Об утверждении Правил утверждения проектно-сметной документации, предназначенной для строительства строительных объектов за счет государственных инвестиций Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін
салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы
бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексі 24-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту қағидалары
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 10 сәуірдегі
№ 162
Бұйрыққа 1-қосымша
Мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексі 24-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидалар жаңа құрылыс объектілерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салудың, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын құрылыс объектілерін (бұдан әрі - құрылыс объектілері) реконструкциялаудың (кеңейтудің, жаңғыртудың, техникалық қайта жарақтандырудың) немесе күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасын бекіту кезінде қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) еншілес ұйым - жарғылық капиталға басымдықпен қатысу үлесінің не олардың арасында жасалған шарттың болуы негізінде не өзгеше түрде шешімдерін басқа заңды тұлға айқындай алатын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) құрылыстағы мемлекеттік инвестициялар (мемлекеттік инвестициялар) - жаңа құрылыс объектілерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ құрылыс объектілерін реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге инвестициялар, олардың көздері болып мыналар табылады:
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге бағытталған нысаналы қаражат;
мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын ұйымдар мен заңды тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты;
дербес білім беру ұйымдарының қаражаты.
Мемлекеттік инвестицияларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындарды қоса қаржыландыруға және (немесе) өтемақы төлеуге бағытталған республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты да жатады;
Тармақша 3
3) құрылыстың сметалық құны - жобалау материалдары мен сметалық нормативтік құжаттар негізінде жобалау-сметалық құжаттамада (бар болса) айқындалған құрылысқа қажетті ақша сомасы;
Тармақша 4
4) тапсырыс беруші - қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Қызмет мақсаттарына қарай жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі) не олардың уәкілетті тұлғалары тапсырыс беруші бола алады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік инвестициялар есебінен
құрылыс объектілерін салуға арналған
жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік инвестициялар есебінен
құрылыс объектілерін салуға арналған
жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне жобалау-сметалық құжаттаманы жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторының және тапсырыс берушінің (меншік иесінің) бірінші басшылары не олар уәкілеттік берген лауазымды адамдар бекітуге тиіс.
Тармақ 5
5. Егер құрылыс объектiлерiне жобалау-сметалық құжаттама бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсiнiң құзыретiне жатқызылмайтын, экономиканың әртүрлi салаларында жобаларды iске асыруды көздейтiн, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды iске асыру шеңберiнде әзірленген жағдайда, онда осы құжаттаманы «Самұрық-Қазына «Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қор) қоспағанда, осы ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг (бірінші басшы не бірінші басшы уәкілеттік берген тұлға) бекітеді.
Егер құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттама Қордың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру шеңберінде әзірленген жағдайда, онда осы құжаттама тапсырыс беруші болып табылатын не тапсырыс берушінің акцияларын (қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында иеленетін Қордың еншілес ұйымы (бірінші басшы не бірінші басшы уәкілеттік берген тұлға) бекітуге тиіс.
Тармақ 6
6. Құрылысын қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын құрылыс объектілеріне арналған жобалау-сметалық құжаттаманы қарыз алушы бекітеді және қайта бекітеді.
Тармақ 7
7. Құрылыс объектілеріне жобалау-сметалық құжаттама құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей бекітіледі.
Құрылыс объектілеріне жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту бекітілетін техникалық-экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде құрылыстың сметалық құнын көрсете отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Жобалау-сметалық құжаттама бекітілген сәттен бастап оны әзірлеу аяқталды деп есептеледі.
Құрылыс жобасын іске асыру осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен бекітілген жобалық шешімдерге және оның көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан құрылыс объектілері жобалау-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін ғана іске асырылуға тиіс.
Тармақ 10
10. Ол бекітілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде құрылыс басталмаған жобалау-сметалық құжаттама ескірген болып есептеледі және осы Қағидаларға сәйкес құрылыс жобасына түзетулер енгізілгеннен, қайта ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.
Тармақ 11
11. Бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама ведомстводан тыс кешенді сараптамадан қайта өтуге және қайта бекітуге мынадай жағдайларда жатады:
Тармақша 1
1) егер белгіленген құрылыс объектісінің құрылысы басталғанға дейін немесе оның барысында бекітілген жобалау-сметалық құжаттама түзетілуге жататын инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты, негізгі материалдарды және (немесе) техникалық-экономикалық көрсеткіштерді өзгертетін бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда, ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалау шешімдеріне әсер ететін елеулі сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізделген қажеттілігі туындаса.
Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер сметаны қайта қарауды жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстарының құнының ұлғаюы себебінен шарт жасалған күнге келтірілген сметалық құн кемінде он пайызға ұлғайған кезде, мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалу болмаған кезде жобалық шешімдерін өзгертпей жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жүзеге асырылады.
Жобалық шешімдерді өзгертпей құрылыстың сметалық құнын түзету осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, құрылыс мердігерлігі шартын жасасқан күннен кейінгі алғашқы он екі айда жүргізілмейді;
Тармақша 2
2) жобалау-сметалық құжаттаманың сметалық бөліміне түзету жүргізілетін қосылған құн салығының мөлшерлемесінің өзгеруі, бұл ретте, орындалған жұмыс көлемі бар жобалау-сметалық құжаттаманың бір бөлігі түзетуге жатпайды және жобалау-сметалық құжаттаманы түзетудің орындылығын айқындау жөніндегі тиісті бюджет комиссиясының шешімі талап етілмейді;
Тармақша 3
3) құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстарды бастау жоспарланған күннен бастап бір жыл өткен соң конкурстық рәсімдер жүргізілмесе және құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржыландыру көзделмесе, бұл ретте бекітілген жобалау-сметалық құжаттама жобалық шешімдерді өзгертпей түзетуге жатады.
Тармақ 12
12. Құрылыс процесінде жобалау-сметалық құжаттаманы түзету және қайта бекіту қажеттілігі туындаған кезде, онда тапсырыс беруші бекіткен, техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалар куәландырған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер және орындалған және қалған жұмыстардың физикалық көлемдерінің бөлу тізімдемесі, осы Қағидаларға сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу және қайта бекіту үшін ұсынылады, бұл ретте орындалған жұмыс көлемдері бар жобалау-сметалық құжаттаманың бір бөлігі түзетуге жатпайды.
Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша қосымша тиісті бюджет комиссиясының шешімі ұсынылады.
Тармақ 13
13. Егер бұрын бекітілген жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 95 % және одан да көп көлемде орындалған болса, онда жобалау-сметалық құжаттама түзетуге және қайта бекітуге жатпайды.
Басқа 2. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 10 сәуірдегі
№ 162
Бұйрыққа 2-қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №304 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10632 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №304 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13018 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №304 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 маусымдағы №370 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15365 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 тамыздағы №648 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19283 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №304 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №918 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19724 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №304 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі №507 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24515 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №304 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы №48 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31771 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы №61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31827 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі №3 бұйрығы 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33432 болып тіркелген).
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 4 сәуірдегі №118 бұйрығы 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34228 болып тіркелген).