О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам органов юстиции Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әдiлет органдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4; 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат, N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат, 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат): 65-баптың екiншi бөлiгiнiң 3) тармағы "жазаларды орындау" деген сөздерден кейін "және қамауда ұстау" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық-атқару кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат, 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат):
Тармақша 1
1) мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2-баптармен толықтырылсын:
Бап 19-1. "19-1-бап. Қоғамдық бақылау
"19-1-бап. Қоғамдық бақылау
Тармақ 1
1. Қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұстау жағдайлары, медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, еңбегiн, бос уақытын және оларды оқытуды ұйымдастыру бөлiгіндегi құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) қоғамдық байқау комиссиялары құрылады.
Тармақ 3
3. Қоғамдық байқау комиссиялары түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының әкiмшiлiктерiне түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн жәрдемдесуге құқылы.
Тармақ 4
4. Түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторлары әкiмшіліктерiнiң қызметiн қоғамдық бақылау және қоғамдық байқау комиссияларының оларға жәрдемдесуi ерiктiлiк, тең құқықтық, өзiн-өзi басқару және заңдылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асырған кезде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қызметiне, сондай-ақ жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiндегi қызметiне араласуға жол берiлмейдi.
Бап 19-2. 19-2-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының өкiлеттiгi
19-2-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының өкiлеттiгi
Тармақ 1
1. Қоғамдық байқау комиссиясы, сондай-ақ қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi:
Тармақша 1
1) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларына қоғамдық байқау комиссиясының кемiнде екi мүшесi құрамында қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органы белгiлеген тәртiппен кедергiсiз кiруге;
Тармақша 2
2) сотталғандармен олардың келiсiмi болған кезде әңгiмелесуге, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылу мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерi мен шағымдарын қабылдауға;
Тармақша 3
3) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларындағы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнiнде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының әкiмшiлiгiне және (немесе) прокуратура органдарына өтiнiш жасауға құқылы.
Тармақ 2
2. Түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ерекше режим енгiзiлген кезеңде қоғамдық байқау комиссиясының аталған мекемелерге бару жөнiндегi өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады.
Тармақ 3
3. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi өз өкiлеттiктерiн орындау кезiнде түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қызметiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн сақтауға, сондай-ақ аталған мекемелер әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына бағынуға мiндеттi. Қоғамдық бақылау iс-шараларын өткiзу iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға кедергi келтiрмеуге тиiс.";
Тармақша 2
2) 21-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Бап 21. "21-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде болу";
"21-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде болу"; 1-тармақтың бiрiншi абзацы "мекемелерде" деген сөзден кейiн ", тергеу изоляторларында" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: "атқарушы мекемелерге" деген сөздерден кейiн ", тергеу изоляторларына" деген сөздермен толықтырылсын; "орталық" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақта: "Сотталғандардың" деген сөз "Сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың" деген сөздермен ауыстырылсын; "түзеу мекемесi" деген сөздерден кейiн ", тергеу изоляторы" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 70-баптың 1-тармағындағы "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; N 15, 147-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат): 12-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгіндегi ", ал әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары - Iшкi iстер министрлiгiнiң тергеу изоляторларында" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi уәкiлеттi органының немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күші бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 84-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 3-14; 174-құжат, ай 17-18; 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат):
Тармақша 1
1) 2-баптың 1-тармағында:
Тармақша 4
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 4
"4) әкiмшiлiк жазалауларды орындау;";
Тармақша 5
5) тармақшадағы "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторларында және" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 10
10) тармақшадағы "паспорт және" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 12
12) тармақшадағы "жүзеге асыру болып табылады." деген сөздер "жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 13
"13) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау болып табылады.";
Тармақша 2
2) 4-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторлары," деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 3
3) 4-2-бапта: бiрiншi бөлiктегi "төлқұжаттық жұмыстар мен" деген сөздер алып тасталсын; екiншi бөлiктегі ", төлқұжаттық қызмет" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 4
4) 10-баптың 1-тармағында:
Тармақша 5
5) тармақшадағы "тергеу изоляторларында және" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 12
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 12
"12) әкiмшiлiк жазалауларды орындауға, әкiмшiлiк қамауға алынғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге;";
Тармақша 22
22) және 23) тармақшалардағы "еңбекпен түзеу мекемелерiн", "еңбекпен түзеу мекемелерiндегi" деген сөздер тиiсiнше "түзеу мекемелерiн", "түзеу мекемелерiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 25
25) тармақшадағы "паспорт жүйесiнiң белгiленген ережелерiн сақтауын, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 30
30) тармақшадағы "мiндеттi" деген сөз алып тасталып, 30-1) тармақшадағы "қолдануға мiндеттi." деген сөздер "қолдануға;" деген сөзбен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы 31)-40) тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 31
"31) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылауға және жүзеге асыруға;
Тармақша 32
32) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласына келiп түсетiн техникалық көмек пен инвестициялардың нысаналы пайдаланылуын өз құзыретi шегiнде бақылауға;
Тармақша 33
33) мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы мемлекеттiк саясат пен стратегияны әзiрлеуге және iске асыруға қатысуға;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалының жай-күйi мен даму үрдiсiн талдауға, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегия мен мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға;
Тармақша 35
35) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссиялардың қызметiн, сондай-ақ олардың нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын орындауын үйлестiрiп отыруға;
Тармақша 36
36) нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқару органдарына жәрдем көрсетуге және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 37
37) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
Тармақша 38
38) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы заңдардың қолданылу iс-тәжiрибесiн талдап, қорытуға және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және енгiзуге;
Тармақша 39
39) өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласында жұмыс iстеу үшiн мамандарды, сондай-ақ есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейiм адамдардың профилактикасы, оларды емдеудi, әлеуметтiк оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруға және үйлестiруге;
Тармақша 40
40) құзыреттi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiруге мiндеттi;";
Тармақша 5
5) 11-баптың 1-тармағында:
Тармақша 23
23) тармақшадағы "тергеу изоляторлары мен" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 33-1
33-1) тармақшадағы "оқшау бөлмелер мен" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 5
5. "Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат):
Тармақша 1
1) 7-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың екiншi бөлiгi "қауiпсiздiк комитетiне," деген сөздерден кейiн "қылмыстық-атқару жүйесiнің уәкiлеттi органына," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 8-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы "Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 11-баптың 1-тармағы "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) 15-баптың 1-тармағы "Iшкi iстер министрлiгi," деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) 23-бапта:
Тармақ 2
2-тармақ "Iшкi iстер министрлiгi," деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 6
6-тармақ "Iшкi iстер министрлiгiне" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiне" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 6
6) 25-баптағы "Iшкi iстер" деген сөздер "Әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 7
7) 34-баптағы "iшкi iстер" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 8
8) 42-бап "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 9
9) 44-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 6
6. "Әдiлет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат):
Тармақша 1
1) 3-бапта: мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 6-1
"6-1) сотталғандардың түзелуiн ұйымдастыру;
Тармақша 6-2
6-2) сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;";
Тармақша 8
8) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 9-1
"9-1) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру;
Тармақша 9-2
9-2) азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру;";
Тармақша 2
2) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
"1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi аумақтық әдiлет органдары болып табылады.";
Тармақша 3
3) 10-бапта: "қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - қылмыстық-атқару жүйесi)" деген сөздермен толықтырылсын; "мекемелер мен органдардың" деген сөздер "органдар мен мекемелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын: "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң өз туы мен нышаны болады. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.";
Тармақша 4
4) 11-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Бап 11. "11-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымы
"11-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымы
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы);
Тармақша 2
2) қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органдары;
Тармақша 3
3) қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар: қылмыстық-атқару инспекциялары; түзеу мекемелерi;
Тармақша 4
4) тергеу изоляторлары;
Тармақша 5
5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактика ұйымдары мен бiлiм беру ұйымдары;
Тармақша 6
6) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi;
Тармақша 7
7) оңалту орталықтары - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға олар босатылғаннан кейiн алты ай iшiнде еңбекке және тұрмыстық орналастыруда жәрдемдесуге, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге арналған қылмыстық-атқару жүйесiнiң ұйымдары құрайды.";
Тармақша 5
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 4
"4. Жергiлiктi атқарушы органдар қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган құрады. Консультативтiк-кеңесші органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн типтiк ережемен регламенттеледi.";
Тармақша 6
6) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
Бап 12-1. "12-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылау
"12-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылау
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылауды (бұдан әрi - қоғамдық бақылау) қоғамдық байқау комиссияларының мүшелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық байқау комиссиялары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi әкiмшіліктерiнің қызметiне:
Тармақша 1
1) сезiктiлердiң, айыпталушылар мен сотталғандардың ұсталу жағдайын және оларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудi жақсарту;
Тармақша 2
2) сотталғандардың еңбегiн, бос уақытын, оларды оқытуды ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 3
3) сотталғандарға оларды босатуға дайындауда, тұрғын үй-тұрмыстық жайластыру, жұмысқа орналастыру, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтiк қамсыздандыру, әлеуметтiк-психологиялық оңалту және бейiмдеу мәселелерiн шешуде көмек көрсету мақсатында жәрдемдесуге құқылы.
Тармақ 3
3. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнің әкiмшiлiктерi қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қоғамдық бақылау iс-шараларын жүзеге асырған кезде оларға жәрдемдеседi.
Тармақ 4
4. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi қоғамдық бақылау нәтижелерi бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiне не қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органына аталған мекемелердiң қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар жiберуге құқылы.";
Тармақша 7
7) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 3
"3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау, әзiрлеу және беру, азаматтарды есепке алу және тiркеу;";
Тармақша 8
8) 19-баптың 1-тармағында:
Тармақша 4
4) тармақша "қызметiн" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 7
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 7
"7) азаматтық хал актiлерiн жазу, құжаттамалау органдарының кадрларын аттестаттау, iрiктеу және орналастыру, осы органдарға ұйымдастырушылық, әдiстемелiк басшылық жасау, олардың қызметiнде бiрыңғай құқық қолдану iс-тәжiрибесiн қамтамасыз ету;";
Тармақша 9
9) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Бап 20. "20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi саласындағы функциялары
"20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi саласындағы функциялары Қылмыстық-атқару қызметi саласында әдiлет органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) соттардың сотталғандарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) сезiктiлер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
Тармақша 3
3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) сотталғандарға түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiн күзету, олардағы шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердiң, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетпен алып жүру;
Тармақша 7
7) сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiн атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталғандардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) сотталғандардың жалпы бiлiм алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту, нығайту мен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
Тармақша 13
13) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
Тармақша 14
14) қызметкерлердiң кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру.";
Тармақша 10
10) 22-бап алып тасталсын;
Тармақша 11
11) 24-бапта:
Тармақша 10
10), 11) тармақшалар алып тасталсын;
Тармақша 12
12) тармақшадағы "анықтауды жүзеге асыруға," деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 13
13) тармақша алып тасталсын;
Тармақша 12
12) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
Бап 24-1. "24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
"24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi:
Тармақша 1
1) сотталғанның жеке басының өзіндiк-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстер қолданып жасауға;
Тармақша 2
2) сотталғандарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда, еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке ақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
Тармақша 3
3) режимдiк талаптар белгiленген мекемелер аумағында және оған iргелес аумақтарда тұратын адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
Тармақша 4
4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде азаматтарды мекеме аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
Тармақша 5
5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнде тұрған адамдардың жұмыс орны мен оқу орны бойынша оларға байқау мен бақылау жасау мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстiк және өзге де үй-жайларына кiруге;
Тармақша 6
6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн жария ету және бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашып шыққан адамдарды iздестiру үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
Тармақша 8
8) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға өтiнiш жасауға құқылы.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi өз құзыретi шегiнде:
Тармақша 1
1) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдар мен олардың аумағында, сондай-ақ оған iргелес аумақта тұратын азаматтардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңдарында және сот үкiмiнде оларға жүктелген мiндеттердi орындауын талап етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды тiркеудi, сондай-ақ оларды дактилоскопиялауды, суретке түсiрудi, олардың бейне түсiрiлiмiн, дыбыс жазбасын жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) жүргiзiлетiн тәрбиелеу iс-шараларына сотталғандарды мiндеттi түрде қатыстыруға;
Тармақша 5
5) алкогольдi ішімдiктердi, уытты, есiрткi және өзге де психотроптық құралдарды пайдалану фактiлерiн анықтау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландыру жүргiзуге;
Тармақша 6
6) әкiмшiлiк немесе қылмыстық заңнаманың күшi қолданылуға жататын iс-әрекет жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына апаруға, олардың жеке басына тексеру жүргiзуге;
Тармақша 7
7) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiнде төтенше оқиға жағдайларына қызметтік тексерiс жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықтауды жүзеге асыруға мiндеттi.";
Тармақша 13
13) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Бап 25. "25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
"25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттік қызметшiлерi болып табылатын қызметкерлерi, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) осы Заңға сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерi, сондай-ақ еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.";
Тармақша 14
14) мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2, 25-3, 25-4-баптармен толықтырылсын:
Бап 25-1. "25-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналы
"25-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналы Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналын:
Тармақша 1
1) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) белгіленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi;
Тармақша 2
2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарында (мекемелерiнде) қызмет атқаратын мемлекеттiк қызметшілер;
Тармақша 3
3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынастарында тұратын қылмыстық атқару жүйесiнiң қызметкерлерi құрайды.
Бап 25-2. 25-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке қабылдау
25-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке қабылдау
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi бойынша өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымдарына оқуға орта бiлiмi бар, денсаулық жағдайы бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызмет өткеруге жарамды адамдар қабылданады. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiндегi оқу уақыты әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесiнiң бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен шарт жасалады, онда бiлiм беру ұйымын бiтiргеннен кейiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызметті одан әрi өткеру шарттары мен мерзiмдерi көзделедi.
Тармақ 3
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына - отыз екi жастан аспаған, орта және ата басшы құрамдағы лауазымдарына қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Жекелеген жағдайларда осы жас шегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің шешiмiмен өзгерiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Қылмыстық-атқару жүйесi бiлiм беру ұйымдарының тыңдаушыларын қоса алғанда, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарына тағайындалған немесе кадрларына қабылданған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және қылмыстық-атқару жүйесiнiң арнайы есебiнде тұрады.
Тармақ 5
5. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына {мекемелерiне) қызметке алғаш қабылданған адамдар мiндеттi түрде бастапқы арнайы оқудан және тағлымдамадан өтедi, олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тармақ 6
6. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Тармақ 7
7. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке денсаулық жағдайына байланысты жарамсыз, бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздемелер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.
Бап 25-3. 25-3-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы (мекемелерiндегi) қызметтiң шектi жасы
25-3-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы (мекемелерiндегi) қызметтiң шектi жасы
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әскери қызметте болу жасының шегiне дейiн қызметте бола алады. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына қызмет мерзiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Қызметтi ұзарту қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеде көзделген негiздемелер бойынша жұмыстан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
Бап 25-4. 25-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы (мекемелерiндегi) қызметтен босату
25-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы (мекемелерiндегi) қызметтен босату Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi мына негіздемелер бойынша:
Тармақша 1
1) зейнеткерлiкке құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) немесе әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
Тармақша 2
2) әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде денсаулық жағдайы бойынша;
Тармақша 3
3) штаттың қысқаруына немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының қайта құрылуына байланысты басқа лауазымға пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
Тармақша 4
4) өз тiлегi бойынша;
Тармақша 5
5) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыз болған жағдайда;
Тармақша 6
6) аттестаттау қорытындылары бойынша қызметке сай келмейтiндiгi анықталуына байланысты;
Тармақша 7
7) қызмет тәртiбiн ұдайы бұзғаны үшiн;
Тармақша 8
8) беделiн түсiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;
Тармақша 9
9) соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде немесе ақталуға болмайтын негiздемелер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған кезде;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайда қызметтен босатылады.";
Тармақша 15
15) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Бап 26. "26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
"26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мемлекеттiк билiктiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң заңды талаптары лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
Тармақ 3
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң заңды талаптарын орындамау, оны балағаттау, қарсылық көрсету, күшпен қорқыту немесе оның қызметтік борышын орындауына байланысты қызметкердiң немесе жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне өзге де қол сұғу заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тармақ 4
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiн қызметке қабылдау, қызмет өткеруi мен қызметтен босату тәртiбi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен реттеледi.
Тармақ 5
5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне олардың жеке басы мен өкiлеттiктерiн растау үшiн қызметтік куәлiк пен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi.
Тармақ 6
6. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi жемiстi еңбек қызметi мен ерлiгi үшiн сiңiрген еңбегiн тану белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградаларға ұсынылуы мүмкiн. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi қол жеткен жетiстiктерi үшiн ведомстволық наградалармен марапатталуы мүмкiн. Қылмыстық-атқару жүйесiнің ведомстволық наградаларының сипаттамасы және оларды беру тәртiбi нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.";
Тармақша 16
16) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
Бап 26-1. "26-1-бап. Адамның қылмыстық-атқару жүйесi органдарында (мекемелерiнде) қызметте болуына байланысты шектеулер
"26-1-бап. Адамның қылмыстық-атқару жүйесi органдарында (мекемелерiнде) қызметте болуына байланысты шектеулер
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандатпен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кiрумен, өзге де ақы төленетiн қызметтi атқарумен сыйыспайды.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерінің) қызметкерлерiне ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қандай да болсын саяси партияда болуға және оны жақтауға тиiс емес.
Тармақ 4
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң қызметтік парызын орындау барысында өзiне белгілi болған жеке өмiрi, отбасы және жеке құпиялар немесе заңмен қорғалатын коммерциялық, банктiк немесе өзге де құпиялар туралы мәлiметтердi пайдалануға, таратуға құқылы емес.";
Тармақша 17
17) 27-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Бап 27. "27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің арнаулы атақтары";
"27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің арнаулы атақтары"; 1-тармақтағы "Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мен анықтау қызметi қызметкерлерiне" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын; 2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
Тармақша 18
18) 28-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерінің жүктеме нормативтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
Тармақша 19
19) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2-баптармен толықтырылсын:
Бап 28-1. "28-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
"28-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық жалақыдан және арнаулы атағы үшiн төленетiн қосымша ақыдан тұрады.
Тармақ 3
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi нысанды киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi, олардың үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 28-2. 28-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары
28-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше немесе әскери жағдай режимi енгiзiлген, сезiктiнің, айыпталушының және сотталғанның қашуы, адамдарды кепiлдiкте ұстауы, жаппай тәртiпсiздiк, топтасып бағынбау не осылардың туындау қауіп кезiнде мекеме қызметкерлерiнiң оларды жою үшiн қажеттi мерзiмдегi жұмысы түсініледi.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысы үш айдан аспауы керек және демалыс күндерiмен өтеледi. Қызметкерлердi қызметтiң ерекше жағдайларында қызмет атқару жұмысына тартудың тәртiбi мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.";
Тармақша 20
20) мынадай мазмұндағы 29-1, 29-2, 29-3, 29-4, 29-5-баптармен толықтырылсын:
Бап 29-1. "29-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң демалыстары
"29-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң демалыстары
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне демалысын өткiзу орнына бару және қайту жолына кететiн уақыты есептелмей, ұзақтығы отыз тәулiк демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де демалыстар берiледi.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне ақы төленетiн қосымша демалыс еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен):
Тармақша 1
1) он жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы бес тәулiк;
Тармақша 2
2) он бес жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он тәулiк;
Тармақша 3
3) жиырма жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он бес тәулiк, бiрақ қырық бес тәулiктен аспайтын мерзiмге берiледi.
Тармақ 3
3. Биiк таулы мекендерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткеретiн қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң), тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан ұзақтығы қырық бес тәулiк кезектi демалыс берiледi.
Бап 29-2. 29-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қаза тапқан (қайтыс болған), мертiккен немесе ауырған жағдайда берiлетiн кепiлдiктер
29-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қаза тапқан (қайтыс болған), мертiккен немесе ауырған жағдайда берiлетiн кепiлдiктер
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiр жолғы өтем, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төлеу жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Бiр жолғы өтем төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қайтыс болған адамның отбасына соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
Тармақ 4
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiндегi жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, ауыруы салдарынан болған мүгедектiк белгіленген кезде, оларға:
Тармақша 1
1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;
Тармақша 2
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
Тармақша 3
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
Тармақ 5
5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, орташа мертiккен жағдайда - бiр айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл мертiккен немесе ауырған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
Тармақ 6
6. Егер қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi), ауыруы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiр жолғы өтемақы төленбейдi.
Бап 29-3. 29-3-бап. Жерлеу шығындарын өтеу
29-3-бап. Жерлеу шығындарын өтеу Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн үш айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
Бап 29-4. 29-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнің тұрғын үйге құқықтары
29-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнің тұрғын үйге құқықтары
Тармақ 1
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) күнтiзбелiк он жылдан астам қызметте болған қызметкерлер қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген өздерi тұратын тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жекешелендiрiп ала алады.
Тармақ 3
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесiнiң қайтыс болған қызметкерiнің отбасы басқа тұрғын үй ұсынылмайынша, қызметтiк тұрғын үйiнен немесе қызметтік тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үйден шығарылуға тиiс емес.
Тармақ 4
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерi Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк кәсiпорындарының тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
Тармақ 5
5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте белгiленетiн мөлшерде ақшалай өтем алуға құқығы бар.
Бап 29-5. 29-5-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары
29-5-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары
Тармақ 1
1. Шалғай жерлерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде шоғырланған қылмыстық-атқару жүйесiнің органдарында (мекемелерiнде) қызмет өткерiп жүрген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады.
Тармақ 2
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туберкулез мекемелерiнде және басқа да мамандандырылған учаскелерi мен мекемелерiнде қызмет атқаратын қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне медицина қызметкерлерiнiң осы санаттары үшiн заңнамада белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.
Тармақ 3
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) зейнеткерлерi iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен медициналық қызмет көрсетудi пайдаланады.";
Тармақша 21
21) 30-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
"2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң арнаулы құралдарды, атыс қаруын және оқ-дәрiлердi алып жүруге және сақтауға құқығы бар.";
Тармақша 22
22) 32-бап мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
Тармақ 4
"4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерi арнаулы құралдар мен тәсiлдер, қару қолдану арқылы зақым келтiргенi үшiн, егер олардың әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылса, жауапты болмайды.
Тармақ 5
5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қарумен, оқ-дәрiлермен, әскери техникамен және арнаулы құралдармен қамтамасыз етiледi, олардың тiзбесi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
Тармақша 23
23) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Бап 33. "33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
"33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты есепке аудару және оны нысаналы жұмсау үшiн ақылы қызметтер көрсету бойынша шоттары;
Тармақша 2
2) сотталғандардың өз ақшаларын есепке аудару және оларды пайдалану үшiн депозиттiк шоттары;
Тармақша 3
3) демеушiлiк және қайырымдылық көмек, оның iшiнде халықаралық көмектер бойынша шоттары болуы мүмкiн.";
Тармақша 24
24) мынадай мазмұндағы 34-баппен толықтырылсын:
Бап 34. "34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
"34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
Тармақ 1
1. Осы Заңның Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi жүзеге асыру бөлiгiне қатысты ережелерi 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 2
2. Осы Заңның қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiн күзету, сондай-ақ оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi мiндеттердi орындау бөлiгiне қатысты ережелерi қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 2007 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiледi.".
Бап 2. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.