жүргізілген кезде;
Тармақша 4
4) клиент ұсынған мәліметтердің дұрыстығына күмән болған кезде;
Тармақша 5
5) цифрлық активтердің, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген цифрлық активті сатып алуға арналған қаражаттың туындауына күмән болған кезде;
Тармақша 6
6) операцияларды талдау және бақылау жүйесі арқылы клиенттің цифрлық активтерінің әмиянын тексеру қорытындылары бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің орташа және жоғары деңгейі болған кезде;
Тармақша 7
7) клиенттің цифрлық активті ұстаушылар тізбегін қадағалауды қиындататын операцияларды анонимдеу сервистерін пайдалану белгілері болған кезде;
Тармақша 8
8) Субъектінің ішкі құжаттарында белгіленген жағдайларда, оның ішінде жауапты қызметкердің шешімі бойынша күшейтілген сәйкестендіруді жүргізеді.
Тармақ 26
26. Субъектілер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген операцияларды талдау және бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 27
27. Клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) процесінде Субъект осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына тексеру жүргізеді.
Тармақ 28
28. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді (цифрлық активтерді алушы туралы мәліметтерді қоспағанда) растау мақсатында клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар олардың жарамдылығына тексеріледі. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру (цифрлық активтерді алушы туралы мәліметтерді қоспағанда) клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін деректермен салыстыру не қолжетімді дереккөздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстыру не мәліметтерді басқа тәсілдермен тексеру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасында мыналар:
Тармақша 1
1) іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операцияны жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату үшін рәсім мен негіздерді қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау рәсімі;
Тармақша 2
2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін, оның ішінде клиентті тиісінше тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктері;
Тармақша 3
3) қызмет көрсетудегі немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жеке тұлғалар, жария лауазымды тұлғалар, олардың жұбайлары мен жақын туыстарын анықтауға және қызмет көрсетуге осындай клиенттерді қабылдауға бағытталған шараларды сипаттау (Субъектінің лауазымды адамдарының жазбаша рұқсатымен), олар туралы мәліметтерді кейіннен жоғары кезеңділікпен қайта қарау және жаңарту;
Тармақша 4
4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚКТҚ тізбесінде бар болуын тексеру рәсімі;
Тармақша 5
5) іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде сәйкестендіру ерекшеліктері (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз);
Тармақша 6
6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде, Субъектіге бақылауы бар заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша талаптарды орындау шеңберінде алынған мәліметтермен алмасу ерекшеліктері (бар болса);
Тармақша 7
7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында қосымша ақпарат көздерін, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат көздерін сипаттау;
Тармақша 8
8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру рәсімі;
Тармақша 9
9) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және тәртібіне, мәліметтерді жаңарту кезеңділігін көрсете отырып, досьеде қамтылған мәліметтерді жаңартуға қойылатын талаптар;
Тармақша 10
10) сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған ақпаратқа Субъект қызметкерлерінің қол жеткізуін қамтамасыз ету рәсімі;
Тармақша 11
11) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау рәсімі, осындай тәуекелді бағалау негіздері;
Тармақша 12
12) клиенттен сұратылатын құжаттар мен ақпараттардың тізбесін қоса алғанда, бенефициарлық меншік иесін Субъектінің клиенттерді анықтауға және сәйкестендіруге бағытталған шараларының (рәсімдерінің) тізбесі, Субъектінің жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тану туралы шешім қабылдау тәртібі;
Тармақша 13
13) цифрлық активтерді аудару ашықтығын қамтамасыз ету тәртібі, оның ішінде цифрлық активтермен операциялар жүргізу кезінде жөнелтуші мен алушы туралы мәліметтерді алу, беру және сақтау тәртібі, сондай-ақ мұндай мәліметтер болмаған, толық емес не бір-біріне қайшы келген жағдайларда Субъект қызметкерлерінің іс-қимыл тәртібі айқындалады; Аталған рәсім шеңберінде Субъект цифрлық активтерді жөнелтуші мен алушы туралы мынадай мәліметтерді: операция туралы мәліметтер, оның ішінде цифрлық активтің түрі, сомсы, операция жасалған күні мен уақыты, пайдаланылған блокчейн (таратыған тізілім) және Субъектінің ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер. цифрлық активтерді жөнелтуші туралы: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы; клиентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер; цифрлық активтер әмиянының мекенжайы не операцияны жүзеге асыру үшін пайдаланылатын өзге бірегей идентификатор; бар болған жағдайда – жөнелтушіге қызмет көрсететін цифрлық активтер қызметтерін көрсетуші провайдер туралы мәліметтер. цифрлық активтерді алушы туралы: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы; алушының цифрлық активтер әмиянының мекенжайы не өзге бірегей идентификаторы; бар болған жағдайда – алушыға қызмет көрсететін цифрлық активтер қызметтерін көрсетуші провайдер туралы мәліметтерді алуды және тіркеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) цифрлық активтер қызметтерін провайдерлер қызмет көрсетпейтін цифрлық активтер әмияндарының мекенжайларына цифрлық активтерді аудару кезінде не цифрлық активтердің осындай әмиянының иесі (бенефициарлық меншік иесі) туралы мәліметтерді белгілеу және тексеру жөніндегі тәуекелге бағдарланған шараларды қоса алғанда, осындай мекенжайлардан цифрлық активтерді алу кезінде тиісті тексеру шараларын қолдану ерекшеліктері субъектінің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда;
Тармақша 15
15) Субъект бағдарламасына енгізген клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің сәйкестендіру бойынша қосымша шаралар (бар болса) қамтылады.
Тармақ 30
30. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, Субъект іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді.
Тарау 5. 5-тарау. Клиенттердің операцияларын бақылау және зерттеу бағдарламасы
5-тарау. Клиенттердің операцияларын бақылау және зерттеу бағдарламасы
Тармақ 31
31. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заң талаптарын іске асыру мақсатында клиентті тиісінше тексеру, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды анықтау және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жіберу бойынша Субъект клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.
Тармақ 32
32. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы шеңберінде Субъект клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу, сондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті және күдікті операцияларды анықтау іс-шараларын жүргізеді. Клиент операцияларын зерттеудің жиілігі, тереңдігі және қарқындылығы клиенттің тәуекел деңгейі ескеріле отырып, клиенттің қызметінің мөлшері, маңыздылығы, сипаты, ауқымы және күрделілігі туралы мәліметтердің, сондай-ақ клиент орындайтын операцияларды қаржыландыру көзі және (немесе) клиент пайдаланатын қызметтердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне, клиенттің қаржылық мониторингке жататын операцияларды (операцияларды) жасау (орындауға әрекет ету) дәрежесі туралы мәліметтердің, сондай-ақ Субъектіде бар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ сценарийлерін (схемаларын) және (немесе) ерекше және күдікті операциялардың белгілерін ескере отырып, талдау негізінде айқындалады. Субъект клиенттер операцияларының мониторингі мен зерттелу нәтижелерін Субъект қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттердің тәуекел деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерттеуді қоса алғанда, клиенттің операцияларын мониторингтеу және зерттеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер клиенттің досьеге енгізіледі және Субъектіде клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және олар аяқталған не бір реттік операция (мәміле) жасалған күннен бастап кемінде бес жыл бойы сақталады.
Тармақ 33
33. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңартудың мерзімділігін және (немесе) алу қажеттілігін клиент (клиенттер тобы) тәуекелінің деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын Субъект қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, Субъект белгілейді. Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады. Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) Тізбе мен ЖҚҚТҚ тізбесінде (Тізбе мен ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізу) бар болуын тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне тәуелді емес және Тізбелер мен ЖҚҚТҚ тізбелеріне өзгерістер енгізілген кезде (Тізбе мен ЖҚҚТҚ тізбесі жаңартылған кезде) жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Клиенттердің операцияларын бақылау және зерттеу бағдарламасында мыналар:
Тармақша 1
1) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес бекіткен, сондай-ақ субъекті өз бетінше әзірлеген күдікті операцияның ұйғарым белгілері негізінде жасалатын, ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;
Тармақша 2
2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес сипаттамалары бар клиенттің операциясын анықтау рәсімі;
Тармақша 3
3) талаптарда көзделген жағдайларда бұрын алынған және (немесе) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту жөніндегі міндеттерді Субъект қызметкерлері арасында бөлу;
Тармақша 4
4) Субъект қызметкерлері арасында шекті, ерекше және күдікті операциялар, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялар туралы мәліметтерді анықтау және қызметкерлер арасында беру жөніндегі міндеттерді бөлу;
Тармақша 5
5) шекті, ерекше және күдікті операцияларды, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды анықтау кезінде бөлімшелердің өзара іс-қимыл механизмін сипаттау;
Тармақша 6
6) жауапты қызметкердің клиенттің операциясын саралау туралы шешім қабылдау рәсімі, негіздері және мерзімі;
Тармақша 7
7) клиенттің операциясын жүргізуден бас тарту туралы (клиенттің, бенефициарлық меншік иесінің тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына байланысты бас тартуды қоспағанда), сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау бойынша қызметкерлердің өзара іс-қимыл жасау рәсімі;
Тармақша 8
8) Субъект бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) ЖҚҚТҚ тізбесі мен тізбесіндегі клиенттерді және бенефициарлық меншік иелерін анықтау бойынша, сондай-ақ осындай клиенттердің ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операцияларды дереу тоқтату жөніндегі өзара іс-қимыл рәсімі;
Тармақша 9
9) ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар (оның ішінде операция сомасы, операция валютасы) және қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялар туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) және сақтау рәсімі;
Тармақша 10
10) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды ұсыну рәсімі;
Тармақша 11
11) Субъектінің уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарын (қажет болған жағдайда) шекті және күдікті операцияның анықталғаны туралы хабардар ету рәсімі;
Тармақша 12
12) клиент жүйелі және (немесе) елеулі көлемде ерекше және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда клиентке және оның операцияларына қатысты қабылданатын шараларды қабылдау рәсімі мен сипаттау;
Тармақша 13
13) Субъект бағдарламаға енгізген клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу жөніндегі қосымша шаралар (бар болса) қамтылады.
Тармақ 35
35. Операцияны шекті кезең ретінде саралаудың заңдылығына қатысты күмән туындаған кезде, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар ерекше немесе күдікті операция мен операция анықталған кезде көрсетілген операцияны анықтаған Субъектінің қызметкері осындай операция туралы хабарламаны жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша бөлімшеге) Субъектінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімдерде жібереді. Бірнеше операция туралы ақпарат бір хабарламада немесе бірнеше хабарламада жіберіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаларды, сондай-ақ оларды зерттеу нәтижелерін Субъект клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған не бір реттік операция (мәміле) жасалған күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.
Тармақ 36
36. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес клиенттің барлық операциялары:
Тармақша 1
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша;
Тармақша 2
2) егер оларда күдікті операция белгілерінің сипаттамалары болса, зерделенуге жатады. Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операцияларды зерттеу нәтижелері бойынша Субъектіде ақша және (немесе) оны жасау үшін пайдаланылатын өзге де мүлік қылмыстық қызметтен кіріс болып табылатынына күдік туындаса не операцияның өзі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ-ны не өзге де қылмыстық қызметті заңдастыруға бағытталған болса, клиент операциялары күдікті деп танылады. Клиенттің операциясын күдікті операция ретінде тану (тануы) туралы шешімді Субъект клиенттің (оның өкілінің) және операцияны жүзеге асыратын бенефициарлық меншік иесінің мәртебесі мен қызметін сипаттайтын өз иелігіндегі ақпарат пен құжаттар, сондай-ақ клиенттің қаржылық-шаруашылық қызметі, қаржылық жағдайы және іскерлік беделі туралы ақпарат негізінде дербес қабылдайды. Операцияны жасау уақыты мен осындай операция күдікті деп танылған уақыт арасындағы айырмашылық Субъектінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес клиенттің операциясын зерттеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспайды. Қаржылық мониторинг субъектілері қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру фактілерінің алдын алу мақсатында операция күдікті деп танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті. Ақша және (немесе) өзге де мүлікке жасалған, олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар туралы хабарламаларды қаржылық мониторинг субъектілері операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.
Тарау 6. 6-тарау. Субъект қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы
6-тарау. Субъект қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы
Тармақ 37
37. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласы бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты Субъект қызметкерлерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласы бойынша заңнаманың талаптарын, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласы бойынша субъектінің ішкі бақылау қағидалары мен өзге де ішкі құжаттарын орындау үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы болып табылады.
Тармақ 38
38. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы оқыту бағдарламасында мыналар:
Тармақша 1
1) оқыту тақырыбын, жүргізу әдістерін, мерзімдерін және оқытуды жүргізуге жауапты бөлімшені (адамды) қамтитын қызметкерлерді оқытудың үзіліссіз тәртібі;
Тармақша 2
2) қызметкерлері оқытудан өтетін субъекті бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі;
Тармақша 3
3) оқыту нәтижелерін сақтау тәртібі мен нысандары;
Тармақша 4
4) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мәселелері бойынша қызметкерлердің білімін тексеру тәртібі мен нысандары қамтылады.
Тармақ 39
39. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Cубъект қызметкерлерін даярлау және оқыту талаптарына сәйкес әзірленеді.