Об утверждении перечня международных товарных бирж, на которых производятся приобретение и продажа товара в рамках финансирования физических и юридических лиц в качестве торгового посредника путем предоставления коммерческого кредита на условиях последующей продажи товара третьему лицу Қолданыста
Басқа 0
Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының мына тізбесі бекітілсін:
Тармақша 1
1) Australian Securities Exchange;
Тармақша 2
2) Bursa Malaysia;
Тармақша 3
3) CME Group;
Тармақша 4
4) Dalian Commodity Exchange;
Тармақша 5
5) European Exchange (Eurex);
Тармақша 6
6) Hong Kong Exchanges and Clearing;
Тармақша 7
7) ICE Futures Europe;
Тармақша 8
8) ICE Futures U. S.;
Тармақша 9
9) Korea Exchange;
Тармақша 10
10) London Metal Exchange;
Тармақша 11
11) LSE Group;
Тармақша 12
12) NYSE Euronext;
Тармақша 13
13) Shanghai Futures Exchange;
Тармақша 14
14) Singapore Exchange;
Тармақша 15
15) Tokyo Commodity Exchange;
Тармақша 16
16) Zhengzhou Commodity Exchange.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тізбеге енгізілген халықаралық тауар биржаларының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігіне жартыжылдық негізде мониторинг жүзеге асырып тұрсын.
Тармақ 3
3. «Сауда делдалы ретіндегі жеке және заңды тұлғаларды тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 584 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.