Положение государственного учреждения "Аппарата акима села Жетыбай" Қолданыста
Басқа 0
Қарақия ауданының ауыл және ауылдық округ әкімі аппаратының ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы» № 294 бұйрығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекемелердің Ережелері осы қаулының қосымшаларына сәйкес бекітілсін:
Тармақша 1
1)осы қаулыға 1 – қосымшаға сәйкес «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 2
2)осы қаулыға 2 – қосымшаға сәйкес «Мұнайшы ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 3
3)осы қаулыға 3 – қосымшаға сәйкес «Сенек ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 4
4)осы қаулыға 4 – қосымшаға сәйкес «Бостан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 5
5)осы қаулыға 5 – қосымшаға сәйкес «Құланды ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 6
6)осы қаулыға 6 – қосымшаға сәйкес «Болашақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (одан әрі - Ережелер) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ауыл және ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жоғарыда көрсетілген Ережелерді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды;
Тармақ 3
3. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін,
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12
Қарақия ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «___»_________
№____ қаулысымен бекітілген
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Жетібай ауылы әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тармақ 2
2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық - құқықтық қатынастарға түседі.
Тармақ 5
5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымын Қарақия ауданының әкімдігі бекітеді.
Тармақ 7
7. Әкім аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы - «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима села Жетыбай».
Әкім аппаратының заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 130303 Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, Жаңақұрылыс шағын ауданы, құрылыс 1.
Тармақ 8
8. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Қарақия ауданының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
Тармақ 9
9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тармақ 10
10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Тарау 2. 2-тарау. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 11
11. Міндеттер:
Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
Тармақ 12
12. Функциялар:
Тармақша 1
1) «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауыл әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
ауылдың бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауыл бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
ауылдың бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
ауылдың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдың меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 2
2) «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
Қарақия ауданының әкімдігімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
мүлкі ауыл әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда келіседі;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:
мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
шарттар, келісімдер жасасуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
Тармақ 14
14. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс аудан әкімінің және ауыл әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
3-тарау. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 15
15. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін әкім басқарады.
Тармақ 16
16. Әкімнің өкілеттіктері:
әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
ауылдың тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауыл әкімдігі авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
Тармақ 18
18. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
Тармақ 19
19. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4-тарау. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 20
20. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.
Тарау 5. 5-тарау. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.